Аймақтар • 29 Желтоқсан, 2020
Мемлекеттік қызмет «Blockchain» арқылы көрсетілмек
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «Blockchain» технологиясын мемлекеттік қызметтерді көрсету үрдісіне алғаш болып енгізді. Әзірше бұл технология жылжымайтын мүлік кепіл шартын тіркеу бойынша жеке тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметке қатысты қолданыла бастады. Алдағы уақытта бұл тәжірибе басқа да кең таралған қызметтерге енгізілуі ықтимал.
Қоғам • 28 Желтоқсан, 2020
Түтінге тұнып тұр Өскемен. Әсіресе тұман шөккен, бұлт көшкен күндері будақ-будақ түтін болып жағаласа жөңкіледі. Өндірістік өңір болған соң бұл көрініске тұрғындардың көзі үйренісіп кеткелі қашан?! Алайда ақ халаттылардың айтуынша, тыныс аурулары, өкпенің қабынуы өңірде аз емес. Диагноз «экология салдарынан» деп дөп басып қойылмаған соң нақты цифр айту да қиынға соғады...
• 26 Желтоқсан, 2020
Шығыс Қазақстанда жол бойында жиналған қар жасанды жолмен түсірілді
Шығыс Қазақстан облысында «Қазселденқорғау» филиалының бақылаушылары жүргізген мониторингтен кейін, көшкін жүру қаупі бар беткейлердегі жиналған қар жасанды жолмен түсірілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Желтоқсан, 2020
Халыққа қызмет көрсету орталығында QR-код арқылы қызмет алуға болады
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында Шығыс Қазақстан облысындағы Халыққа қызмет көрсету орталығы QR-код арқылы қызмет алудың оңтайлы жолын ұсынып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 25 Желтоқсан, 2020
Батыр рухына арналған айтыс өтті
Кешегі Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза болған Кеңес Одағының батыры Төлеген Тоқтаровтың туғанына 100 жыл толуына орай өз туған жері – Ұлан ауданында «Ұранды елдің ұрпағы» атты аймақтық ақындар айтысы өтті.
Аймақтар • 25 Желтоқсан, 2020
Айыртаулықтар да шошқа фермасын салуға қарсы
«Доңыз бағып, байымай-ақ қояйық» деген айыртаулық тұрғындар ауылдың орталық көшесіне жиналды. Осыдан екі апта бұрын Ұлан ауданы, Айыртау ауылында шошқа фермасын салу туралы инвестициялық жоба ұсынылған болатын. Бұл бастамаға жергілікті тұрғындар үзілді-кесілді қарсылық білдірген.
Тағайындау • 24 Желтоқсан, 2020
ШҚО Ішкі саясат басқармасына жаңа басшы келді
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің өкімімен облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы лауазымына Азамат Мұхамедчинов тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 23 Желтоқсан, 2020
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары мен полиция қызметкерлері бірлесіп, «Пиротехника» профилактикалық жедел тексеру шараларын бастады, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 22 Желтоқсан, 2020
Күміс алқалы ана апаттық үйде тұрады
Саманнан соғылған тоқал тамның қақырап бара жатқан қабырғасынан жел үреді. Қыстың көзі қырауда. Бөлменің ортасында лекерлеп қойған төрт тіреуі болмаса, төбесі ойылып ортаға түсердей. Ақжардағы апаттық жағдайдағы осынау жадау үйде күміс алқалы ана тұрады.
Аймақтар • 21 Желтоқсан, 2020
Шығыс Қазақстанда ауыл тұрғындары доңыз фермасын салуға қарсы шықты
Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Айыртау ауылында доңыз фермасын салу туралы инвестициялық жоба ұсынылған болатын. Бұл бастамаға жергілікті тұрғындар қарсы болды, деп хабарлайды Egemen.kz.