Мерей ҚАЙНАРҰЛЫ
Мерей ҚАЙНАРҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
64 материал табылды

Табиғат • 03 Шілде, 2023

Тораңғылы беткей

Зайсан көлінің солтүс­тігін­де өте сирек кез­десетін тораңғы ағашы бүр жарып тұр. Белгілі орнитолог, табиғат жанашыры Борис Щер­баковтың айтуынша, тораңғы талы аязға қа­лай төзімді болса, ыс­тық­қа да солай шыдас береді.

Аймақтар • 31 Мамыр, 2023

Байбесік – байырғы қазақ мекені

Таулы Алтайдың Чикетаман асуына жақындай бере беткейлерге бітік шық­қан күлгін түсті гүлдер көздің жауын алды. Әр-әр бетте киіздей тұтасып тұр. Әуелде кәдімгі сирень бе деп таңдай қағыстық. Сөйтсек, ол «марал гүлі» (маральник) деп аталады екен. Сөздіктерді парақтап, қазақшасын таппадық. Бәлкім, Алтайдың сакурасы десек жараса кетер ме еді? Таулы Алтайда ­­жаз­ғы саяхат маусымы да «марал гүлі» гүл жарғанда ашылады екен. Бәсе дей­міз, іркес-тіркес ағылған турист көп. Біз болсақ, Моңғолияның батысы, қазақ­тың байырғы мекені – Бай өлкеден келе жатқан бетіміз...

Сұхбат • 25 Мамыр, 2023

Офицер болу оңай ма?

Әскери форма киген сырықтай жігіттер сап түзеп кетіп бара жатқанын көргенде әне-міне орта мектепті аяқтап, үлкен өмірге қадам басқалы жүрген жастың арманына қанат бітіп, иығына жұлдызды погон таққысы келетіні рас. Осы орайда мектеп бітіруші түлектерге бағыт-бағдар болсын деп Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары, полковник Атабек Қуандықұлы Салихбаевпен әңгімелескен едік.

Тарих • 10 Мамыр, 2023

«Достарым» әні кімге арналған?

Шығыста «Марқаға барсаң, әншімін деме» деген сөз бар. Ол рас, Марқакөл, Күршім өңірі өнердің қайнап жатқан қазаны іспетті. Азаматтары шетінен әнші, күйші, биші... Кешегі «Тамашаның» тарланы Уайыс Сұлтанғазин, сатирик Марат Сақатов, белгілі актер Досхан Жолжақсыновтар – осы жақтың тумалары. Ал атағы алты құрлыққа болмаса дағы, алты Алашқа танымал әнші, сазгер Оралхан Көшеровті білмейтіндер кемде-кем шығар. Әсіресе Жанар Айжанованың орындауындағы «Достарым» әні көпшіліктің құлақ құры­шын қандырған. О.Көшеровті әмбеге танытқан да осы ән.

Тарих • 30 Сәуір, 2023

Кержақтар

Қауға сақал, бұйра шаш, қабағы қатыңқы славян халқын көрсек, кержақтардың ұрпағы шығар деп топшылаймыз іштей. Әбден мүмкін. Біздің жақтағы тау арасындағы, Бұқтырма, Үбі жағасындағы ауылдарға ертеде, тым ертеде ескі дін ұстанушылар көшіп келіпті. Бас сауғалап, қашып келіп, қоныстанған десек дұрыс шығар. Шыны сол. Ең қызығы, қазақ халқымен етене араласып, жерімізге сіңіп кеткендігінде...

Ғылым • 12 Сәуір, 2023

Ғылыми-техникалық жобалардың әлеуеті зор

Еліміз өркениетті елдердің қатарына қосылуы үшін ең бірінші ғылымды, технократияны дамытуы керек деп айтудай-ақ айтылып келеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та жастарды техникалық мамандықтарға бағыттау керектігін бір емес, бірнеше рет ескертті. Рас, технологиясы озық елдермен үзеңгілесу үшін балаларды мектеп жасынан техникаға баулып, қызығушылықтарын арттыра түсу маңызды. Осы орайда Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің атқарып жатқан шаруасы аз емес.

Аймақтар • 01 Наурыз, 2023

Сырмақ таққан көлік

Бір суреттің көркемдігіне ғана таңдай қағып өте шығуға болады. Енді бір сурет бар, көз сүрінетіндей көркемдік таппайсыз, бірақ айтар ойы, мазмұны терең. Сөйлеп тұрады. Тек, көре біліңіз, түсініңіз...

Сайлау • 01 Наурыз, 2023

Сайлауға қатысты семинар-кеңес

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері Константин Петров пен Сәбила Мұстафина Парламент Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізу бойынша семинар өткізу үшін Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарына барды.

Өнер • 20 Ақпан, 2023

Шалқар шабыт

Жақында күйші Шалқар Ырысханұлымен емен-жарқын әңгімелесіп отырып, «жүр­ген соң бауырында күнде көріп, таулардың биіктігі байқалмайды» деген өлең жолдары еске түспесі бар ма. Әрине, ұлт руха­ниятының жоғын жоқтап, барын түгендеп жүргенін білеміз. Бірақ тоқсаныншы жыл­дардың алағай-бұлағай кезінде Өске­менде «Жас тұлпар» ұйымын құрып, қазақ­тың тілін, мәдениетін, ән-күйін асқақ­татқанынан хабарымыз жоқ екен.

Тәуелсіздік • 28 Қыркүйек, 2021

Қалбаның қос қапталы құтты мекен

Күміс шыңдары зеңгір көк­пен таласқан түркілердің алтын бесігі – Алтайға ат шал­дыратындар аз емес. Бос­ағасы ала жаздай қонақтардан босамайды. Сөзсіз, сұлу мекен. Дәл сол сияқты суы шипалы Алакөлді аңсап жететіндердің де қарасы көп. Хакім Абай өткен Жидебай өңірін айтсақ, әр тасы тұнған тарих. Тұлғалар туған киелі өңір.