Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ
Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
1596 материал табылды

Аймақтар • 08 Наурыз, 2021

Қостанайда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау орталығы ашылады

Қостанай облысында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту жөніндегі ресурстық орталық ашылады. Мұнда әйелдерге бизнес ашу және кәсіп жүргізу туралы кеңес беріліп, әдістемелік қолдау көрсетілетін болады.  Бұл туралы Елорда төрінде өткен «Әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту тетіктері» атты сараптамалық отырыстаайтылды.  Жиынға Қостанай облыстық кәсіпкерлер палатасы жанындағы іскер әйелдер кеңесінің өкілдері де қатысты.

Аймақтар • 07 Наурыз, 2021

Қостанай облысының әкімі 100 жастан асқан әжелерді құттықтады

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов 100 жастан асқан 3 кейуананы құттықтады.  

Аймақтар • 07 Наурыз, 2021

Қостанай қазақ театры көрермендерімен қайта қауышты

І.Омаров атындағы Қостанай қазақ драма театры ұзақ үзілістен кейін қайта шымылдығын түрді.

Аймақтар • 06 Наурыз, 2021

Қостанайлық «Тобыл» Қазақстан суперкубогын жеңіп алды

Бүгін Түркістан қаласындағы «Түркістан-арена» стадионында «Астана» футбол клубы мен қостанайлық «Тобыл» Қазақстан суперкубогы үшін финалдық кездесу өткізді.

Аймақтар • 05 Наурыз, 2021

Қостанай облысында «Көктем - 2021» оқу-жаттығу шарасы өтті

Қостанайда 4-5 наурыз аралығында «Көктем-2021» атты республикалық оқу-жаттығу өтті. Шараның басты мақсаты – азаматтық қорғаныс жүйесі күштері мен техникалық құралдарының көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындығын пысықтау.

Аймақтар • 05 Наурыз, 2021

Бақытын «Баян сұлудан» тапқан

Қостанайдағы «Баян сұлу» кондитерлік фабрикасында бүгінде 1 мыңнан астам қыз-келіншек еңбек етеді. Компанияның өндірістік бөлім бастығы Наталья Шаповалова – іргелі кәсіпорынның тоқсаныншы жылдардағы тоқырау кезеңіне де, кейін мемлекеттің қолдауымен келген фабриканың жаңару, жаңғыру, өркендеу дәуіріне де куә болған тәжірибелі маман.

Аймақтар • 04 Наурыз, 2021

Қостанай облысында кеніш жүк көліктерін әйелдер жүргізеді

Қостанай облысында доңғалағы кісі бойынан асатын кеніш жүк көліктерін жүргізетін әйелдер бригадасы жасақталды. Жүрегі нәзік, білегі мығым тоғыз келіншек таяуда «Профи» оқу орталығындағы 3 айлық қысқамерзімді курста кен таситын көліктің қыр-сырын меңгеріп, арнайы мамандық алып шықты. Біліктілік емтиханын сәтті тапсырған олар бірден кен орнына аттанған. Жүргізуші әйелдер бригадасы қазір Жітіқарадағы «Комаров» тау-кен кәсіпорнында кен тасып жүр.  

Аймақтар • 04 Наурыз, 2021

Қостанай облысында ақылы жолдар пайда болады

Биыл «Қостанайдан Екатеринбург бағытындағы Ресей шекарасына дейінгі автожол жүк көліктері үшін ақылы болады. Бұл мәселе жөнінде «ҚазАвтоЖол ҰК» АҚ-ы «Нұрлы жол» мемлекеттік инфрақұрылымдық даму бағдарламасы аясында қоғамдық тыңдау жиындарын ұйымдастырды.  Қостанай қаласы мен Қарабалық, Федоров, Қостанай, Әулиекөл аудандарында өткен қоғамдық тыңдауларда тұрғындарға алдағы уақытта тест режімінде пайдалануға берілетін ақылы жолдың жұмыс жүйесі, төлем әдістері мен атамыш салаға қатысты заң талаптары түсіндірілді.  

Аймақтар • 04 Наурыз, 2021

Лисаков қаласында теннис орталығы пайдалануға беріледі

Лисаков қаласында теннис орталығы пайдалануға беріледі. Жалпы ауданы 2 мың 16 шаршы метр спорт нысанының жалпы құны -  312,9 млн теңге болады.

Аймақтар • 04 Наурыз, 2021

Жолаушыға жәутеңдеген жануар

Қостанай өңірінде өткен аптада болған боранның «жыры» әлі таусылар емес. Табиғаттың дүлей мінезі адам түгілі – жаны сірі жабайы жануарларға да оңай тимепті.