Қоғам • 28 Қараша, 2022
Қазақстанда алғаш рет Астана қаласының мемлекеттік архиві базасында Swiss-sasem Open Space Astana мәдени-ағарту жобасы ұсынылды. Бұл – Швейцарияның Экономика және менеджмент жөніндегі қолданбалы ғылымдар мектебімен бірлескен бастама. Оның тиімділігі сол, оқырманға қажет дүниеге еркін қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Медицина • 27 Қараша, 2022
Қатерлі ісікті емдеудің жаңа әдісі
Жетісуда алғаш рет облыстық көпсалалы клиниканың директоры Мадияр Өмірбаевтың басшылығымен радиожиілік абляциясын пайдалана отырып, қатерсіз және қатерлі ісіктерді емдеудің жаңа әдісі енгізілді. Бұл тәсілдің өңір тұрғындарына онкологиялық көмек көрсетуде маңызы зор.
Спорт • 25 Қараша, 2022
Әлемдік додада жүлделі болу үшін спортшыға үлкен жүрек қажет. Бұл – мектепте оқып жүріп, үлкен спортқа үйір болған оқушы үшін де басты міндет. Мұны Талдықорғандағы Назарбаев зияткерлік мектебінің шәкірттері жақсы түйсінеді. Оған Біріккен Араб Әмірліктерінде джиу-джитсуден жеңімпаз болған жастар дәлел.
Экономика • 24 Қараша, 2022
Қоғалының қызыл картобы қайда?
Қазіргі Кербұлақ аймағы Гвардия ауданы аталып тұрған шақта алыстағы Алматыға жылына 24 мың тонна картоп жеткізетін. Бұл – ел сүйсінген Қоғалының қызыл картобы еді. Сол ауылдың тұрғындары Ресейге қарай беттеген вагон-вагон көкөністі көзбен көрген. Кеңшарлар әр гектарға 4 тонна тұқым сеуіп, 8 тонна өнім алған екен. Қазір мұның бәрі аңыз сияқты. Әйтсе де, сол ел қызыққан Қоғалының қызыл картобы қайда?
Аймақтар • 24 Қараша, 2022
Жетісуда «Hubei Kelison» индустриалды паркі құрылысының жобасы тоқтап тұр. 2020 жылы басталған «Қазақстан-Қытай халықаралық өнеркәсіп қаласы» деп аталатын өндірістер мен логистикалық қызметті ұйымдастыру жоспарының әзірге 10 пайызы ғана орындалған.
Қоғам • 22 Қараша, 2022
Көгілдір отынды үйге қосудың қиындығы
Жетісулықтар «әне келеді, міне келеді» деп көгілдір отынды құтты қонақтай күтіп жүр. Мердігер компаниялар құбыр тартуды межелі күнге дейін бітіргенімен, атқарылған істен шикіліктер шыға береді. Мәселен, Талдықорған қалалық газ желілерінің 80 пайызы тексеріліп, газ кемуіне қатысты 19 факті анықталды. Ал газды тұрғындар үйге тартайын десе құны қымбат. Халық жергілікті әкімдікке наразы.
Қоғам • 21 Қараша, 2022
Бие сүтінің мың да бір ауруға ем екеніне ешкім күмән келтірмес. Қазақтың «ағы бардың бағы бар» деп бекерден бекер тәпсірлемесі тағы аян. Сүттен айран, қатық, құрт әзірлеген аналарымыздың жылы-жұмсақ дәмі қашанда тәбетті ашады. Ал енді «саумалдан сабын дайындады» дегенді бұрын-сонды естіп пе едіңіз? Естімесеңіз, Қапалға келіңіз.
Аймақтар • 20 Қараша, 2022
Жетісу облысында жас жұбайлар сайлау учаскесіне барды
Некелері қиыла салып, сайлау учаскесіне дауыс беруге келген жас жұбайлар елді таңғалдырды, деп жазады Egemen.kz.
Сайлау • 20 Қараша, 2022
Жетісу облысы Жаркент қаласында алғашқылардың бірі болып, қала тұрғыны, 100 жастағы қария Зейнелхан Оспанова дауыс берді. 12 құрсақ көтерген «Алтын алқа» иегері саналы ғұмырында барлық саяси науқанға белсенді қатысқанын айтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сайлау • 20 Қараша, 2022
Жетісу облысындағы Үштөбе қаласында бірқатар сайлау учаскесінде ойын ұйымдастырылып, сайлауға келген сайлаушылар викториналық сұрақтарға жауап беріп, сыйлыққа қол жеткізді, деп жазады Egemen.kz.