Фархат ҚАЙРАТҰЛЫ
Фархат ҚАЙРАТҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
732 материал табылды

Экономика • 04 Мамыр, 2022

Мұнай өнімдері биржада сатылады

Қазақстан биржалық комитетінің отырысында мамырдан бас­тап мұнай өнімдерінің биржалық сауда-саттығын қайта бас­тау және оның үлесін кезең-кезеңімен арттыру мүмкіндіктері талқыланды.

Экономика • 04 Мамыр, 2022

Қазақстан-Грузия: Өзара сауданың әлеуеті жоғары

Қазақстан мен Грузия Тбилиси қаласында сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның 11-ші отырысын өткізді. Біздің делегацияны Индустрия және инфра­­құрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев бастап барды. Грузия делегациясына вице-премьер, Экономика және тұрақты даму министрі Леван Давиташвили жетекшілік етті.

Қазақстан • 28 Сәуір, 2022

Тұрғын үйді субсидиялау басталды

Президент тапсырмасына сәйкес азаматтардың жекелеген санатының баспана мәселесін жедел шешу мақсатында жалға алған тұрғын үйді субсидиялау тетігі іске қосылды. Мұндай игілікті көпбалалы отбасылар,І және ІІ топтағы мүгедектер, жетім балалар, халықтың әлеуметтік осал тобына жататын мүгедек балалары бар отбасылар пайдалана алады.

Аймақтар • 27 Сәуір, 2022

Бестөбеден бас тартпақ

Алтын өндірумен айналысатын «Алтыналмас» компаниясы Ақмола облысындағы Бестөбе алтын кен орнын одан әрі дамытуға бейілді емес. Компанияның басқарма төрағасы Дияр Қанашев кен орнын дамытуға 70 млн доллар қаржы және 5 жылдан аса уақыт керек екенін мәлімдеді.

Қаржы • 26 Сәуір, 2022

Қордағы қаржы көбейді

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры бірінші тоқсанның қортындысын жариялады. Ресми дерекке сүйенсек, 2022 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша салымшылардың шотында 13 трлн теңге зейнетақы жинағы қалыптасқан. Бір жыл ішінде қаражат 380,5 млрд теңгеге немесе 3 пайызға көбейген.

Қаржы • 26 Сәуір, 2022

Биржадағы бағам құбылып тұр

Құбылмалылықтың өсуі, соның салдарынан инвесторлардың тәуекелге толы активтерге қырын қарауы қор нарығындағы белсенділікті төмендетті. Мәселен, 2022 жылғы наурызда «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасындағы сауда-саттықтың жалпы көлемі ақпан айымен салыстырғанда 42,1 пайызға төмендеген.

Аймақтар • 26 Сәуір, 2022

Техника паркін жаңарта алмай отыр

Қызылордалық шаруалар машина-трактор паркін жаңарта алмай отыр. Олар өңірге жұмыс сапарымен барған «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшысынан көмек сұрады. Шаруалардың шағын және орта бизнесті дамыту, субсидия бөлу бағытындағы проблемалары да шаш-етектен.

Экономика • 25 Сәуір, 2022

Жеңілдетілген автонесие: Қаржы бар, көлік қат

Жеңілдетілген автонесиемен бір көлікті мінсем, ел алдында жарқырап-ақ жүрсем дейтін кәрі-жастың бәрі қазір тақым қысып отыр. Шынында да, әне-міне басталатын төрт пайыздық бағдарламадан дәмелі адам көп. Бірақ бөлінген қаржы, құрастырылған көлік бәріне бірдей жете ме? Себебі ашық-шашық жатқан ішкі нарықта автокөлік тапшылығы қалыптасып отыр.

Қаржы • 20 Сәуір, 2022

Өмірді қалай сақтандырады?

Пенде болған соң тірлікте түрлі тәуекелдермен бетпе-бет келу заңдылық. Бірақ тәуекелдердің де алдын алуға болатын талай тәсіл бар. Соның бірі – сақтандыру. Сақтандыру құралдары адамды қаржылық тұрғыдан қорғайтын «қауіпсіздік жастықшасы» секілді. Олар тәуекелдердің салдарын азайтып, қауіптің қара бұлтын сейілтеді.

Қоғам • 19 Сәуір, 2022

Естайдың екі немересі

Ақкөл-Жайылмадан, Естайдың елінен екенімізді естіген жұрт «Әйгілі әншіден ұрпақ қалды ма?» деген сұрақты жиі қояды. Мұндай сауалдың не себепті туындайтыны да түсінікті.