Қоғам • 31 Тамыз, 2020
Әлқиса қазақтың ақжүрек пейілін әңгімеге арқау етсеңіз неден бастар едіңіз. Жарлығы жалғыз атың сойып беретін әдетін айтасыз ба, жоқ жауын да сүйсінткен жомарттығын жазасыз ба? Әлде "әр қазақ менің жалғызым" деп баз біреуге жасаған жәрдемін жіпке тізесіз бе? Қалай десеңіз де, көңілі дария халықтың басы біріксе жақсылық жасауға бейіл келетіні бізге аян. Оған дәлел бүгінде "Харекет" қайырымдылық қоры.
Қаржы • 25 Тамыз, 2020
Қаржы министрлігі тиісті заң арқылы мемлекеттік сатып алуларды толығымен автоматтандыруды көздеп отыр. Яғни тендер кезінде конкурстық комиссиялар болмайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында Қаржы министрлігі Мемлекеттік сатып алу заңнамасы департаментінің директоры Сәбит Ахметов айтты.
Қоғам • 25 Тамыз, 2020
Ескірген электр стансалары (Тарифті төмендетуге не кедергі?)
Әлем бойынша электр қуатының 20 пайызы жарықтандыруға жұмсалады. Сондықтан білікті мамандар заманауи жарық беру технологияларын ұсынуда. Сол арқылы тұтынушылар электр энергиясын едәуір үнемдейді. Қарапайым халықтың да қалтасына салмақ салмайды. Өкінішке қарай, еліміздегі электр стансаларының 60 пайызы ескірген. Бұл алдымен тарифті тұрақтандыруға қолбайлау болып отыр. Халықтан түскен табыс ескіні жаңартуға жетпейді.
Экономика • 21 Тамыз, 2020
Шикізат емес экспортқа басымдық беріледі
Соңғы 2 жылда ішкі тауар айналымы 11 пайызға өсіп, 37,5 трлн теңгеге жетті. Алайда осы жылдың алғашқы 6 айында көрсеткіш 6,9 пайызға төмендеп кетті. Дүние жүзін шарпыған пандемия ішкі және сыртқы нарыққа кері әсерін тигізбей қоймады. Сауда және интеграция министрлігінің хабарлауынша, соның салдарынан сауда саласындағы инвестициялар көлемі 48 пайызға азайды.
Руханият • 14 Тамыз, 2020
Ажал тау сыртында емес, ту сыртында дейді қазақтың ішкі пәлсапасы. Ал біз небір алапатты көрген ата мәтеліне илануға бейілміз. Дүние дидары бояуы ағып түскен сұлудай. Баяғыдай сұқтана қарай алмайсың. Әртүрлі ойлардың арбауына түсіп, құлағына құлық қатып қалған пендедей жақсының сөзін жүре қабылдауға көштік. Әлеуметтік желінің әуеніне төңкерілген әлеуметті сабырға шақырып, бауырға басу мүмкін емес. Қорқынышымыз бен алқынысымыз қатар шабуда. Көктен кесапат төнгесін, жаныңды үрей билемей қоя ма?
Экономика • 06 Тамыз, 2020
Стартаптар марафоны – кәсіпке жаңа бағыт
Astana Finance Days аясында 8 елден 15 финтех-стартап Орталық Азия корпорацияларына өз шешімдерін ұсынды.
Қоғам • 04 Тамыз, 2020
Оқырмандар онлайн олимпиадаға ой қосты
Жуырда бас басылымда «Онлайн олимпиадалар ойды жетілдіреді» («EQ», 21 шілде, 2020 жыл, №138) атты мақала жарық көрген еді. Мектеп қабырғасында қатысуға міндеттелетін пәндік олимпиадалар көбінесе қатысушылардың пікірін ескере бермейді. Бұл бүгінге дейін күрмеуі шешілмей келе жатқан түйін. Осы мәселеге бейжай қарамаған оқырмандардың пікірі сан алуан.
Қоғам • 03 Тамыз, 2020
Түбінде адамдар Жермен де қоштасатыны анық. Ғалымдар ғаламшардың тұрақсыздығына тіс батыра алмай отыр. Америкалық ғалым Робин Хэнсонның айтқаны айдай келді-ау дейсіз қазір. Оның: «Бізде Жерді жоюға жетерлік технология бар, бірақ апат болған жағдайда аман алып қалатын технология әзірлемедік», деген тұжырымдамасы ойлантпай қоймайды. Әлемдегі жағдайдың астарына қараңызшы. Әйтпесе Илон Маск неге Марсқа асығады?
Технология • 31 Шілде, 2020
Карантинен кейінгі мүмкіндіктер
Astana Finance Days аясында COVID-19 вирусына байланысты карантинінен кейін корпорациялар мен стартаптар үшін ашылуы мүмкін жаңа мүмкіндіктер тақырыбы талқыланды.
Үкімет • 30 Шілде, 2020
Кәсіпкерлерді қорғауға көңіл бөлінуде
Орталық коммуникациялар қызметінде Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовтің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Жиында шағын және орта бизнесті, жалпы экономиканы қолдау бағытында қабылданып жатқан шаралар туралы айтылды.