Баян ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ
Баян ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
364 материал табылды

Аймақтар • 07 Ақпан, 2022

Қайтарымсыз грант – оңды-солды ақша үлестіру емес

Заманауи ауылдардың сәні – жаңа мектеп, балабақша, амбулатория, клуб, спорттық нысандармен бірге сапалы ауыз сумен қамту, көгілдір отын жүргізу, жоғары жылдамдықтағы интернет байланысы. Бір сөзбен айтқанда, әлеуметтік және инженерлік сапалы инфрақұрылымдар – ауылға адамдарды тұрақ­тандыруға негіз. Тағы бір басты мәселе – елді мекендерде мал шаруа­шылығы мен кәсіпкерлікті жандандыру, соның ішінде өнім өндіруші, өңдеуші ірілі-ұсақты шаруашылықтар санын арттыру. Сонда ғана тұрақты жұмыс орындары құрылып, ауыл бюджеті толығып, елдің еңсесі көтерілері анық. 

Қоғам • 02 Ақпан, 2022

Кедейлік шегі жалаң статистикамен өлшенбейді

Президент Қ.Тоқаев 11 қаңтарда Мәжілісте сөйлеген сөзінде Үкіметке «Ауыл – ел бесігі» және кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған «Бизнестің жол картасы» бағдарламалары шеңберінде еліміздің батыс және оңтүстік өңірлерінің тұрғындары үшін мақсатты жобалар әзірлеуді тапсырды. Мұның аясында «Жастар тәжірибесі», «Алғашқы жұмыс орны» жобалары арқылы жұмыссыз жастарды еңбекке ынталандыру, жаңа жұмыс орындарын ашуды құзырлы органдарға жеделдете іске асыруды міндеттеді.

Коронавирус • 25 Қаңтар, 2022

Вирусқа шалдыққандар көбейіп барады

Covid-19 инфекциясының таралуы бойынша бір аптадан бері «қы­зыл аймақта» тұрған Ақтөбе облысында 19 қаңтарда – 459, 20 қаңтарда 586 науқас тіркелді. Осылайша екі тәу­лік­тің ішінде күнделікті өсім 127 адамға жетті. Үй каран­ти­ніне 5 608 адам алынған.

Аймақтар • 18 Қаңтар, 2022

Ақтөбе:«Қаңтар сабақтары»

16 қаңтардан бастап Ақ­төбе облысында төтенше жағдай режімі алынып тас­талды. Өткен аптадағы дүрбелеңнен кейін елмен бірге ес жинай бастаған өңір тұрғындары да біртіндеп бейбіт тіршілікке оралып жатыр.

Аймақтар • 12 Қаңтар, 2022

Коменданттық сағатты бұзғандар

Ақтөбе қаласында 4-5 қаңтарда жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырғаны үшін 3 адам қамауға алынып, 4 тұрғынға қатысты бұлтартпау шарасы қарастырылды. Қазіргі уақытта осы 7 адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Аймақтар • 29 Желтоқсан, 2021

«Еркін күшке» газ келіп, «Есет батырда» амбулатория ашылды

Алға ауданы Тамды ауылдық округіне қарасты «Еркін күш» ауылына газ құбыры тартылды. Бұл Ақтөбе облысы бойынша биылдыққа көгілдір отын жеткізілген он бесінші ауыл. Биылғы жылдың басынан бері 8 мыңға жуық тұрғыны бар 14 елді мекенге газ құбыры жеткізіліп, ауыл тұрғындарының бейнеті азайғанын айта кеткен жөн. Осылайша, Ақтөбе облысы тұрғындарының 92,5%-ы көгілдір отынмен қамтылып, газдандыру көрсеткіші бойынша өңір елімізде бесінші орынға көтерілді. Ал Nur Otan партиясының Жол картасында 2025 жылға дейін облыстың 104 елді мекенін газбен қамту жоспарланған.

Аймақтар • 27 Желтоқсан, 2021

Жан басына қаржыландыру қалай жанданады?

Жақында ғана облыстық мәслихат депутаттары бекіткен Ақтөбе облысының 2021-2025 жылдарға арналған Аумақтық даму бағдарламасында тұрғындардың әл-ауқатын арттыру индикаторы санатына жеткіншектердің сапалы білім алуы мен денсаулығын қалыпты ұстау көрсеткіштері де кірді. Соның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасындағы семіздікке шалдыққандар санын азайту, 14 пен 18 жас аралығындағы жеткіншектерді жаппай спорттық үйірмелерге тарту, мүмкін­дігі шектеулі балалардың инклюзивті білім алуы мен спортпен айналысуына жағдай туғызу жолдары қамтылды.

Аймақтар • 08 Желтоқсан, 2021

Зерттеу ауқымын кеңейту маңызды

Өңір басшысы Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен саяси қу­­ғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік ко­мис­сияның отырысы өтті. Жыл басынан бері Қ.Жұбанов атын­дағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ғалым­дары мен магистранттары, облыстық тарихи-өлкетану музейі мен облыстық мұрағаттың қызметкерлері, өлкетанушылардан құрал­ған тоғыз жұмыс тобы 1928 жылдан басталған 6 333 істі зерт­теп, ақталуға жататын 500-ден астам адамның тізімін респуб­ликалық комиссияға ұсынды.

Ауыл • 02 Желтоқсан, 2021

Әкімі қандай болса, ауылы да сондай

Ақтөбе облысында елді мекендерді кешенді түрде дамытуға арналған «Абаттандырылған ауыл» қанатқақты жобасы қолға алынды. Бұл – ел Үкіметі қолға алған «Ауыл – ел бесігі» стратегиялық жобасының өңірдегі жалғасы болып қана қоймай, бәсекеге қабілетті елді мекендердің қатарын көбейту мақсатында қолға алынған тың бастама.

Білім • 30 Қараша, 2021

Сұраныс пен ұсыныстың арасы

Еліміздің Білім және ғылым министрлігі еңбек нарығында қажеттілігі мүлдем аз 50 мамандық бойынша колледждерге қабылдауды тоқтатып, керісінше оқу процесіне сұранысқа ие мамандықтар негізінде жаңа білім беру бағдарламалары енгізілетінін хабарлады. Бұл еліміздегі техникалық және кәсіп­тік білім беру ұйымдарының жұмысын еңбек нарығына сай, жұмыс берушілердің ұсыныстары мен сұраныстарын ескере отырып реттеуге бағытталған тиімді қадам. Өйткені техни­калық және кәсіптік білім беру бағдарламалары мен оқыты­латын мамандықтарды жұмыс берушілердің заманауи сұраныс­тарына сәйкестендіру бүгінгі күннің басты мәселесіне айналды.