Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ
Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
1693 материал табылды

Руханият • 22 Сәуір, 2020

Бүгін қос бірдей халық ақыны 70-ке толды

Бүгін ́́́́́ Тобылдың топжарғаны Әсия Беркенова мен  Отырардың от ауыз, орақ тілді һас жүйрігі Әселхан Қалыбекова 70 жасқа толып отыр. Екеуі бір жылда, бір айда, бір күнде дүниеге келген. Ел алдында да бірге жүріп, өткен ғасырдың сексенінші жылдары ұлттық өнер - айтыстың дамып, түрленіп, жаңа биікке көтерілуіне өлшеусіз үлес қосты.

Аймақтар • 22 Сәуір, 2020

COVID-19: Қостанай облысында 7 адамнан індет анықталды

Бүгін Жітіқарада 5, Қостанай қаласында 2 адамнан COVID-19 вирусы анықталғаны белгілі болды.   Жітіқарада індет жұқтырған 5 науқастың ең жасы 34-те, үлкені 62 жаста. Барлығы ер адамдар. Олар өздеріне дейін індетке шалдыққан адамдармен байланыста болған. Қазір науқастар ауруханаға жатқызылып, бекітілген хаттамаға сай тиісті емдеу шараларын алып жатыр.

Аймақтар • 21 Сәуір, 2020

Қостанай облысы: Денисов ауданында 39 жастағы ана мен оның 4 айлық қызынан індет анықталды

Қостанай облысының Денисов ауданында індет жұқтырудың 2 жағдайы анықталды.

Аймақтар • 21 Сәуір, 2020

Қостанай облысы: «Сарыбай» әлі бай

Eurasian Resources Group (ERG) компаниясына тиесілі Рудныйдағы Соколов-Сарыбай кенішінің шығыс беткейі қайта қалпына келтірілді. Алпауыт кәсіпорын  осылайша шығынды үнемдеп, кен қорын ұлғайтуды көздеп отыр. Бұл кәсіпорын жұмысын ілгерілетіп, мол мүмкіндіктерге жол ашады, - дейді кеншілер.

Аймақтар • 21 Сәуір, 2020

Қостанай: Полицейлер 7 адамды өрттен құтқарып қалды

Жексенбі күні Қостанай қаласының іргесіндегі Мичурин кентінде қызмет бабымен жүрген полицейлер Садовый көшесіндегі бір үйдің шатыры жанып жатқанын байқап, дереу көмекке ұмтылады. Тәртіп сақшылары үйге кіргенде, іште 6 ересек адам мен 1 жас бала бөлмелерінің есігін тарс жауып алып үстінде өрт тұтанып жатқанынан бейхабар алаңсыз отырған.

Аймақтар • 21 Сәуір, 2020

Қостанай: Дезинфекциялық сұйықтық шығаратын жаңа өндіріс іске қосылды

«Ауыл» партиясының облыстық филиал өкілдері биотехнологиялық ғылыми жетістіктерін өндіріске енгізу арқылы індетке қарсы күреске үлес қосуда.  М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің доценті, техника ғылымдарының кандидаты Валентин Хаданович өз кәсіпорны «Азимут» серіктестігінде антисептик шығаратын жаңа өндірісті жолға қойды.

Аймақтар • 21 Сәуір, 2020

Қостанай облысы: Бір тәулік ішінде 40 адам әкімшілік жауапқа тартылды

Аймақта карантин жарияланғалы полиция 3 күн бойы облыс тұрғындарына шектеу тәртібін түсіндіру, төтенше жағдай кезінде тәртіп бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын жүргізді. Үш күн өтті, карантиннің төртінші күнінен бастап тәртіп те, талап та күшейді.

Аймақтар • 21 Сәуір, 2020

Қостанай облысы: Тағы 4 адамнан індет анықталды

Жітіқара қаласында тағы төрт адамнан індет анықталды. Ресми мәлімет бойынша, науқастардың екеуі – ер адам. Бірі - 1968, екіншісі - 1990 жылы туған. Қалған екеуі – 1962 және 1989 жылғы әйел адамдар. 

Аймақтар • 20 Сәуір, 2020

Қостанай облысында бірінші індет жұқтырған науқас ауруханадан шықты

Тобыл қаласында 3 сәуірде госпитальға түскен әйел бүгін айығып, ауруханадан шықты, - деп хабарлады денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметі.

Аймақтар • 20 Сәуір, 2020

Жітіқара қаласында бір күн ішінде 6 адамнан індет анықталды

Бүгін сағат тілі таңғы 10-ға таяғанда  – төртеу, түскі 12-де – біреу, кешкі сағат 18-де тағы біреу. Жітіқарада бір күннің ішінде осымен алты адамнан COVID-19 індеті анықталды. Бүгін тоқтай ма, тоқтамай ма, белгісіз.