Фархат ҚАЙРАТҰЛЫ
Фархат ҚАЙРАТҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
732 материал табылды

Қазақстан • 17 Қаңтар, 2022

Азаматтық авиация: Өткен жылы не өзгерді?

Пандемияның зардабын тартқан саланың бірі – азаматтық авиация. Ұшу-қону үлкен проблемаға айналғанын ескерсек, қазір саладағы әрбір өзгеріске жұртшылық елең ете қалатын болды. Пандемия салдарынан әлі толық айыға қоймаған азаматтық авиацияда көңіл көншітерлік көрсеткіштер барын да ұмытпаған абзал.

Экономика • 12 Қаңтар, 2022

Субсидия: Біреуге бар, біреуге зар

Субсидия сарсаңға салып тұр. Шаруаларды да, шенділерді де. Ортақ үйлесім болмаған соң істің соңы да сұйылып кеткен. Біреуге бар, біреуге зар бұл субсидияның соңғы жылдары өте өзекті мәселеге айналғаны да сондықтан. Ел Президентінің аталған мәселеге дүркін-дүркін орала беруі де тегін емес.

Бизнес • 11 Қаңтар, 2022

Бизнестің шығыны тым көп

Елдегі тәртіпсіздіктер салдарынан бизнеске келтірілген шығын көлемі 93,7 млрд теңгеден асты. Бұл – 10 қаңтар, сағат 9.00-дегі ресми дерек. Оны «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы таратты. Аталған шығынның 92,2 млрд теңгесі Алматы қаласына тиесілі. Осыдан-ақ оңтүстік астанамыздағы жағдайдың қаншалықты күрделі болғанын бағамдай беріңіз.

Қаржы • 05 Қаңтар, 2022

Қаржы орталығының қадамы нық

«Астана» халықаралық қар­жы орталығында (АХҚО) 60 мемлекеттің 1 155 ком­паниясы тіркелген. Оның қаржы секторындағы ком­па­ниялардың активі 2,5 есе өсіп, 1 млрд долларға жеткен. Демек, қаржы орталығы үшін өткен жыл табысты өрілді деген сөз.

Қоғам • 29 Желтоқсан, 2021

Кәсіпкерлік қолдау тапқан жыл

2021 жыл пандемиялық шектеу­лермен өрілгені белгілі. Оның салқыны бизнес саласында да анық сезілді. Соған қарамастан,  жан-жақты қол­дау шаралары арқылы діттеген нәтижеге қол жеткізілді. Мәселен, биыл елімізде кәсіпкерлік субъектілерінің саны артқан. 2021 жылдың 1 қаң­тарында республикада 1 млн 357,3 мың шағын және орта бизнес субъек­тісі тіркелсе, осы жылдың 1 желтоқсанында көрсеткіш 1 млн 424 мыңды құрады.

Саясат • 23 Желтоқсан, 2021

Владимир Снегирев: Ауғанстанның қазіргі бағыты – «белгісіздік»

Ресейдің белгілі жазушысы, әскери журналист, халықаралық сарапшы Владимир СНЕГИРЕВ таяуда «Российская газета» делегациясы құрамында редакциямызға келіп, меморандумға қол қою рәсіміне қатысқан болатын. Әйгілі әріптестің осы сапарында сәті түскен сұхбатты оқырман назарына ұсынып отырмыз.

Экономика • 23 Желтоқсан, 2021

Қосымша құн салығы: Артық сома қайтарылады

Астық нарығы қатысушылары үшін қосымша құн салығынан асып кеткен соманы қайтару оңайлайды. Өйткені осы жыл­дың 17 қарашасында Қаржы министрінің бұйрығымен атал­ған мә­се­леге қатысты қанатқақты жобаны іске асыру ере­желері мен мерзімдері бекітілді. Кәсіпкерлердің қанатқақты жо­баға қаты­суы ерікті түрде жүргізіледі.

Қазақстан • 20 Желтоқсан, 2021

Жол маманы жоққа тән

Қазақстанда жол мамандары тапшы. Кадрлық дефицит өзекті мәселеге айналды. Жолдың құрылысына атсалысатын мамандар былай тұрсын, тәуір жолды күтіп ұстайтын кадрды табудың өзі қиын. Неліктен мұндай жағдай қалыптасты? Мәселені шешудің қандай жолы бар? Сала мамандарын сөйлетіп көрдік.

Экономика • 15 Желтоқсан, 2021

Жобалардың уақтылы іске асырылғаны маңызды

Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында агроөнеркәсіптік кешендегі инвестициялық жобалардың іске асырылу барысы сөз болды. Сондай-ақ елдегі санитарлық-эпидемиялық жағдай қаралды.

Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2021

Ферроқорытпа зауытының құрылысы басталды

Екібастұзда ферроқорытпа зауытының құрылысы басталды. EkibastuzFerroAlloys компаниясы бұл жобаға Қазақстанның даму банкінен қаржы тартып отыр. Ферросилиций шығаратын жаңа жобаның жалпы құны 92,2 млрд теңгеге тең. Оның 72 млрд теңгесі Қазақстан даму банкінің кредиттік желісі арқылы берілсе, қалған 20 млрд – инвестордың қаражаты.