Аймақтар • 30 Наурыз, 2023
Шығыс өңірінде Ұлттық ұланның бас әскери тәрбиешісі тағайындалды
Президент Әкімшілігінің келісімімен және Ішкі істер министрінің бұйрығымен полковник Салихбаев Атабек Қуандықұлы Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Табиғат • 29 Наурыз, 2023
Маралтас, Тасбақатау – тарихи мекен
Тарбағатай тауларында тасқа қашалған мың жылдық петроглифтер сайрап жатыр. Туристер мен жергілікті этнографтар қызықтап қана жүргені болмаса, әлі күнге дейін ғылыми тұрғыда толық зерттеле қойған жоқ. Жартастардағы сурет сырына терең үңілмек болып, «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері де суретке түсіріп, орналасқан тұстарын қойын дәптерлеріне түртіп алып жүр.
Мәселе • 29 Наурыз, 2023
Шабындық және жайылымдық жер жетпейді
Катонқарағай ауданының түкпіріндегі Берел ауылында жайылым мен шабындық жерлер тарылып бара жатыр. Оған себеп, жер телімі әу баста тең бөлінбеуі деседі тұрғындар.
Үміт • 28 Наурыз, 2023
Күллі әлемді әбігерге салған коронавирус пандемиясы кезінде Тарбағатайдың ұйымшыл азаматтары жедел біріге қойып, қор ашқан-ды. Қайырымдылық қазанына түскен қаржыны науқастардың ем-домына жұмсап, тығырықтан шыға білген жомарт жандардың жасаған әр жақсылығы ел есінде сақтаулы. Сол кезде құрылған «Тарбағатайдың жомарт жандары» қоры күні бүгінге дейін мұқтаж адамдарға қолғабыс етіп келе жатқаны қуантады.
Халық • 27 Наурыз, 2023
Тұрмыс-тіршілігі қазақы ауылдарда өзге ұлттың аралас-құралас, дәмдес болып, біте қайнасып кеткені қалыпты жағдай шығар. Ауыл-аймақта айт болса айтшылап, Наурызда құтты болсын айтысып, тәтті-дәмдісін таратып жүретін орыс, неміс сынды ұлттарды жиі көреміз. Дін, діл, тіл деп дараланбайды олар.
Халық • 26 Наурыз, 2023
Ұлыстың ұлы күніне орай Аягөз ауданында дүниеге келген нәрестелер перзентханадан ұлттық киіммен шығарылды. Бұл игі дәстүрді аурухана басшылығы Наурыз мерекесіне орай жыл сайын ұйымдастырады.
Қоғам • 22 Наурыз, 2023
ШҚО ТЖД «Ұлттық киім күні» челленжін өткізді
ШҚО ТЖД құтқарушылары «Наурыз мейрамы» көктемгі мерекесі аясында «Ұлттық киім күні» челленжін өткізді. Олар өз бөлімшелеріне қазақ халқының дәстүрлі киім кешектерімен бөлімшелеріне қызметке келді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сайлау • 20 Наурыз, 2023
Абай облысында сайлау күні сән-салтанаты жарасқан түрлі іс-шаралар көп ұйымдастырылды. Ұлыстың ұлы күні қарсаңындағы тарихи сәтте Қыдыр ата сайлаушыларға ақ батасын беріп, үміткерлерге сәттілік тіледі. Сайлау күні тіркелген елеулі оқиғалар да болды.
Сайлау • 19 Наурыз, 2023
Сайлау учаскелерінде бір тонна бауырсақ таратылды
Сайлау комиссиясының өкілдері Шығыс Қазақстан облысы орталығының сайлау учаскелерінде сайлаушыларды ыстық бауырсақпен қарсы алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сайлау • 19 Наурыз, 2023
Шығыс Қазақстанда көкпаршылар дауыс берді
Самар ауданы, Бастаушы ауылының көкпаршылары бір кісідей келіп, №835 сайлау учаскесінде өз таңдауларын жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.