Аймақтар • 15 Маусым, 2023
Неге екенін білмеймін, тақырыпқа түк қатысы жоқ болғанымен, Шерхан Мұртазаның «араны ашылған қыран не аңды алады, не аңшының өзін алады» деген сөзі еске түспесі бар ма? Айтайық дегеніміз ол емес, соңғы тоғыз жылда аймақта атқарылған, атқарылмаған шаруалар төңірегінде болмақ. Тұрғындардың бірі шығысқа 2014 жылдың қарашасында әкім болып келген Даниал Ахметов аймақты тоғыз жылда тоздырып жіберді десе, енді бірі керісінше, қыруар шаруа тындырды деседі. Ал әлеуметтік желідегі пікірлер туралы сөз қозғамай-ақ қояйық.
Аймақтар • 13 Маусым, 2023
Сәл ертеректе кітапханаға кітап алу үшін ғана барар едік. Қазіргі таңда рухани ортаның жұмысы өзгерген, өркендеген. Білім де, ілім де, өнер де кітапханада. Жуықта Зайсан ауданы, Айнабұлақ ауылында ақ сарайдай мәдениет үйі ел игілігіне беріліп, ауылдық кітапхана да осы ғимаратқа көшірілді.
Аймақтар • 13 Маусым, 2023
Өрт маңындағы ауылдарға Ұлттық ұлан сарбаздары жіберілді
Бүгін Ішкі істер министрінің орынбасары-Ұлттық ұлан Бас қолбасшысымен келісіле отырып, ҰҰ «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының шешімімен эвакуацияланған Каштак, Талица және Тепкаши ауылдарына Семейдегі 5511 әскери бөлімінің 100-ге жуық Ұлттық ұлан сарбаздары мен 8 техника жұмылдырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құтқарушы • 11 Маусым, 2023
Былтыр суға түсу маусымында Шығыс Қазақстан облысында рұқсат етілмеген жерге шомылған 7 адам ажал құшты. Төтенше жағдайлар департаменті алдын алу жұмыстарын жүргізгенімен, тәртіпке бағынбайтындар аз емес.
Құқық • 08 Маусым, 2023
Өскеменде өрімдей қыздар бұзақылық жасап, жаға ұстатарлық істері қоғам талқысына түскені әлі ұмтыла қойған жоқ. Сауда кешендерінің біріндегі әжетханада колледждің 1-курс студентін бірнеше қыз тепкіге жығып, мәжбүрлеп шешіндіргені, оны бейнекамераға түсіргендері елдің есінде. Одан бері екі айдан астам уақыт өтті. Тергеу ісі аяқталып, кеше соттың бірінші отырысы өтті.
Отбасы • 07 Маусым, 2023
Күннің шыжып тұрғанына қарамастан, облыс әкімдігінің алдына Өскеменнің көпбалалы аналары жиналды. Кейбіреуі құндақтағы сәбилеріне дейін алып шыққан. Талаптарына құлақ түрсек, бұған дейін қала басшылығынан арендалық пәтерлерін жекешелендіріп беруді және үйдің құрылысындағы ақауларды жөндеулерін сұраған. Алайда мәселе шешілмеген көрінеді. Сол үшін де облыс әкімі Даниал Ахметовке мән-жайды түсіндірмек болған.
Аймақтар • 07 Маусым, 2023
Шығыс Қазақстанда күн күрт ысып, биік таулардағы мұздықтар еріп жатыр. Еріген қар суы өзендерге құйылып, су деңгейі шамадан тыс көтерілген. Салдарынан Катонқарағай ауданы, Берел ауылындағы үлкен көпірдің бір басын су құлатып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Халық • 06 Маусым, 2023
Алағай да бұлағай замандарда босып кетіп, бөтеннің босағасында жүрген қазақтарды Қазақстанға көшіру – мемлекеттің қашанда міндеті десек, артық айтпағанымыз шығар. Шетте жүрген қандастарды елге тарту жұмыстары облысымызда қайта жанданып, Самар ауданында бірқатар жұмыс басталып та кетті. Қайта деп отырғанымыз, елді дүрліктірген «ковид» кезінде шекаралар жабылып, барыс-келіс тоқтап қалған.
Аймақтар • 05 Маусым, 2023
Өскеменде оқушы қыздардың төбелесіне қатысты сот өтіп жатыр
Биыл көктемде Өскемендегі мектеп және колледж оқушыларының төбелесі қоғамдық талқыға түскені белгілі. Әсіресе, қаладағы сауда үйлерінің біріндегі әжетханада кәмелеттік жасқа толмаған оқушылар колледж оқушысын соққыға жыққан, оны бейнекамераға түсірген…
Аймақтар • 31 Мамыр, 2023
Мынау әлемдегі цифрлық дүниенің дамуында тоқтау жоқ. Жыл сайын емес, күн сайын қарыштап барады. Бұл көшке кідіріссіз ілесу үшін техника тілін меңгерген мамандар даярлап, білімдерін ұштап, бағыт-бағдар беріп отыруымыз қажет. Сондықтан да шығар, Өскеменде кәсіби IT жобалармен айналысатын студенттерді қолдау үшін IT хаб ашылды.