Аймақтар • 06 Қыркүйек, 2024
Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында туристік аймақтарды дамыту керектігін алға тартты. Бұл ретте қос көлді бауырына басқан Жетісу өңірінің маңызы жоғары. Суы шипалы саналатын Балқаш пен Алакөлге жылына миллиондаған қонақ келеді. Әйткенмен екеуінің де инженерлік инфрақұрылымы әлі осал. Осы мәселенің алдын алу үшін әуелі Балқаш жағалауына инженерлік жүйелерді тарту жұмыстары басталды.
Аймақтар • 06 Қыркүйек, 2024
Бүгінде лудомания, синтетикалық есірткі, суицид секілді дүниелерден жастарды алшақтату үшін де тәрбие мен рухани ортаның диалогі қажет. Осы ретте облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың бастамасымен қолға алынған менторлық жоба өз жемісін беріп отыр. Соның нәтижесінде аудандардағы жасөспірімдер қылмысы 4 есеге төмендеген. Бүгінде Жетісу мектептерінде 108 әдеп және құқық жұмысы жөніндегі ментор жұмыс істейді.
Аймақтар • 23 Тамыз, 2024
Жетісуда медицина саласына бағытталған блокті-модульді нысандар көптеп салынып жатыр. Мәселен, биыл ондаған ауылда заманауи емханалар бой көтерген. Одан бөлек, кейінгі екі жылда 47 ветеринарлық пункт салынған. Жақында облыс орталығында тұрғызылатын онкологиялық орталықтың да жобасы сызылды. Қазір ауылдағы халықтың әлеуметтік деңгейін жақсарту мақсатында осындай қадамдар жасалып жатыр.
Аймақтар • 16 Тамыз, 2024
Әрбір сәби бақытты өмір сүруге құқылы. Тағдырдың тауқыметін кешсе де, жақсылықтан күдер үзбеуі керек. Осы ретте Жетісу өңірінде балаларды оңалту орталығы жұмыс істейді. Бұл мекемелерде бір мезгілде 500-дей бала ем ала алады. Оларға білікті мамандар қызмет көрсетеді. Заманауи құрал-жабдықтармен толық жарақтанған нысандар талай балаға кешенді қолдау көрсетіп, денсаулығын оңалтуға сеп болып отыр.
Аймақтар • 16 Тамыз, 2024
Жетісуда былтырдан бері шалғай ауылдарға заманауи емхана салу мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Ендігі кезек Сарқан ауданына қарасты Черкасск ауылына келді. Бұл елді мекен өңірдегі ірі ауылдардың қатарына жатады. Дегенмен емхананың ескілігі елді біраз әбігерге салған. Әртүрлі этнос өкілдері мекен ететін аяулы топырақ ескі заманда даңқы асқақтаған. Кейін ел тарап, ежелгі қалпын бұзып алды. Сонда да халықтың саны азайған жоқ.
Аймақтар • 13 Тамыз, 2024
Туризмнің ошағына айналуға бел байлаған Текелі қаласы тұрғын үй мәселесін де бірте-бірте шешіп келеді. Мәселен, шағын шаһарда 1 023 адам баспана кезегінде тұр. Қаншама жылдан бері пәтерін сарыла күткен халық биылдан бастап жаңа үйлерге кіре бастады. Жақында 40 пәтердің кілті табысталды. Келер жылы тағы да жүздеген отбасы қуанышқа кенелмек.
Аймақтар • 10 Тамыз, 2024
Биыл Алакөл көлінде демалушылардың қатары көп. Осы ретте «Алматы – Өскемен» республикалық тасжолының маңызы зор. Туристер неғұрлым көп болған сайын халық жиі қатынайтын жол жиектері қоқысқа толатыны белгілі. Сондықтан жетісулықтар «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында өңірдегі республикалық жолдардың бойында тазалық іс-шараларын жүргізді.
Музей • 09 Тамыз, 2024
Күреңбел өңіріндегі көркем бір дүние – Шоқан Уәлиханов атындағы «Алтынемел» мемлекеттік мемориалды музейі. Мемлекет басшысы Жетісуға сапарында бірқатар мәселені айшықтап, облыс әкіміне әр алуан тапсырма жүктеген. Соның бірі – ұлы саяхатшы жамбасы тиген топырақты түлетіп, барша жәдігерінің құтты мекеніне айналған музей жұмысын жандандыру еді. Бүгінде мұражай жаңа кейіпке еніп, екі мыңнан астам адам қабылдап үлгеріпті.
Еңбек • 08 Тамыз, 2024
Көкөніс сатып, көңіл күй сыйлайды
Саудада салтанат бар. Тұтынушының тілін таба білсеңіз, шаруа шешімін тапты дей беріңіз. Мұны жас саудагер Әли Мұхаммедке қарата айтсақ әбден болғандай. Әлеуметтік желі жұлдызына айналған кәсіпкер жеміс-жидек пен көкөністің бәрін өлеңдетіп таныстырады.
Денсаулық • 31 Шілде, 2024
Жетісуда медицина саласының жай-күйі – көптің назарында. Маман тапшылығы біртіндеп шешіліп келеді, заманауи аппараттар да кезекте тұр. Міне, жаңа жедел-жәрдем көлігін сұраған алыстағы ауылдардың да тілегі орындалды. Облыс әкімі Бейбіт Исабаев өңірдегі 12 медицина ұйымына 29 санитарлық автокөлік кілтін табыстады.