Аймақтар • 26 Шілде, 2023
Құмды жағаны жайлаған Сарыбел ауылының бүйір тұсындағы ғажайып сарқыраманы былайғы елді қойып, жергілікті жұрт та біле бермейді екен. Білмесе білмейтіндей, көзге көрінбейді. Сызылып аққан бұлақ қазаншұңқырға қарай құлап жатыр. Сарқырауы да талып естіледі. Бірақ ғажап көрініс.
Университет • 20 Шілде, 2023
Өткен оқу жылы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті үшін жетістікке толы болды. Біріншіден, алғаш рет Ұлыбританияның QS агенттігі рейтингіне еніп, лайықты нәтиже көрсетті. Бұл туралы баспасөз конференциясында оқу орын ректоры Сәуле Рахметуллина айтып берді.
Өнер • 10 Шілде, 2023
Есілдің жағасынан бой көтерген еңселі елордамыздың 25 жылдығына орай Өскемендегі облыстық Пушкин атындағы кітапханада «Астанаңды бейнеле» атты балалар көрмесі өтті.
Аймақтар • 06 Шілде, 2023
Өскеменде колледж оқушысын соққыға жыққан қыздар сотталды
Өскемендегі ADK сауда үйінде колледж оқушысын аяусыз соққыға жыққан қыздарға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 04 Шілде, 2023
Жолдың «жыры» немесе пеноплекс көпір
Жаза-жаза жауыр еттік бұл тақырыпты. Жазбасқа тағы болмайды. Шығыс Қазақстанда жібі түзу жол қалмады. Омбы – Майқапшағай, Өскемен – Талдықорған, Өскемен – Алтай бағыттарындағы жол құрылыстарының қашан басталғаны есте жоқ, тіпті. Әйтеуір, әне-міне аяқталады дегенді жылда естиміз. Өз өтірігімізге өзіміз сеніп, әлі жүрміз.
Аймақтар • 03 Шілде, 2023
Жаңбырдың аз түсуінен болса керек, соңғы жылдары Шығыс Қазақстанның бірқатар өңірінде шөп селдір. Малмен жан баққан ауыл тұрғындары алты ай қыстан төрт түлігін қалай алып шығарамыз деп алаңдайды. Әсіресе мамырға дейін қар жамылып жататын Марқакөл, Катонқарағай өңірлері үшін қиын. Ауыл шаруашылығы мамандары да жоспардағы жемшөпті жинай алу-алмауын дөп басып айтпады.
Табиғат • 03 Шілде, 2023
Зайсан көлінің солтүстігінде өте сирек кездесетін тораңғы ағашы бүр жарып тұр. Белгілі орнитолог, табиғат жанашыры Борис Щербаковтың айтуынша, тораңғы талы аязға қалай төзімді болса, ыстыққа да солай шыдас береді.
Білім • 26 Маусым, 2023
Қазақстан-Германия Ғылым және технология институты ашылады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайердің қатысуымен өткен Қазақстан-Германия университеттері ректорларының форумы аясында Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті мен Қазақстан-Германия университеті металлургия және тау-кен ісі саласында Ғылым және технология институтын ашу туралы келісім жасады.
Ғылым • 21 Маусым, 2023
Ғылым – ел дамуының көрсеткіші
Өркениет өрісі кең елдермен үзеңгі қағыстыруымыз үшін ғылымды дамытуымыз керек. Бұл бағытта жүйелі жұмыс жүргізіп келе жатқан бірден-бір оқу орны Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті десек, ешкім күмән келтіре қоймас. Жуықта Өскеменге жұмыс сапарымен келген Ұлттық ғылым академиясының президенті Күнсұлу Закария бастаған делегация да аталған оқу орнына ат басын бұрып, оң баға берді.
Жоба • 19 Маусым, 2023
Жаңа аудандар жаңа жобаларға жол ашады
Бұл күнді де шығыс жұрты ұзақ күтті. Тым ұзақ... Осыдан 25-26 жыл бұрын шекара шебіндегі Катонқарағай Үлкен Нарынға қараса, Қытаймен шектесіп жатқан Марқакөл ауданы Күршімге, Мақаншы Үржарға қарап кетіп, тұрғындары жұртта қалғандай күй кешкен.