Мерей ҚАЙНАРҰЛЫ
Мерей ҚАЙНАРҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
979 материал табылды

Руханият • 08 Қазан, 2020

Абыралы ардақтыларына мүсін қойылды

Семей қаласына қарасты Қайнар ауылында көрнекті әдебиет­та­нушы ғалым Рымғали Нұрғалиұлы мен тарих ғылым­да­рының докторы Төлтай Балақаевтың мүсіндері ашылды.

Оқиға • 07 Қазан, 2020

Тұрсынғазы тұғырға қона алмай тұр

Біз өзі қызықпыз. Большевиктердің мүсінін тұғырынан түсіре алмаймыз, қазақтың қаймақтарын тұғырға қондыра алмаймыз. Семейде руханият жанашырлары әнші-компазитор Тұрсынғазы Рахимовтың дайын тұрған мүсініне орын таппай жүр.

Аймақтар • 06 Қазан, 2020

Аю атқан браконьер ұсталды

Рейдтік шара кезінде табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері Шемонаиха ауданы, Үлкен Өзен ауылынан 7 шақырым жерде өлген аюдың қалдықтарына кез болған.

Аймақтар • 06 Қазан, 2020

Тұрғындар таза сумен қамтылды

Осы уақытқа дейін тат басқан құбырдан су алып келген тұрғындардың өтініш-арызына бейжай қарау мүмкін болмады. Жарты ғасырдан бері ауыстырылмаған құбырлардың тозығы әбден жеткені анық еді.

Оқиға • 06 Қазан, 2020

Табиғаттың құдіретін сезінгіңіз келсе...

Қаланың күнделікті күйкі тірлігінен бір сәт арылып, табиғаттың ғажайыбын, құдіретін сезінгісі келетін жандарға арналған заманауи IT-технологиямен жабдықталған «Борис Щербаковтың жасыл үйі» есігін ашты.

Аймақтар • 05 Қазан, 2020

Құс атуға тыйым салуды ұсынды

Ел аумағында құс тұмауы вирусының жайылуына байланысты облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мамандары құс атуға, жабайы құстың етін тұтынуға тыйым салу керектігін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 05 Қазан, 2020

Игерілмеген жерге ие табылады

2018 жылдан бастап, Шығыс Қазақстан облысы бойынша құрылысқа арналған, жалпы ауданы 335,98 гектар пайдаланылмайтын жер учаскесі анықталды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында еліміздегі құрылыс үшін берілген, алайда пайдаланылмай жатқан жер телімдерін қайтарып алу жөнінде айтқан болатын. Біздің өңірде де осы бағытта бірқатар жұмыс атқарылды.

Аймақтар • 05 Қазан, 2020

Шаттық сыйлаған «Шаңырақ»

Қала қазақтарының басты базынасы – баспана еді. Кейінгі кездері мемлекеттің түрлі бағдарламалары арқылы үй алу анағұрлым жеңілдеген. Енді міне, Шығыс Қазақстан облысы­ның тұрғындары «Шаңырақ» («5-10-20») атты жаңа бағдарлама арқылы үйлі бола алады.

Экология • 05 Қазан, 2020

Күзгі көшет отырғызу басталды

Өртелген жерді қалпына келтіріп, орманды алқаптарды ұлғайту үшін «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватында күзгі көшет отырғызу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

Қоғам • 02 Қазан, 2020

Шетел азаматы қазақтың мүддесі үшін еңбек ете ме?

Прези­дент Қа­сым-Жомарт Тоқаев­тың Жол­дауындағы «Мемлекет­тік қызметшінің немесе квази­мемлекеттік мекеме басшысының қос азаматтығы анықталған жағ­дайда олар қызметінен босатылады» дегенін оқыған соң, бірқатар азаматтың есімі еріксіз еске түсті. Азамат­тар деймін, қай елдің азаматтары?