Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2023
Шығыс Қазақстанда «Жол жылы» аясында, яғни 2024 жылы 600 шақырым жол жөнделеді. Аймақта алдымен транзиттік бағыттарға, шекара маңындағы аудандар мен туристер қатынайтын жолдарға баса назар аударылмақ.
Аймақтар • 12 Желтоқсан, 2023
Шығыста «Лу Бань шеберханасы» ашылды
Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ базасында Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастық нәтижесінде «Лу Бань шеберханасы» ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 12 Желтоқсан, 2023
Экология қауіпсіздігі – көкейкесті мәселе
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Өскемен қаласында Орнықты даму саласындағы ұлттық мақсаттар мен міндеттердің іске асырылуына мониторинг жүргізу жөніндегі парламенттік комиссияның үшінші отырысын өткізді.
Өндіріс • 11 Желтоқсан, 2023
65 сүт өндіру фермасы салынады
Шығыс Қазақстанға Мәжілістің Аграрлық мәселелер жөніндегі комитет төрағасы Серік Егізбаев келіп, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының аймақтағы активімен, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілермен кездесті.
Сұхбат • 10 Желтоқсан, 2023
Кімде-кім Алтайға сапарлайтын болса, тау-тасын тамашалап қана қоймай, сақтар мекені Берел жазығына, Берел музей-қорығына соға кетеді. Биылдың өзінде тарихи мекенге 10 500 турист келген. Әлі де ағылып жатыр. Жуықта сақтар мен түркілер тарихынан сыр шертетін тау қойнауындағы музей-қорықтың басшысы Алмас Сарбасовпен әңгімелескен едік.
Мектеп • 07 Желтоқсан, 2023
Тағы да қазақ мектебі... Қаланың қиыр шетіндегі Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының оқушылары бөтелкедегі суды батареяға жылытып барып жуынады. Осыдан-ақ облыс орталығындағы физика-математика бағытында білім беретін лицей-интернаттың жай-күйін бағамдай беріңіз. Шыдамның да шегі бар деп ата-аналар хабарласқан соң «дарындылар» оқитын көр-қуыстағы білім ордасына мойын бұрдық. Жағдайы рас, жаға ұстатарлықтай.
Қоғам • 05 Желтоқсан, 2023
Күні кеше Өскеменде ашылған «Кітап-Amanat» орталығы әдеттегі лентасы қиылып жатқан орталықтардан өзгеше. Сәнді сөреге жинақталған мәнді кітаптарға толы.
Ұлттық спорт • 30 Қараша, 2023
Бозала таңнан Бозанбайға ағылған елде есеп жоқ. Жүйрік ат десе делебесі қозып тұратын қазақ елі қыран ұшып, тазы жүгірген күні жатсын ба? Бекзат өнерді насихаттауға бағытталған дәстүрлі фестивальда биыл Ресей, Моңғолия, Қытай, Қырғызстанның қыран баптаған құсбегілері де бақ сынасты. Осылайша, Ұлан ауданында үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылып келе жатқан бүркітшілер байқауы халықаралық деңгейдегі іс-шараға ұласты.
Энергетика • 27 Қараша, 2023
Жасыл энергияға көшу қажет пе?
Атом десе, ат-тонымызды ала қашатын жөніміз де бар. Олай дейтініміз, қазақ даласын дүр сілкіндірген Семей ядролық полигонының зардабын күні бүгінге дейін тартып отырмыз. Сонау Чернобыльдегі АЭС-те болған алапат апат та елдің есінде. Дей тұрғанмен, жасыл энергияға көшудің тиімді тұстары да бар екен. Ол туралы энергетика, атом саласының мамандары айтып берді.
Аймақтар • 27 Қараша, 2023
Риддер ЖЭО қалпына келтіру жұмыстары аяқталды
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев Риддер ЖЭО-да болып, жүргізілген жұмыстардың нәтижесін бақылады.