Фархат ҚАЙРАТҰЛЫ
Фархат ҚАЙРАТҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
732 материал табылды

Экономика • 15 Ақпан, 2022

Тері өңдеу ісіне тереңдеу керек

Бұрын ауыл халқы мал терісін тиянақтап жинап, арнайы қабылдау орындарына тапсыратын. Одан түскен азды-көпті қаржыны шай-пұлына жарататын. Осы бір үрдіс жаңа ғасырдың алғашқы жылдарына дейін жалғасқаны белгілі. Одан кейін мал терісі кәдеге жараудан қалды да, ауыл-ауылдың іргесінде үйіліп жататын болды. Бәлкім, біздің елдегі тері өңдеу ісінің тұралау кезеңі де осы кезден басталған шығар. Ал қазір бұл саланың жағдайы тіпті нашар.

Аймақтар • 15 Ақпан, 2022

Барлау жұмыстарын бастады

ERG Exploration мамандары Ақтөбе облысындағы аумағы 130 шаршы шақырымды құрайтын Білге учаскесінде бұрғылау, барлау жұмыстарын бастады. Компания мұндағы жер қыртысының геофизикалық, геохимиялық және геологиялық қабаттарын зерттеп, онда мыс, алтын, хром және марганец түзілімдерінің бар-жоғын тексереді. Іздеу кезеңінде бұрғылау жұмыстары 6 600 есепті метр аумақты қамтымақ.

Қоғам • 14 Ақпан, 2022

Іскерлік белсенділікті іркуге болмайды

Үкіметтің жуырда өткен кеңейтілген отырысында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев іскерлік белсенділіктің төмендеп кеткеніне баса назар аударды. Бұған ұзаққа созылған пандемия да, биылғы қаңтарда орын алған оқиға да өз салқынын тигізгені сөзсіз. Расында да соңғы оқиғалардың салдарынан бизнес айтарлықтай көп зардап шекті, шығынға ұшырады.  

Қаржы • 11 Ақпан, 2022

Қанша қаржы қорға қайтарылды?

2022 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша өткен жылдың қаңтарынан бас­тап Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) салымшылардың тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін жинақталған зейнетақы қаражатын пайдалануға берген 781 736 өтінішін орындады. Уәкілетті оператор-банктерден ашылған қазақстандықтардың арнайы шоттарына қор 2,5 трлн теңге қаржы аударды. Бұл ретте біржолғы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы 3,2 млн теңгеге тең.

Экономика • 10 Ақпан, 2022

Арнайы аймақтардың қызметі кеңейді

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 2021 жылы республиканың бірқатар арнайы экономикалық аймақтары үшін қызмет түрлерінің тізбесін кеңейтті.

Экономика • 09 Ақпан, 2022

Қуатты еселейтін тың жобалар

Былтыр елімізде Индустрия­ландыру картасы аясында 144 жоба іске қосылды. Жобалардың жалпы құны 1,3 трлн теңгеге тең. Бұл ретте өндіріс ошақтарында 12,9 мың тұрақты жұмыс орны құрылған. 

Қаржы • 09 Ақпан, 2022

Мемлекеттік сыйлықақы түсті

Отбасы банкінің 1 716 431 клиентінің шотына мемлекеттік сыйлықақы түсті. 2021 жылдың қорытындысы бойынша депозиттерге барлығы 61,7 млрд теңге аударылды.

Экономика • 09 Ақпан, 2022

Берекелі биржа

Astana International Exchange (АІХ) биржасы 2021 жылдың шілде-желтоқсан айларындағы нарықтық белсенділікке жасал­ған шолуды ұсынды. Бұл ретте АІХ-тегі сауда-саттық­тың жалпы көлемі 6,3 есе өскені белгілі болды.

Экономика • 02 Ақпан, 2022

Абылай Мырзахметов: «Атамекеннің» трансформациясы әлдеқашан басталған

– Абылай Исабекұлы, елі­мізде орын алған соңғы оқи­­ға­­лардан кейін «Атамекен­ді» де реформалау туралы әң­гіме айтыла бастады. Тран­сфор­ма­цияға дайынсыздар ма? – Өзгеру – өмірдің талабы. Бірақ ұлттық палата өзгерісті әлдеқашан бас­тап кеткен. Мұны «Атамекеннің» жұмы­сымен жақсы таныс адамдардың бәрі біле­ді. Біз трансформация мәсе­лесі­не қаңтар оқиғаларынан кейін ғана назар аударған жоқпыз. Бұл процесс екі-үш жыл бұрын бас­талған. Ол үшін сәл шегініс жасап, ұйымның жүріп өткен жолына үңілу керек.

Экономика • 02 Ақпан, 2022

Бір жылдағы өсім – 1 пайыз

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2021 жылдың алдын ала қорытындыларын жариялады. Ресми дерекке сүйенсек, 2022 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қор салымшыларының шотында 13,1 трлн теңге жинақталған. Көрсеткіш бір жыл ішінде 156,6 млрд теңгеге ұлғайған. Бұл дегеніміз – 1 пайыз.