Қоғам • 20 Наурыз, 2022
Шаңырақтың шаттығы – шаршы метрде. Шаршы метр деп отырғанымыз – баспана. Бүгінгі өмірдің шындығы тұрғысынан қарасақ, баспанасы бар адам – бақытты адам. Тарихтың еншісіне кеткен сиыр жылы мыңдаған шаңыраққа осындай шаттық бұйырыпты.
Саясат • 18 Наурыз, 2022
Саяси реформаларды жалғастыру – батыл қадам
Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Саяси реформалар 5.0: сараптамалық көзқарас» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Онда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» Жолдауы талқыланды.
Сұхбат • 16 Наурыз, 2022
Көміртегі бейтараптығы – қауіп емес, мүмкіндік
Көміртегі бейтараптығына көшу әлемдік трендке айналғалы қашан. Бұдан Қазақстан да сырт қалмақ емес. Өйткені бұл халықтың өмір сүру сапасын арттыратын айырықша фактор. Осы орайда Назарбаев Университетінің қызметкерлері, отандық және халықаралық (АҚШ, Италия) сарапшылар Қазақстанның көміртегі бейтараптығына көшуінің тиімді сценарийін дайындады. Ауқымды зерттеу Ұлыбритания елшілігінің қолдауымен әзірленген. Зерттеу туралы бізге Назарбаев Университеті президентінің инновациялар жөніндегі кеңесшісі, ғылым докторы Қанат Байғарин айтып берді.
Экономика • 16 Наурыз, 2022
Соңғы бірнеше күнде қант бағасы күрт қымбаттап, өнімге деген сұраныс көбейді. Сауда орындарында ұзын-соңар кезек қалыптасып, ел ішінде дүрбелең пайда болды. Кеше салаға жауапты мемлекеттік органдардың өкілдері осы жағдайға қатысты ресми түсініктеме берді.
Елорда • 14 Наурыз, 2022
«Астанаэнергосбыт» айыппұл арқалайды
«Астанаэнергосбыт» ЖШС-не 6 млн теңгеден астам айыппұл салынуы мүмкін. Сондай-ақ компанияда тұтынушыларға қаражатты қайтару ұйғарылды.
Қоғам • 14 Наурыз, 2022
Бүгінде еті – тағам, сүті – сусын, жүні – киім, терісі бұйым Шопан ата тұқымының қадірі тым төмендеп кетті. Терісі топыраққа көміліп, жүні жаппай өртеліп жатыр. Сүтін кәдеге жарататындар да некен-саяқ. Қойды тек еті үшін ұстап жүргендейміз. Шаруашылықтың бұл түрін дамытуға құзыретті органдар да мүдделі емес секілді. Әйтпесе...
Өнер • 08 Наурыз, 2022
Таққа айналған «Тазының өлімі»
Өнер – құдірет! Өмірге шынайы көзбен қарайтындығымыздан шығар, осы бір тәмсілге әңгіменің ауанына қарай айтыла салған әдепкі сөз деп мән бермей келіппіз. Бүгінгі кейіпкеріміз Айдананың «Лашынымен» таныспағанда бұл ойымыздан айни қоюымыз да екіталай еді.
Қазақстан • 07 Наурыз, 2022
Алаш қызы ғарышқа қашан ұшады?
Әлемге мәшһүр әйгілі өлкенің бәйгілі жұрты болған соң, өзгелер жеткен биіктен өзімізді де көргіміз келеді. Әзірше біздің елге бағынбай тұрған белестің бірі – қайсар қыздарымыздың ғарышқа жол сала алмай жүргені. Біздің бұрымдылар үшін ғарыштың шынымен алыс болғаны ма?
Үкімет • 06 Наурыз, 2022
Туысқан Түркиямен екіжақты байланыс нығая түседі
Бауырлас елдер Қазақстан мен Түркия барыс-келіс пен алыс-берісті одан әрі жандандырмақ. Елордада ұйымдастырылған Қазақстан-Түркия бизнес форумында жасалған келісімдердің түпкі мәні де осында жатыр.
Қоғам • 03 Наурыз, 2022
Тұрақты жұмыс орындары құрылады
Биыл елімізде Индустрияландыру картасы аясында жалпы құны 1,4 трлн теңгені құрайтын 90 жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Өндіріс ошақтарында 10,8 мың тұрақты жұмыс орны құрылады.