Қоғам • 26 Қазан, 2021
Тәуелсіздікті енді алған алғашқы жылдардағы саяси әлеуметтік ахуалды жас буын жақсы білмейді. Жалпы кез келген адам не нәрсеге болсын біржақты үкім айтпағаны дұрыс. Бірақ сол кездегі жағдай туралы бүгінгі аға буын, зиялы қауым әлдебір сұмдықтарды абайсызда өздері айтып қалғанда не деріңді білмей қаласың.
Пікір • 13 Қазан, 2021
Түнеу күні қым-қуыт тірліктің қуыс-қуысымен, жауын-жауынның арасында жұмыс орнымызға жақын жердегі кітап дүкеніне бас сұқтық. Кейде қалтаңда артық ақшаң болмаса да сол бір жып-жылы дана да момын, кемел де керемет мекенге жалқы сәт болсын жолай кіріп-шыққың келіп тұрады ғой. Біз де сол сағынышпен, сол аңсармен ақылдың асыл қазынасы үйілген ақ зер бөлменің есігіне ендік.
Әдебиет • 12 Қазан, 2021
Ел рухын еңселендірген ерлер ешқашан халық жадынан өшпек емес. Алмағайып аласапыран шақта жасындай жырларымен жауынгерлерге дем берген сондай тұлғалардың қатарында біз міндетті түрде Жамбыл Жабайұлын атар едік. Бір ғана дастанының өзімен миллиондаған жанның үмітіне дем берген ол әлі күнге жырсүйер жүректердің төрінен түскен жоқ. Биыл 175 жылдық мерейтойы аталып өтіп жатқан ұлт ақынын жалғыз қазақ халқы емес, кезіндегі одақтас он бес елдің барлығы дерлік құрмет тұтты.
Таным • 05 Қазан, 2021
Жапырақ жамылған ежелгі адамдар заманынан бергі дүниежүзі тарихында небір киім үлгісі болғаны белгілі. Тіпті күн сайын жаңарып жатқан мың сан моданың бас-аяғын ешкім жіті қадағалай алып жатқан жоқ. Жалпы жер шарында жеті миллиард адам болса сонша түрлі талғам болатыны даусыз. Адам қиялымен бірге түрлене беретін киім дизайнына әркімнің көзқарасы әртүрлі болуы да заңдылық. Біреу үстіндегі жейдесінің бағасына мән берсе, біреу оның сапасына назар аударады. Ал тағы бірі оның ыңғайлылығына көп көңіл бөледі. Алайда бүгін біз жалпы киім үлгісі туралы емес, жекелеген тұлғалардың киім киісіндегі ерекшеліктер туралы, оның ішінде әлемді өзінің қиял жемісіне жібермей байлап келе жатқан, адамзат тарихындағы феномен тұлғаның бірі, әйгілі Applе брендінің негізін қалаушы – Стив Джобс туралы айтқымыз келеді.
Әдебиет • 27 Қыркүйек, 2021
Қазақ баспасөзінің арғы-бергі тарихын түгел тәпсірлегенде, оның бай шежіресін тұтас баян еткенде есімдерін атамай кетпейтін, ғибратты жолдарына соқпай өтпейтін тұлғалар болады. Сондай заңғарлардың қатарында біз әлбетте, Шерхан Мұртазаны айтар едік. Шерхан Мұртаза дегенде біздің көз алдымызға айбарынан алып таулар ығатын, тегеуріні қара тасты қамырша илеп жіберердей найзағай мінез тұлға келе қалады. Алаштың арыстан тұлғасы Әлихан Бөкейханның «Ұлтқа қызмет ету білімнен емес, мінезден» деген сөзін бүгінде ерсілі-қарсылы қолдана беретін болдық қой. Асылында, мұндай кесек сөзді кез келген жерге жойдасыз жұмсамасақ керек еді.
Кино • 26 Қыркүйек, 2021
Біздің кейде жеті миллиард адамның ішінде жүріп те жалғызсырайтынымыз бар. Біз кейде қызылды-жасылды отшашулардың астында дүркіреп өтіп жатқан тойда отырып та мұңаямыз. Біз тіпті жап-жарық күнде адасып, шіліңгір шілдеде жаурауымыз да мүмкін. Бәрінің ар жағында сол алғашқы айтқан жалғыздық жатады. Иә, тарқата берсек жалғыздықтың түр-түрі көп қой. Қоғамды қабылдамаған, қоғам қабылдамаған ішкі ой жалғыздығы, тұтас халықтардың жалғыздығы, діни ғимараттардың өгей кейпі, түрлі өнер туындыларының жалғыздығы, сөз жалғыздығы, тұлға жалғыздығы...
Өнер • 21 Қыркүйек, 2021
Арқа өңірі қашаннан өнерге бай, саз қонған, сөз дарыған ардақты мекен. Ұлы даланың сан ғасыр тарихын қобыз бен домбыраның қу шанағында сарнатқан небір талант осынау өлкеден өнерге ат қосты. Әрине, сайын Сарыарқадан ескен ұлы сарындар туралы айтқанда біздің құлағымызға ұлтымыздың төл аспаптарынан төгілген қою саз бірінші болып жететіні рас. Алайда біз оркестрлердің ішіндегі ең жоғары дәрежелісі – симфониялық оркестр туралы да ұмытпауымыз керек. Өнердің күрделі бұл саласы да Арқа даласынан асқақ қарайды. Айталық, Қ.Байжанов атындағы Қарағанды концерттік бірлестігінің Еркеғали Рахмадиев атындағы симфониялық оркестрі өзінің ширек ғасырдан астам тарихында талай белестерді бағындырған іргелі ұжым.
Тарих • 13 Қыркүйек, 2021
Егемендік еңселеген ескерткіштер
Ұлы даланың бай шежіресін ақтарғанда қазақ баласы аңсаған егемендіктің бастауында сонау ғұн мен сақ дәуірінен бастап, тіпті одан да арғы кәрі тарих кәдеге жарайды. Алаш азаттығының анық басында түбі бір түркі әлеміне аты мәшһүр алыптар шоғыры тұрғаны анық. Еңселі елдің егемен рухы оның топырағында дүниеге келіп, тағдыр айдауымен қиыр кеткен, сөйте жүріп әлемді өзіне бай ғылымымен, жауынгерлік хас шеберлігімен қарата білген кесек кемелдермен тамырлас. Тарихты тауанды тұлғалар жасайды десек, қазақ жүріп өткен сан тарау жолдың түп бастауында ұлы сахарада дүниеге келген аңыз алыптарымыздың тұрғанын көреміз. Біз бүгін сондай, сүйегі жат топырақта қалса да, сүбелі сөзі қазақ еншісіне жазылған жақсыларымызды еске алып жадымызды жаңғыртқымыз келеді.
Өнер • 12 Қыркүйек, 2021
Қазақ киносы – қазақтың өткен ғасырдан бергі сан тарау тарихын алтын қорымызға түгел таспалап, жас ұрпақты жасампаз рухта тәрбиелеп келе жатқан ел руханиятының ең үлкен тірегі. Жалпы, кино саласы, оның түрлі тармақтары кез келген мемлекеттің идеологиялық басты құралы екені шындық. Ертеңгі ұрпақ тәрбиесі экранға тікелей байланысты. Сол ретте қазақ киносы Алаш баласы жүріп өткен өнегелі жолды келешек жас буынға түрлі жанрда оң насихаттап келеді.
Театр • 06 Қыркүйек, 2021
Адамдардың жалпы о баста өздерінен өзгешелеу жаратылған, дара ойлайтын жандарды бірден қабылдай қоюы қиын ғой. Оның айтқанын ақиқат деп мойындамақ тұрмақ, әлгіні қуғындап, реті кеп жатса талап жеп қоюлары да ғажап емес. Мұны қырық кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ деуге де келмейді. Немесе тобырдың тірлігі деп те топшылау артық. Өзіңіз ойлаңызшы, жанарлары су қараңғы, көздеріне әлдеқашан көк ет өсіп, оның орны мәңгілік бітеліп қалған соқырлар елі сіздің көру жайлы, көркемдік жайлы, көкжиек туралы көпірме көп сөздеріңізді тыңдап тұруы мүмкін бе? Тіпті ғасырлар бойы ұрпақтары соқыр боп жалғасып келе жатқан шағын тайпаның сөздік қорында көз, жанар, қарашық, жарық, қараңғы деген сөздердің де болуы екіталай.