Мұхтар КҮМІСБЕК
Мұхтар КҮМІСБЕК«Egemen Qazaqstan»
888 материал табылды

Аймақтар • 15 Тамыз, 2022

Достық бесігі

Корей халқының қазаққа деген құрметі бөлек. Әсіресе ата-бабалары кер заманда Жетісу жұртын паналаған олар күні бүгінге дейін достық пейілін төгіп келеді. Соған орай Қаратал ауданына қарасты Бастөбе ауылында Оңтүстік Корея жұрт­шылығының атынан «Достық» мону­менті мен мемориалы ашылды.

Тарих • 14 Тамыз, 2022

Бұрынғы қолжазба – бүгінгі қазына

Қазақтың Қадыр ақыны қалай тауып айтқан дерсіз… «Біздің тарих бұл-дағы қалың тарих, оқулығы жұп-жұқа бірақтағы» дейтін сөзінде үлкен шындық ұйып жатқандай. Еуропаны әрі асып, жердің екінші бетіне аяқ бассаңыз да қазаққа қатысы бар құнды құжаттар менмұндалайды. Сөзімізге дәлел – Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы ұйымдастырған Ыстанбұл қаласындағы археографиялық ғылыми-іздестіру экспедициясы. Бұл сапар ұлт руханиятына рең беріп қана қойған жоқ, тарихты тағы бір рет түрлендірді.

Өнер • 14 Тамыз, 2022

Эрмитаждағы «Балық дүкені»

Франс Снай­дерс. Бізге бей­мә­лім су­рет­ші. Ата-тегі – фламанд. Ба­рокко сти­­лінің нақ шебері. Иә, бізді қы­зық­тыр­ған осы өзгеше стиль. Оның кар­­тинасында өмір қайнап жа­тады. Қас-қағым сәт қана емес, бір адамның бар ғұмырынан сыр тартады.

Медицина • 11 Тамыз, 2022

Корей медицинасымен байланыс кеңейді

Әлемде медицина саласында корей халқының бәсі жоғары. Сондықтан қазақстандық дәрігерлер корейлік әріптестерімен өзара тәжірибе алмасып тұрады. Жақында Же­тісуға білікті мамандардың бір бөлігі келді. Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханасында Оңтүстік Корея Республикасындағы әйгілі Чунан университеті «ХЕНДЭ» ауру­ханасының мамандары халыққа көмек көрсетті.

Білім • 11 Тамыз, 2022

ІТ мамандарын даярлауға үлес

Талдықорған жоғары политехникалық колледжі NCCER құрылыс саласындағы ұлттық оқыту және зерттеу орталығында аккредиттеуден өткен оқу орталығы мәртебесін алуға ниетті. Осы мақсатта колледж халықаралық салалық бағалаудың үшінші кезеңін аяқтады. Сондай-ақ Германияның Аға сарапшылар қызметімен бірлесіп ынтымақтастық жобасына қатысуды жоспарлап отыр.

Таным • 10 Тамыз, 2022

Жауынгер жыр

Архивті ақтарсаңыз әртүрлі оқиғаға тап боласыз. Әуелде сенбейсіз, артынан алай-дүлей күй кешесіз. Таным дерегіңіз тағы бір сатыға өседі. Сол сырлы да мұңлы мұрағаттарды тозаңнан тазартсаңыз, ар жағында ұлттың рухы менмұндалап шығады. Сөзімізге дәлел – қазақ батырының ерлігіне қайран қал­ған орыс ақынының өлеңі. Кімге арнаған дейсіз ғой? Шығыстан шыққан жалғыз ұшқыш – Талғат Бигелдиновке! Бізді тебіренткен сол жырдағы қазақ баласының жасампаз жігері.

Аймақтар • 10 Тамыз, 2022

Шипалы сулар шежіресі

Күншығыс елі бүгінге дейін суға тәуелділікті зерттеп әлек. Мұны­сымен қоймай, әр тамшы­ның тілін табуға бар күш-жігерін сарқуда. Онысы орынды да. Дегенмен мұхит жағасында орналасқан елдің айтқандары қоспасыз шын­дық екеніне шек келтіре алмайсыз. Себебі тасты тесіп, дүлей екпінімен небір жарды, бөгесінді орып түсетін осынау стихия бо­йында қандай да бір құпияның бүгіп жатқаны айдан анық. Әйт­песе, Жетісудың шипалы суынан ем іздеп келетіндердің қарасы көп болмас еді ғой.

Өнер • 10 Тамыз, 2022

Цирк

Кенеп боялмаса да оның айтар ойын ұғуға болады. Кейде мыңдаған түсті бір картинаға жинасаңыз да, сіздің жүрегіңізді селт еткізбеуі мүмкін. Мұны француз импрессионист суретшісі Жорж-Пьер Сера жақсы түйсінді. Содан да болар «Циркті» аяқтай алмады. Соңғы бөлігін жазуға оқталғанда, шеберхана есігін ажал келіп қағады.

Өнер • 08 Тамыз, 2022

Махаббат әуені

Қолына қылқалам ұстағанда алдымен суретші не ойлайды екен? Ал ақын ше? Шабыттың пырағына мініп, аспан әлеміне ес-түссіз еніп кетердей, жерден жырақ, ай құшағында аласұра ма? Әлде кеңістіктен ауадағы жазуларды қағазға қондырып, қиялымен қол ұстаса ма? Қалай ойлайсыз? Біздіңше, өлеңнің жұмбағы – өмірдің жұмбағы, ал кенептегі көрініс – тағдыр бояуы секілді…

Аймақтар • 05 Тамыз, 2022

Ауыл жастарының аламаны

Ауыл балаларының ауызбіршілігін нығайтып, берекеге ұйытқан жасөспірімдер арасындағы республикалық IV жазғы ойындар додасы өз мәресіне жетті. Талдықорғанда ту көтерген жалынды жастар 3 күн қатарынан бақ сынады. Дүбірге бөлеген байрақты бәсекенің жабылу салтанатына Жетісу облысы әкімінің орынбасары Рустам Әли қатысты.