Мұхтар КҮМІСБЕК
Мұхтар КҮМІСБЕК«Egemen Qazaqstan»
855 материал табылды

Аймақтар • 29 Қазан, 2023

Медициналық жабдық тарту етті

Үлкен қалаларға халықты сабылдырмау үшін, өңірдегі медицина саласын дамыту қажет. Бұл әрі ауылдағы ағайынның қалтасына артық жүк болмайды. Осы ретте облыстағы денсаулық сақтау мекемелеріне 9 мобильді ультрадыбыстық жүйе тегін берілді. Енді жетісулықтар жүрек-қан тамырлары ауруларынан, өкпе дертінен ертерек айыға алады.

Аймақтар • 24 Қазан, 2023

Шағын аудандарға газ келді

Мерейлі мереке қарсаңында Жетісудағы ақжолтай жаңалықтар тиегі ағытылды. Әсіресе шалғайдағы ауыл-аймақтар көгілдір отынға қол жеткізіп, көңілдері бір марқайып қалды. Тіпті Сарқан ауданының үш ауылында блок-модульдік медициналық пункт іске қосылды. Ал Жаркентте жаңа балабақша есігін ашып, спорт мекемесінің лентасы қиылды.

Тағзым • 23 Қазан, 2023

Еңбек батырының еңсесі биік

«Дала академигі» атанып, елінің абыройын аспанға көтерген алып тұлға Нұрмолда Алдабергеновтің халқына көрсеткен қыз­­меті қыруар. Қамшының сабындай ғана қысқа ғұмырында омы­рауына қос «Алтын Жұлдыз» тақты, қазақ қаламгерлерімен үзең­гі­лес дос-жаран болды. Қонаевтың сеніміне ие болып, аядай ауылын әлемге танытты. Сол еңбек батырының ерлігін ұлық­та­ған жерлестері Талдықорған төріне ескерткіш бюст орнатты.

Кәсіпкер • 18 Қазан, 2023

Жиһаз жасайтын кәсіпкер

Қазір әрбір тұрғын ақшалы болғысы келеді. Бірақ, артық еңбек етуге ерінеді. Ал мемлекетке жаутаңдаған адам ешқашан байы­май­тыны анық. Сол үшін қолдан келер істің шешімін тауып, жеке кәсіпке бет бұрған абзал. Мәселен, кәсіпкер Айболат Махай секілді. Ол Балпық би ауылында жиһаз өндіретін жеке цех ашып, Көксу ауданын айтулы өнімдерімен қамтамасыз етіп отыр. Әкеден келген асыл іс, үлкен кәсіптің баспалдағы болған.

Айбын • 17 Қазан, 2023

Жетісуда әскерге асық жастар көп

Қазіргі геосаяси жағдай ушығып тұрғанда еліне қорған болар жастарды тәрбиелеу маңызды. Осы ретте Жетісуда түрлі іс-шара ұйымдастырылып жатыр. Тіпті, Екінші дүниежізілік соғыста қаза тапқан жауынгерлерді туған жеріне жерлеу рәсімі де қолға алынып отыр. Осы ретте Жетісу облысы қорғаныс істері жөніндегі Департаментінің бастығы подполковник Медет Турскелдиевпен әңгімелескен едік.

Денсаулық • 15 Қазан, 2023

Ерекше медициналық мекеме

Өңірдегі халықтың әлеуеті жақсы болуы үшін, медициналық көмектің керегі анық. Қазір Жетісуда осы бағытта ілгерілеу байқалады. Олай дейтініміз, жыл басынан бері бірнеше заманауи блокті-модульдік медициналық мекемелер ашылды. Бір қуанарлығы, бәрі де орталықтан шалғайда орналасқан ауыл-аймақтарда есігін ашты. Енді Жетісудың медициналық мекемелерінде үздік тәжірибе орталықтары ашылып жатыр.

Мирас • 12 Қазан, 2023

Таңбалы тастар тіл қатса…

Тастағы жазулар не айтқысы келеді, нені меңзейді, не білгені бар? Біз оларды неге естімейміз? Жел сайрайды, аспан күрсінеді, найзағай ойнайды, бұлт іркіледі, ал неге жартастар үнсіз? Ондағы таңбалы әріптер беймәлім әлемнің отшашуы секілді жарқ етіп, жоқ болады. Оларды уақыт өшіре алмайды, өшірсе, тек адам ғана қауқарлы. Бірақ оны түсінер де солар емес пе?

Театр • 09 Қазан, 2023

Театр фестивалі аяқталды

Театр өнерін түрлендірген талантты тұлға Бикен Римованың 100 жылдығына арналған «Biken» I Халықаралық фестивалі аяқталды. Бір аптаға созылған өнер бәйгесінде үздік шыққандар марапатталды. Ең ғажабы, бұдан бұлай аталған театр додасы дәстүрлі түрде өтетін болады.

Баға • 09 Қазан, 2023

Жетісу облысы: Қамыстың да құны шарықтап кетті

Шөп бағасы күннен-күнге шарықтап барады. Қараңыз, өңірде бір түк жоңышқаның бағасы 1800 теңге болса, бір орам жоңышқаның құны – 13-15 мың.

Аймақтар • 08 Қазан, 2023

Қайсар жандарға арналған кешен

Жетісуда мүмкіндігі шектеулі жандарға мүмкіндік беретін спорттық-оңалту орталығы ашылды. Тірек-қимыл жүйесі зақымданған адамдарды қалпына келтіруге жәрдемдесетін нысан халыққа тегін қызмет етеді. Ең ғажабы, соңғы үлгідегі заманауи техникамен жабдықталған. Жүздеген жанның үмітін жаққан орталықта білікті мамандар жұмыс істейді.