Аймақтар • 31 Мамыр, 2023
Байбесік – байырғы қазақ мекені
Таулы Алтайдың Чикетаман асуына жақындай бере беткейлерге бітік шыққан күлгін түсті гүлдер көздің жауын алды. Әр-әр бетте киіздей тұтасып тұр. Әуелде кәдімгі сирень бе деп таңдай қағыстық. Сөйтсек, ол «марал гүлі» (маральник) деп аталады екен. Сөздіктерді парақтап, қазақшасын таппадық. Бәлкім, Алтайдың сакурасы десек жараса кетер ме еді? Таулы Алтайда жазғы саяхат маусымы да «марал гүлі» гүл жарғанда ашылады екен. Бәсе дейміз, іркес-тіркес ағылған турист көп. Біз болсақ, Моңғолияның батысы, қазақтың байырғы мекені – Бай өлкеден келе жатқан бетіміз...
Аймақтар • 31 Мамыр, 2023
Мынау әлемдегі цифрлық дүниенің дамуында тоқтау жоқ. Жыл сайын емес, күн сайын қарыштап барады. Бұл көшке кідіріссіз ілесу үшін техника тілін меңгерген мамандар даярлап, білімдерін ұштап, бағыт-бағдар беріп отыруымыз қажет. Сондықтан да шығар, Өскеменде кәсіби IT жобалармен айналысатын студенттерді қолдау үшін IT хаб ашылды.
Мәдениет • 30 Мамыр, 2023
«Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек...» атты кеш өтті
Биыл Абайдай ұлы ұстаздан тәлім-тәрбие алған, қазақ әдебиетінің дамуына зор үлес қосқан қазақ ғұламасы, ақын, философ Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдығы мен әнші, белгілі шәкәрімтанушы Келденбай Өлмесековтің 70 жылдық мерейтойы қатар келді. Осыған орай 26 мамыр күні А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхананың ұйымдастыруымен «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек...» атты еске алу кеші өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 28 Мамыр, 2023
Баян-Өлгей төрінде, Моңғолия жерінде белгілі ақын Қалқаман Сариннің «Жібек сезім – жүрек сөзім» атты жыр кеші өтті. Ақтан Бабиұлы атындағы кітапхана ұжымы ұйымдастырған рухани іс-шараға өлеңге шөлдеп, жырға сусаған өнерсүйер қауым жиналды.
Сұхбат • 25 Мамыр, 2023
Әскери форма киген сырықтай жігіттер сап түзеп кетіп бара жатқанын көргенде әне-міне орта мектепті аяқтап, үлкен өмірге қадам басқалы жүрген жастың арманына қанат бітіп, иығына жұлдызды погон таққысы келетіні рас. Осы орайда мектеп бітіруші түлектерге бағыт-бағдар болсын деп Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары, полковник Атабек Қуандықұлы Салихбаевпен әңгімелескен едік.
Қоғам • 24 Мамыр, 2023
Осыдан бір жыл бұрын Сібе көлінде суға батып бара жатқан өрімдей үш қызды құтқарып, өз өмірін қиған Мейір Серікұлы деген азаматтың есімін ел біліп жүруі керек шығар. Күні бүгінге дейін батыр ұлдың ата-анасы «біздің бала ерлік жасады» деп ешкімге тіс жармаған. Әкесі оқу орнына құжаттарын іздеп бармағанда, сол күйі айтылмай да қалуы мүмкін еді...
Музей • 22 Мамыр, 2023
Бұл жолы да Өнер музейінде өтіп жатқан «Музей түні» халықаралық акциясына жиналған жұрттың қарасы аз болмады. Күмбірлете күй төккен дәулескер күйші де, жезтаңдай әнші де музейлердің маңынан табылды. Қылқалам шеберлерінің де бастары қосылып, мәре-сәре болысты.
Аймақтар • 22 Мамыр, 2023
Етекте жаз болғанымен, таулы жердегі қардың көбесі енді ғана сөгілді. Сондықтан да ТЖД қызметкерлері 15 мамырдан бастап Шығыс Қазақстанда сел жүру қаупі барын ескертіп отыр.
Аймақтар • 15 Мамыр, 2023
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысына сәйкес, бір адам жылына 14 кг балық етін тұтынуы қажет екен. Ол үшін тонналап аулау қажет. Тонналап аулау үшін су айдындарына дорбалап болсын, шабақ жіберу керек. Кейінгі екі жылда Шығыс Қазақстандағы өзен-көлдерді балықтандыру жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асып жатыр. Жуықта Бұқтырма және Шүлбі су қоймаларына 40 млн-нан аса ақсақа шабағы жіберілді.
Өнер • 11 Мамыр, 2023
Әдеттегідей Шығыстың бір топ суретшілері асай-мүсейлерін арқалап, пленэрге шықты. Күн жылып, жер аяғы кеңи сала табиғат аясында этюд жазуды екі-үш жылдан бері олар дәстүрге айналдырған.