Аймақтар • 12 Қаңтар, 2022
Коменданттық сағатты бұзғандар
Ақтөбе қаласында 4-5 қаңтарда жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырғаны үшін 3 адам қамауға алынып, 4 тұрғынға қатысты бұлтартпау шарасы қарастырылды. Қазіргі уақытта осы 7 адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.
Аймақтар • 29 Желтоқсан, 2021
«Еркін күшке» газ келіп, «Есет батырда» амбулатория ашылды
Алға ауданы Тамды ауылдық округіне қарасты «Еркін күш» ауылына газ құбыры тартылды. Бұл Ақтөбе облысы бойынша биылдыққа көгілдір отын жеткізілген он бесінші ауыл. Биылғы жылдың басынан бері 8 мыңға жуық тұрғыны бар 14 елді мекенге газ құбыры жеткізіліп, ауыл тұрғындарының бейнеті азайғанын айта кеткен жөн. Осылайша, Ақтөбе облысы тұрғындарының 92,5%-ы көгілдір отынмен қамтылып, газдандыру көрсеткіші бойынша өңір елімізде бесінші орынға көтерілді. Ал Nur Otan партиясының Жол картасында 2025 жылға дейін облыстың 104 елді мекенін газбен қамту жоспарланған.
Аймақтар • 27 Желтоқсан, 2021
Жан басына қаржыландыру қалай жанданады?
Жақында ғана облыстық мәслихат депутаттары бекіткен Ақтөбе облысының 2021-2025 жылдарға арналған Аумақтық даму бағдарламасында тұрғындардың әл-ауқатын арттыру индикаторы санатына жеткіншектердің сапалы білім алуы мен денсаулығын қалыпты ұстау көрсеткіштері де кірді. Соның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасындағы семіздікке шалдыққандар санын азайту, 14 пен 18 жас аралығындағы жеткіншектерді жаппай спорттық үйірмелерге тарту, мүмкіндігі шектеулі балалардың инклюзивті білім алуы мен спортпен айналысуына жағдай туғызу жолдары қамтылды.
Аймақтар • 08 Желтоқсан, 2021
Зерттеу ауқымын кеңейту маңызды
Өңір басшысы Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссияның отырысы өтті. Жыл басынан бері Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ғалымдары мен магистранттары, облыстық тарихи-өлкетану музейі мен облыстық мұрағаттың қызметкерлері, өлкетанушылардан құралған тоғыз жұмыс тобы 1928 жылдан басталған 6 333 істі зерттеп, ақталуға жататын 500-ден астам адамның тізімін республикалық комиссияға ұсынды.
Ауыл • 02 Желтоқсан, 2021
Әкімі қандай болса, ауылы да сондай
Ақтөбе облысында елді мекендерді кешенді түрде дамытуға арналған «Абаттандырылған ауыл» қанатқақты жобасы қолға алынды. Бұл – ел Үкіметі қолға алған «Ауыл – ел бесігі» стратегиялық жобасының өңірдегі жалғасы болып қана қоймай, бәсекеге қабілетті елді мекендердің қатарын көбейту мақсатында қолға алынған тың бастама.
Білім • 30 Қараша, 2021
Еліміздің Білім және ғылым министрлігі еңбек нарығында қажеттілігі мүлдем аз 50 мамандық бойынша колледждерге қабылдауды тоқтатып, керісінше оқу процесіне сұранысқа ие мамандықтар негізінде жаңа білім беру бағдарламалары енгізілетінін хабарлады. Бұл еліміздегі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жұмысын еңбек нарығына сай, жұмыс берушілердің ұсыныстары мен сұраныстарын ескере отырып реттеуге бағытталған тиімді қадам. Өйткені техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары мен оқытылатын мамандықтарды жұмыс берушілердің заманауи сұраныстарына сәйкестендіру бүгінгі күннің басты мәселесіне айналды.
Аймақтар • 19 Қараша, 2021
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ақтөбеде «Тұғырлы Тәуелсіздік» атты республикалық ақындар айтысы өтті. Жыр сайысына Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов қазылық етсе, екі күнге созылған шешендік өнердің бәйгесін ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман жүргізді.
Аймақтар • 19 Қараша, 2021
Таяуда Хромтау ауданында мал ұрлығымен айналысып жүрген екі топ ұсталды. Қылмысқа күдіктілер елсізде жайылып жүрген ірі қара, жылқыларды сойып, еттерін Ақтөбе қаласында өткізіп отырған. Мал ұрлығымен айналысушылар негізінен өрісте бақылаусыз жайылып жүрген, иелері жиі бақылай бермейтін сиыр, жылқыларды ұрлап келген.
Аймақтар • 17 Қараша, 2021
Биыл «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасымен Әйтеке би, Хромтау аудандарында көптеген әлеуметтік жоба іске асырылса, оның ең басында елді мекендерді газдандыру жұмыстары тұр. Сондай-ақ биылғы шілдеде Ырғыз ауданының Құрылыс, Ақши, Шеңбертал елді мекендеріне, ал қазанда Мұғалжар ауданының Жұрын, Елек ауылдарына газ құбыры тартылды.
Коронавирус • 16 Қараша, 2021
Соңғы тәулікте Ақтөбе облысында 15 адамның коронавирус індетіне шалдыққаны тіркелсе, оның 12-сі ересек адамдар арасында, ал 3-еуі балалар арасынан анықталды. Соның ішінде Ақтөбе қаласында – 9, Мұғалжар ауданында – 3, Хромтау ауданында – 1, Шалқар ауданында 2 жағдай тіркелсе, басқа аудандарда КВИ науқастары тіркелген жоқ. Сондай-ақ 53 адам оқшауланды. Бұл туралы облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Мұхтар Сербаев брифингте баяндады.