Мұхтар КҮМІСБЕК
Мұхтар КҮМІСБЕК«Egemen Qazaqstan»
855 материал табылды

Қаржы • 25 Тамыз, 2020

Адами фактор болмайды

Қаржы министрлігі тиісті заң арқылы мемлекеттік сатып алуларды толығымен автоматтандыруды көздеп отыр. Яғни тендер кезінде конкурстық комиссиялар болмайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында Қаржы министрлігі Мемлекеттік сатып алу заңнамасы департаментінің директоры Сәбит Ахметов айтты.

Қоғам • 25 Тамыз, 2020

Ескірген электр стансалары (Тарифті төмендетуге не кедергі?)

Әлем бойынша электр қуатының 20 пайызы жарықтандыруға жұмсалады. Сондықтан білікті мамандар заманауи жарық беру технологияларын ұсынуда. Сол арқылы тұтынушылар электр энергиясын едәуір үнемдейді. Қарапайым халықтың да қалтасына салмақ салмайды. Өкінішке қарай, еліміздегі электр стансаларының 60 пайызы ескірген. Бұл алдымен тарифті тұрақтандыруға қолбайлау болып отыр. Халықтан түскен табыс ескіні жаңартуға жетпейді.

Экономика • 21 Тамыз, 2020

Шикізат емес экспортқа басымдық беріледі

Соңғы 2 жылда ішкі тауар айналымы 11 пайызға өсіп, 37,5 трлн теңгеге жетті. Алайда осы жылдың алғашқы 6 айында көрсеткіш 6,9 пайызға төмендеп кетті. Дүние жүзін шарпыған пандемия ішкі және сыртқы нарыққа кері әсерін тигізбей қоймады. Сауда және интеграция министрлігінің хабарлауынша, соның салдарынан сауда саласындағы инвестициялар көлемі 48 пайызға азайды.

Руханият • 14 Тамыз, 2020

Сіз неге түшкіресіз?

Ажал тау сыртында емес, ту сыртында дейді қазақтың ішкі пәлсапасы. Ал біз небір алапатты көрген ата мәтеліне илануға бейілміз. Дүние дидары бояуы ағып түскен сұлудай. Баяғыдай сұқтана қарай алмайсың. Әртүрлі ойлардың арбауына түсіп, құлағына құлық қатып қалған пендедей жақсының сөзін жүре қабылдауға көштік. Әлеуметтік желінің әуеніне төңкерілген әлеуметті сабырға шақырып, бауырға басу мүмкін емес. Қорқынышымыз бен алқынысымыз қатар шабуда. Көктен кесапат төнгесін, жаныңды үрей билемей қоя ма?

Экономика • 06 Тамыз, 2020

Стартаптар марафоны – кәсіпке жаңа бағыт

Astana Finance Days аясында 8 елден 15 финтех-стартап Орталық Азия корпорацияларына өз шешімдерін ұсынды.

Қоғам • 04 Тамыз, 2020

Оқырмандар онлайн олимпиадаға ой қосты

Жуырда бас басылымда «Онлайн олимпиадалар ойды жетіл­діреді» («EQ», 21 шілде, 2020 жыл, №138) атты мақала жарық көрген еді. Мектеп қабырғасында қатысуға міндеттелетін пәндік олимпиадалар көбінесе қатысушылардың пікірін ескере бер­мейді. Бұл бүгінге дейін күрмеуі шешілмей келе жатқан түйін. Осы мәсе­леге бейжай қарамаған оқырмандардың пікірі сан алуан.

Қоғам • 03 Тамыз, 2020

Маск неге Марсқа асығады?

Түбінде адамдар Жермен де қоштасатыны анық. Ғалымдар ғаламшардың тұрақсыздығына тіс батыра алмай отыр. Америкалық ғалым Робин Хэнсонның айтқаны айдай келді-ау дейсіз қазір. Оның: «Бізде Жерді жоюға жетерлік технология бар, бірақ апат болған жағдайда аман алып қалатын технология әзірлемедік», деген тұжырымдамасы ойлантпай қоймайды. Әлемдегі жағдайдың астарына қараңызшы. Әйтпесе Илон Маск неге Марсқа асығады?

Технология • 31 Шілде, 2020

Карантинен кейінгі мүмкіндіктер

Astana Finance Days аясында COVID-19 вирусына байланысты карантинінен кейін корпорациялар мен стартаптар үшін ашылуы мүмкін жаңа мүмкіндіктер тақырыбы талқыланды.

Үкімет • 30 Шілде, 2020

Кәсіпкерлерді қорғауға көңіл бөлінуде

Орталық коммуникациялар қызметінде Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовтің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Жиында шағын және орта бизнесті, жалпы экономиканы қолдау бағытында қабылданып жатқан шаралар туралы айтылды.

Өнер • 29 Шілде, 2020

Өнер деп соққан жүрегі

Ертеде қылқалам шеберлері талантты адамдарды жасыл түспен әрлесе керек. Ойлы оқырман картинаның бояуына қарап тамсанып, суретшінің шығармасын бағалаған. Ал қазір ше? Біз жасыл түспен тұмса табиғатты ғана байланыстыратын болдық. Ал табиғатынан талантты, ашық-жарқын жандардың бет-бейнесі тұмшаланып қалды. Әйткенмен осы бір түйінді «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы тарқатып келе жатқандай. Осыған дейін еңбегіне ел сүйінген қаншама есімдер танылды. Бүгін біз солардың бірі, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Жастар театрының актері Нұрбек Әлібек жайында айтпақпыз.