Аймақтар • 31 Желтоқсан, 2023
Жаңа жыл қарсаңында Шығыс Қазақстанда «Аяз атаның туған күні» атты фэнтези-қойылым өтті. Ертегі қойылымын халық ертегілерінің кейіпкерлері Ер Төстік пен Ақшақар жүргізді.
Университет • 30 Желтоқсан, 2023
Болашақты таңда – ШҚТУ-ды таңда!
Жоғары оқу орны – сіздің болашақ мамандығыңызға апаратын жол. Қазақ халқы ұрпақ тәрбиесін қашанда ұлттың тағдыры, ұлттың болашағы деп білген. Жоғары білім өз қабілеттерін жүзеге асыруға көмектесетін мамандық туралы ақпарат пен практикалық білімді ұсынады.
Аймақтар • 29 Желтоқсан, 2023
Бұқтырма су қоймасында техникалық көпір ашылды
Қос жағалаудан қарама-қарсы басталған техникалық көпір құрылысы Самар – Күршім аудандарының шекарасында түйісті. Уақытша көпір техникаларды, құрал-жабдықтар мен мамандарды жұмыс орнына үздіксіз және жедел жеткізуге мүмкіндік береді. Технологиялық көпірдің ұзындығы 1153 метр. Басынан аяғына дейін 13 құрылыс алаңы бар, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 29 Желтоқсан, 2023
Катонқарағай мен Марқакөл жеке аудан болып құрылды
Шығыс Қазақстан облысында қос ауданның халқы малақайларын аспанға атып, қуанып жатыр. Жаңа жыл қарсаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Жарлыққа қол қойды.
Театр • 27 Желтоқсан, 2023
Облыстық драма театрда Уильям Шекспирдің «Асауға тұсау» мұңды комедиясы көрермен назарына ұсынылды. Әуелі қойылым жабық түрде көрсетіліп, кәсіби мамандардың пікірі тыңдалды.
Аймақтар • 27 Желтоқсан, 2023
Риддерге 600 орындық қазақ мектебі салынады
Риддерде 600 орындық мектеп салу бойынша Казцинк компаниясы және облыс әкімдігі арасында меморондумға қол қойылды.
Білім • 20 Желтоқсан, 2023
Кейінгі жылдары елімізде Қытайдың көліктері көбейе бастады. Жанар-жағармаймен жылжитын көліктен басқа, электрмобильдердің де қатары күн санап артып келеді. Ал оларға қызмет көрсететін бізде маман бар ма? Сондықтан да Өскемендегі Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті базасында Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастық нәтижесінде Лу Бань шеберханасы ашылды.
Туризм • 20 Желтоқсан, 2023
Шығыс жұрты енді қолдары қалт етсе, шаңғы тебуге асығады. Кеше аймақта қысқы туристік маусым ресми түрде ашылды. Күннің аязына қарамастан, облыстық туристік-ақпараттық орталығы мен Глубокое ауданының әкімдігі ұйымдастырған іс-шараға жиналғандардың қарасы көп болды.
Аймақтар • 19 Желтоқсан, 2023
Желтоқсан туа қыс қаһарына мінді. Жапалақтап қар жауды, боран соқты. Енді аяз қысып тұр. Сақылдаған суыққа қарап тұрған ел жоқ. Әдеттегідей таңда жұмыстарына, кешкісін үйлеріне асығады. Бәрінен де ертеден кешке дейін қала тазалығы үшін сыпыртқы-күректерін арқалап жүрген «Таза Өскемен» коммуналдық қызметкерлерінің еңбектері ерек.
Қоғам • 16 Желтоқсан, 2023
Тәуелсіздік күні қарсаңында Тарбағатай ауданында бірқатар әлеуметтік нысандар ашылып, 27 отбасы баспаналы болды. Жалпы, жаңадан құрылған бұл ауданда жыл көлемінде көптеген игілікті істер атқарылды.