Қоғам • 11 Маусым, 2021
Несін айтайық, осы күні интернеттің беті «иманды болсын» деген сөзге иін тіресіп тұр. Бетін әрі қылсын, бүгінгі мынау дауасыз дерт, аты жаман ажал талай жақсымыз бен жақынымызды жалмап кетіп жатқан аласапыран уақытта сол сөзді естігіміз, көргіміз келмей-ақ тұрады. Бірақ суық сөз сумаң етіп жылдам тарай жөнеледі емес пе? Жаныңды ызғар қарып өткендей, арқаңды қайғының қара қамшысы осып түсіргендей жайсыз хабарды оқып есеңгіреп қаласың...
Әдебиет • 04 Маусым, 2021
Қасымның тойы – қазақтың тойы десек артық айтқандық емес. Өлмес өлеңдерімен халықтың жүрек төрінен мәңгілік орын алған дауылпаз Қасым дегенде алаштың асқақ рухы көз алдыңызға келеді. Биыл шайырдың туғанына 110 жыл толуына орай тұлғаның өмірі мен шығармашылығы тұрғысында түрлі шара ұйымдастырылуы керек. Біз де өз кезегімізде газетіміз арқылы ақын хақында азырақ қалам тербегенді жөн көрдік.
Өнер • 31 Мамыр, 2021
Ажалды тік тұрып қарсы алған оркестр
Бір адамның өлімі – қасірет, миллионның өлімі – статистика деген ауыр сөздің біз кейде салмағын шын сезінбей ерсілі-қарсылы қолдана беретіндей көрінеміз. Тарих беттерін ақтарсақ жанымды алдымен өкінішке қарай, қисапсыз қырылған жазықсыз адамдардың қасіреттері мазалар еді. Адам трагедиясы ұлтқа не нәсілге бөлінбесе керек. Егер Германиядағы бір еврейдің тісі ауырса, Америкадағы бүкіл еврейдің басы ауырады деген сөздің астары әлдеқайда терең деп ойлаймыз. Бұл сөздің нақылын нәсіл айналасында шектеп қарауға келмес. Айталық Африкада аштықтан қырылған бейкүнә сәбилердің опаты біздің де қабырғамызды қайыстыруы керек.
Қоғам • 26 Мамыр, 2021
Бүгінде әлеуметтік желіден туындап жатқан әлек аз емес. Әлеуметтік желі желі емес, желім болып тұр. Жаман әдет жабысқыш келеді емес пе? Батыстың қаңсығын балаларымыз таңсық көретіні сонша, жылтыраққа жапа-тармағай жабыса кетеді. Бұрын ерсі қылық істеген адам жазаланатын еді, қазір жарнамаланатын болды. Бақсақ, осы күні хайп деп, пранк деп, ар мен ұяттан емін-еркін аттай беретіндердің аты озып тұр екен.
Өнер • 17 Мамыр, 2021
Сұм соғыстан адам санасына түскен тыртықтар аз емес. Әсіресе миллиондаған тағдырларды тас-талқан еткен Екінші дүниежүзілік қырғынның адамзатқа тигізген қыруар залалын айтып тауысу мүмкін емес. Бірақ біз соғыс дегенде тек бірыңғай қатыгездікті елестетіп кетпеуіміз де керек сияқты. Кейде қаулап жанған қызыл өрттің ішінен де ізгілік іздерін көруге болады. Суретші Шавкат Гафуровтың «Қырық бесте гүлдеген алмалар» («Яблоки 1945-го») атты картинасы бізді осы ойға жетелеп әкетті...
Өнер • 05 Мамыр, 2021
Қазақ әнінің қайнарындай, иірімі терең сыршыл да сырбаз әндерімен халықтың жүрек төрінен мәңгілік орын алған бірегей сазгер, біртуар тұлға Ескендір аға Хасанғалиевті алаш баласы ешқашан ұмытпайтынына біз кәміл сенер едік. Басқа әндерін айтпағанның өзінде жалғыз-ақ «Атамекенімен» бүкіл қазақ даласын бесік-жүрегіне бөлеген дегдардың аты шынымен көзі тірісінің өзінде аңыз еді.
Тарих • 29 Сәуір, 2021
Ұлы сахараның кең төсін мыңдаған жыл бойы мекен етіп, дала заңымен даңқты ұлыс атанған қазақ халқы ежелден ерекше жаратылған жұрт. Оның ерекшелігі тек тілінде, дінінде я болмаса тұрмыс-тіршілігі мен әдет-ғұрпында ғана емес, ең алдымен оның ғасырлар бойы қалыптасқан ерекше ұлттық мінезінде деуге болады.
Өнер • 20 Сәуір, 2021
Қырғыз бен қазақ ежелден ауылы аралас, қойы қоралас, қатар қонған қанаттас ел еді.
Руханият • 04 Сәуір, 2021
Оруэллдық образдар немесе арғымақтардың ақыры
Қай дәуір болмасын тоталитарлық жүйесіз, оның темірдей қатты тырнақшаның ішіндегі «тәртібінсіз», теперішінсіз өтпепті. Мұны тіпті адамзат жаралғалы бергі тарихтан тамыр тарта отырып тарқата айтуға болады. Қоғамның барлық саласы биліктің бақылауына өтіп, адам бостандығы мен конституциялық құқықтар аяққа тапталған жерден бастап тоталитарлық жүйенің тар қамыты момын халықтың мойынына кигізіледі. Еркін идеялар мен оппозициялық озат ойлар саяси қуғын-сүргінге ұшырай бастайды.
Тарих • 26 Наурыз, 2021
Қазағым деп қан жұтып, жағасы жау қолында кеткен асыл тұлғаларымыз аз емес. Десек те, қызыл империяның қан сүмектеген қылышынан қаймықпай, Алаш мұраты жолында ғазиз жанын пида еткен ұлт зиялысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханның орны алабөтен.