Елорда • 25 Наурыз, 2021
Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік архивіндегі құнды құжаттарға үңілсеңіз астанада алғаш рет наурыз мерекесі қашан аталып өткені туралы деректер кездеседі. 1990 жылғы Целиноград қалалық мәдениет бөлімінің есебіне сүйенсек, астанада ең алғаш Ұлыстың ұлы күні 1989 жылы тойланған екен. Ақсақалдардың ақ батасымен өрілген құтты мерекеге кеңес идеологиясы құлағына сіңіп кеткен жастар жағы бой үйрете алмаса да, үлкендердің ізетті жолымен жүруге тырысқан. Бұған қолдағы құнды құжаттар куәлік етеді.
Қоғам • 24 Наурыз, 2021
Маң-маң басқан ғасырлардың ізіне түссеңіз мұқым түркі жұртының толағай тұлғасы менмұндалап шығады. Сақи дүниеде салтанат құрған бабаларымыздың бауырға басқан бар ізгілігі сарқырап аққан бұлақтай көңіл дариясына құяды келіп. Уығы аспанға ұмсынған ұлттың көкірек көзіне дәл осы күні ыстық жүректің алқымындағы алғаусыз жас ұйиды. Жаңа жылда бейтаныс бір сезім бойды билеп, көктеме лебі жан ерітеді. Содан ба Ұлыстың ұлы күні балбал тастарға басымызды сүйеп жылардай күй кешетініміз бар. Бұл – толайым тарихтың таңғажайып сыйы, сарқылмас сарқыты.
Қоғам • 20 Наурыз, 2021
Әз-Наурыз, әуен наурыз, әзіз наурыз, қосақта бақытына жанды жалғыз. Көркейтіп дүниенің кеңістігін, толсыншы төрт түлікке өріс бүгін. Дәстүрлі Алашымның дәріптеліп, байырғы бабамызға еліктелік. Солардай бой түзейік тауға қарап, арманын алыптардың арға балап. Солардай ұстанайық салтты мығым, қайталап дәуірлердің даңқты жырын. Солардай ізгілікке шөл қандырып, әлемді ғұмыр бойы таңғалдырып. Күзетіп жайсаң жұртың тыныштығын, шашайық жырдан жақұт, ырыс гүлін. Қош келдің, қоңыр жүзді Ұлыс күні, мендегі мейірімнің нұр ұшқыны. Сенбісің, тарихымның тәбәрігі, жанға егіз жақсылықтың жаңа жыры.
Өнер • 16 Наурыз, 2021
Алшаңдап басқан, аршындап шапқан Алаш баласының басынан талай ғасыр аунаса да көмейінен шыққан күмбір уақыт құлағында мәңгі қалды. Құзғын жылдар тұяққа басқанымен қазақтың қоңырау үні құмығып шыққан емес. Ұлы даланың уысында еркін көсілді, еркіндікті еншіледі. Тарих тақтасына жазылған жақұт жазбалар баба рухының асқақтығын айғақтады. Ұлысты ұрпақ соған қарап ұрдажық дәуірді кескіндеді. Болашақ қолындағы қалам тербелді, қылқалам сөйледі. Бұл сурет – соның бірі.
Руханият • 15 Наурыз, 2021
Құмсағат ғұмырдың қызығына түсіп қалаға қарай қырбайладық. Қара жол хан шаһарға тартты. Қаракөз қалды жаутаңдап. Қараорман армандардың арасында адастық. Қариялар «көңіл қам болмасын» деп қалтасындағы мен кеудесіндегінің бәрін жиып берді. Дүниеге жаңа өрнек салардай желпіндік келіп. Бірақ құлақтан кекілін артқа тараған албырт күндердің әуені кетпейді. Неге? Не себепті? Оның жауабы осы картинада.
Әдебиет • 14 Наурыз, 2021
Талдықорған әкімдігі Жұматай Жақыпбаев пен Ғали Ормановты ажырата алмай ма?
Талдықорған қаласының әкімдігі желідегі ресми парақшасында «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған мақалаға жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 11 Наурыз, 2021
Рас, бұл тақырыпты атақты жазушы Халид Хусейннен тікелей сұрай алмасым анық болғасын, тікелей «ұрлап» алып отырмын. Түсінесіз бе, тек қана тақырып үшін. Тақырып болғанда да тиісінше менің өмірімнің ең шуақты сәтін сызып беретін балалық шаққа сәл ғана саяхат жасап көру ниетімен. Себебі, «батпырауық» деген сөздің өзі балалық шақтың балбалтасы дегендей әдемі естіліп, ескі күннен жаңғырып-жаңарған жаңа лента ұсынады.
Қазақстан • 11 Наурыз, 2021
Бұл көктем де адамзаттың алғашқы көктемі сияқты. Мезгілдің мерейлі сәтінде дүние кемесі басқа арнаға бұрылардай көңілің әлденеге зарық болады да тұрады. Аңсар жүректің әуеніне құлақ тоссаңыз, сұлу салған ән жаныңызды баурай жөнеледі. Жаңарған жасыл әлемнің құшағында жаныңыз ләззат табатындай. Әйтсе де ештеңе өзгерген жоқ, бәрі де бәз-баяғыдай. Тек терезеден көктем қарап тұр. Адамзаттың алғашқы көктемі секілді.
Руханият • 09 Наурыз, 2021
Жо-жоқ, бұл мақаланы жазуға көктемнің түк қатысы жоқ. Әйтсе де әңгіме ауаны сұлулық символына айналған Мэрилин Монро жайлы. Бірақ біз әртіс хақында ғана емес, әйел затының әдемілігі турасында сөйлескіміз келеді. Әрине, парасат биігінде. Солай дегеннің өзінде, тіпті сіз ойлағандай сұлулыққа қойылар талап өзгергенімен әдемілікке келгенде әйгілі әртістен айналып кете алмасымызды түсіндік.
Руханият • 05 Наурыз, 2021
Сұлулыққа мұнша құштар болармысың, дүние! Орыс қызының теңіз жанары тағы да алдымыздан шықты. Көңілге іңкәр бейнесі күлімсіреп қарап тұр. Маған, сізге, оған... бәрімізге бірдей көзқараста. Оның келбетіне ұзақ үңілген сайын қымсынамыз. Құдды, өзіне сонша сүйсінгенімізге өкпелейтіндей.