Баян ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ
Баян ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
420 материал табылды

Қоғам • 13 Маусым, 2022

Он екі жастағы баланы ит талап, жазым етті

9 маусым күні Ақтөбе қаласындағы Есет батыр тұрғын үй алабындағы салынып жатқан құрылыс алаңынан түнгі сағат 12-де баланың мәйітін тапқан осы аумақтың күзетшісі полицияға қоңырау шалған. Облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің басшысы Ардана Саймағамбетовтың айтуынша, баланың «көп қан жоғалтып, басы, денесі, қолы мен аяғында жұлынған жарақаттары түрінде зорлықпен өлу дерегі бар» екендігі анықталған. Былайша айтқанда, денесінің сау-тамтығы қалмаған, ит талаған. Сараптамалар тағайындалып, қылмыстық іс қозғалды.

Қазақстан • 12 Маусым, 2022

Адамдар ақбөкенді түсінбейді

Соңғы санақ бойынша, ел аумағында 1 млн 318 мың бас киік бар екен. Қазақ жерін ежелден мекен­дейтін осы жануар жаз жайлауы мен қыс қыстауы ерекшелігіне байланысты Бетпақдала, Үстірт, Орал тобына бөлінеді. Қазіргі таңда даламызды мекен­дейтін Үстірт киіктерінің саны – 28 мың, Бетпақдала тобы – 489 мың, Орал тобы 801 мың басты құрайды.

Референдум • 05 Маусым, 2022

Ақтөбеліктердің белсенділігі жоғары

Ақтөбе облысында 517 сайлау учаскесі болса, өңірде дауыс беру құқығы бар 560 мың адам тіркелген. Ел Конституциясына енгізілетін өзгерістер бойынша өткізіліп жатқан жалпыхалықтық референдумда  ақтөбеліктер белсенділік танытуда, деп хабарлайды Egemen.kz.

Референдум • 02 Маусым, 2022

Халық пен биліктің диалогы

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде конституциялық реформаларды түсіндіру мәселелеріне арналған «Қазақстанда референдум өткізілуінің мақсаттары мен міндеттері» атты дөңгелек үстел өтті. Университет ұстаздары мен студенттері еліміз саяси өзгерістерді бастан кешіріп жатқан қазіргі уақытта әрбір тұрғынның дауысы маңызды екендігін баса айтты.

Аймақтар • 30 Мамыр, 2022

Ырғыздың ырыздығын көре алмай отыр

Ырғыз ауданының даму қарқыны, жыл соңына дейін аяқталуға тиіс әлеуметтік жобалар өңір басшысы Оңдасын Оразалин мен облыстық мәслихат, қоғамдық кеңес мүшелерінің ауданның бірнеше елді мекенін аралау сапарында пысықталды. Былтырдан бері ауданда әлеуметтік инфрақұрылым жүргізу ерекше қарқын алды. Соның нәтижесінде ауданның 18 елді мекенінің 16-сы сапалы ауыз сумен, 5 елді мекені көгілдір отынмен қамтамасыз етілді.

Аймақтар • 30 Мамыр, 2022

Цифрландыру жобаларымен танысты

Цифрлық даму, инновация­лар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Ақтө­беге келген сапарында өңірдегі цифр­ландыру жобасының қарқы­нымен танысты. Министр ең әуелі Арнаулы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орта­лығына келіп, жүргізушілік куә­лік алуға сынақ тапсырып жатқан ақтөбеліктермен пікірлесті.

Аймақтар • 27 Мамыр, 2022

Ырғыз ауданының екі ауылына газ беріледі

Бұл туралы Ақтөбе облысының әкімі Ырғыз ауданына жұмыс сапарында Қызылжар және Құтикөл ауылдық округтері тұрғындарымен кездесуінде мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Спорт • 18 Мамыр, 2022

Елдің атын намысты ұландар шығарады

Ақтөбе облысындағы 31 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тең жартысы аудан орталықтарында орналасқан. Осы мектептерде 52 кәсіби спорт түрімен 20 329 бала айналысса, соның ішінде 28 олимпиадалық спорт түрімен – 15 740, 16 олимпиадалық емес спорт түрімен 2 141 жеткіншек шұғылданады. Өңірде 18 жасқа дейінгі 179 мың бала бар. Салыстыра келгенде, мектеп жасындағы әрбір 8-ші баланың ғана кәсіби спорт мектебінде жаттығатынын көреміз.

Аймақтар • 29 Сәуір, 2022

«Ұлттар фестивалінде» студенттер сайысты

Қазақстан халқы бірлігі күні қарсаңында өңірдегі студенттік шығармашылық ұжымдар арасында «Ұлттар фестивалі» байқауы өтті. Шараға өңірдегі жоғары оқу орындары мен техникалық кәсіптік білім беру ұйымдарының арасынан іріктеліп шыққан сегіз команда қатысты.

Экология • 20 Сәуір, 2022

Көл мен сор

47 мың тұрғыны бар шөлді аймақта орналасқан Шалқар ауданының негізгі мәселесі – су тапшылығы және Мұғалжар қыраттарының бұзылуынан төніп келе жатқан экологиялық апат. Оның үстіне жылма-жыл Арал жақ беттен құм көшкіні де жақындап келеді. Есте жоқ ескі заманнан бері осы жердің иесі, көне Орал тауларының қарт сілемдерінің бірі – Мұғалжар бөктері 10-15 жылдан бері қиыршық тас түрінде ұнтақталып жатыр.