Руханият • 11 Ақпан, 2021
Нұр-Сұлтандағы мемлекеттік архив ескі құжаттарды жаңғыртуда
Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік архивінде мұрағаттағы 1920-1930 жылдар аралығындағы құжаттарды өңдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Руханият • 11 Ақпан, 2021
Кенепке түскен әрбір бояу суретші қиялынан туған шығарма. Француз жазушысы Антуан де Сент-Экзюпери «біздің шыққан тегіміз балалық шақ» дегеніндей, кейбір көркем туынды балдаурен сәттің көркем естелігіндей көңілге ыстық келеді. Сол алаңсыз шақтар – ең аяулы күндердің кітапханасындай. Біз заманауи суретші Мейіржан Нұрғожиннің «Ұшақ, ұшақ..» атты туындысынан соны аңғардық.
Таным • 10 Ақпан, 2021
Өз заманының заңғар тұлғалары саналы жанның рухани кемелденуіне негіз болып, рухизаттың шөл басар кәусар бұлағына айналуымен биік. Олардың жүрек көзін ашар жауһар туындылары ұрпақ жадында гүлдеп, уақыт сандығында мәңгі сақталады. Сондай алыптардың қатарында түркі жұртының текті перзенті Әлішер Науаи де бар. Сол мүддені негізге алып, Халықаралық Түркі академиясы абыз ақынның 580 жылдығына орай «Шығыстың жарық жұлдызы» атты шара өткізді.
Таным • 09 Ақпан, 2021
Ақпан келе Аспантаудың аясына әдеттегідей қалың қар қонады. Мақсат-тілек жетпейтін зәу биіктен қалқып түскен ақ ұлпалар Қарасудың арнасын тасытардай алқынады келіп. Ертеде Елшенбүйрек етегінде тербеле аққан осы ерке өзенге терең көз салып, қара бала балық аулаушы еді-ау. Тағдырына арқау, тектілігіне тіреу болған маңғаз топыраққа табаны талай қызған-ды. Хантәңіріне арқасын тіреп, Қарасазды қара өлеңмен әрлейтін сонда.
Руханият • 08 Ақпан, 2021
Ұлттық музейде «Бір туынды тарихы» жобасы аясында Қазақстанның Халық суретшісі Әубәкір Ысмайыловтың 1981 жылы тау пейзаждары жанрымен салынған «Биік таулар» картинасы көпшілікке таныстырылды.
Руханият • 08 Ақпан, 2021
Талайларды тамсантқан Тақиялы періште еді
Рухани биікке «крансыз» көтерілген адам. Өмірдің бар ізгілігімен науаттанған жар басынан мөлдір суға үңілген жасыл емен тәрізді. Қарапайымдылықтан құйылған тау тектес мүсін бе дерсің. Жезайыр жазушы Асқар Сүлейменов «Жалғанның жалғандығын жылқының жанарынан асырып көрсетер айна қане?» дейді емес пе? Сол айна Әлімғазы атаның қарашығында бар еді. Осындай алып денеге тұнық көлдей көгілдір көз қайдан біткен деп қайран қалатынбыз. Мінезі көркем жанның қашанда маңайына жақсылық үйір ғой. Батасы – дәтке қуат, жанға суат-тұғын.
Руханият • 05 Ақпан, 2021
«Ақынды елі елемесе, сол қайғы...»
Талдықорған қаласында өткен жыр жұлдызы Жұматай Жақыпбаевтың еске алу кешінде Халық жазушысы Қуандық Шаңғытбаев «Жетісулықтар, жарты байлықтарыңды сатсаңдар да ақынға арнап көше беріңдер» деп тебірене сөйлеген екен. Сол жылы лебіз Жетісу жұртының жадында. Сонда билік басындағылар туған ауылының іргесіндегі алма бақты тарту етпекке уәде етіпті. Міне, содан бері ширек ғасырдан асты. Ақынның туған топырағы тырп етер емес. Осыдан үш жыл бұрын облыс әкімі Амандық Баталов халық алдында уағда байласып, арнайы тапсырма бергенімен, мәселе оң шешімін тапқан жоқ. Әлі де кеш емес дейміз-ау, әйтсе де...
Тарих • 04 Ақпан, 2021
Алаш қайраткерлерінің жеке заттары елге қайтарылса...
Өткеннің қасіреті жүректен өшпесі анық. Азаттық үшін арпалысқа түскен ұлы тұлғалардың ерлігі ұрпақ жадынан алыстамайды. Оған дәлел, Ұлттық музейде өткен «Саяси қуғын-сүргін құрбандары және олардың музейлік құндылықтары» атты онлайн-дөңгелек үстел мәслихаты.
Экономика • 04 Ақпан, 2021
Артта қалған архив саласы алға қашан жылжиды?
Әлем елдері жұқа жазба байлығын жаңғыртуда. Бұл – рухани түлеудің басты тетігі. Ал біз етжеңді жәдігерлерімізді елеп те отырған жоқпыз. Қараңыз, архив саласына алдағы уақытта мыңға жуық маман қажет болады екен. Бақсақ, елімізде сол мамандарды даярлайтын – жалғыз Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ғана. Оған бөлінетін грант саны бірен-саран.
Қоғам • 29 Қаңтар, 2021
Жаңа графиканы енгізу – қазақ тілінің ауқымды реформасы
Ғалымдардың айтуынша, жетілдірілген әліпби халқымыздың жазу дәстүрінде орныққан «бір дыбыс – бір әріп» принципіне толық сәйкес келеді. Яғни бір дыбысты екі немесе одан көп таңбамен белгілеу принципі қолданылмайды. Жаңа әліпби жобасында қазақ тілінің 28 дыбысы толық қамтылған. Жетілдірілген әліпбидің ерекшеліктері мен оның емелесі, пернетақтада орналасу реті, және өзге де мәселелер бойынша анық-қанығын жұртшылыққа жеткізу мақсатында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Әділбек Қабамен сұхбаттасқан болатынбыз.