Фархат ҚАЙРАТҰЛЫ
Фархат ҚАЙРАТҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
732 материал табылды

Экономика • 19 Сәуір, 2022

Тұрақты даму жөніндегі ұлттық шолу жарияланады

Қазақстан 2030 жылға дейінгі тұрақты даму саласындағы жаһандық күн тәртібінің іске асырылу барысы туралы екінші ерікті ұлттық шолуды әзірлеп жатыр. Оны алдағы шілде айында Нью-Йоркте ұсыну жоспарланып отыр.

Қазақстан • 18 Сәуір, 2022

Елдің әлеуетін әйгілеген көрме

Екі апта бұрын дүниежүзілік EXPO 2020 DUBAI көрмесі аяқталды. Жарты жыл бойы дүние дидарын өзіне аударған көрме пандемия уақытында ұйымдастырылған ауқымды шара ретінде тарихқа енді. Оның Қазақстан үшін жемісті болғанын да айрықша атап өту керек. Ұлттық павильонымыз келелі кездесулер мен маңызды оқиғалардың алаңына айналды. Көрме елге инвестор, турист тарту тұрғысынан да табысты болды.

Қаржы • 15 Сәуір, 2022

«Сбербанктің» кредиттері Halyk Bank-ке өтеді

13 сәуір күні Halyk Bank пен Сбербанктің біздің елдегі еншілес банкі келісімге қол қойды. Келісімге сәйкес, цессия шарты бойынша бөлшек бизнес клиенттерінің кредиттік портфелінің бір бөлігі сатып алынды. Яғни «Сбербанкте» ресімделген кредиттердің бір бөлігі Halyk Bank-ке өтеді.

Экономика • 14 Сәуір, 2022

Энергия ресурстары қайда кетіп жатыр?

Қазақстандағы 72 ірі кәсіпорын елдің энергия ресурстарының 30 па­йызын тұтынып отыр. Бұл туралы Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты хабарлады. Институт энергия тұтынуды төмендету саясатын іске асыру мақсатында мониторинг жүргізіп келеді.

Экономика • 14 Сәуір, 2022

Металл экспорты: Тыйым тығырыққа тіреп жүрмесін

Үкімет металл экспортына уақытша тыйым салмақ. Бірақ бизнес өкілдері жартыжылдық шектеуді құптамай отыр. Олар мәселені қайта қарап, нарық ойыншыларының мүддесін ескеруді талап етуде. Әйтпесе пандемияның салдарынан титықтап қалған сала біржола тып-типыл болуы мүмкін.

Экономика • 13 Сәуір, 2022

Күйдіру машиналарының өнімділігі артты

Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігінің шекемтас өндіру цехындағы екі күйдіру машинасы жаңғыртылып, қайта іске қосылды. Жабдықтың жұмысы 6 ай тоқтап тұрған болатын. Қалпына келтіру жұмыстарына 1 жыл кетті. Жобаға жұмсалған инвестиция көлемі шамамен 3 млрд теңгеге тең.

Қаржы • 11 Сәуір, 2022

Криптоиндустрияның келешегі бар ма?

Қазақстан криптоиндустрияны дамыту арқылы жыл са­йын қыруар табыс таба алады. FinReview.info сарапшылары осындай байламға келіп отыр. Шынымен, елімізде криптоиндустрияның келешегі бар ма? Жауап іздеп көрелік.

Қазақстан • 11 Сәуір, 2022

Cегіз аптаның серпіні

Былтыр отандық 94 IT-компания 886 мың долларға келісімшарт жасады. Нәтижесінде, елге 300 мың доллардан астам инвестиция тартты. Бұл – сегіз аптаның серпіні. Astana Hub технопаркі ұсынған Scalerator акселерация­лық бағдарламасы аз ғана уақыттың ішінде осындай жақсы нәтижеге жол ашты.

Экономика • 07 Сәуір, 2022

Тұтынушылық патриотизм

Елдің экономикасы тығырыққа тіреліп, теңселе бастаған сәтте Үкімет өкілдері мен жергілікті тауар өндірушілердің аузынан «тұтынушылық патриотизм» деген сөз шыға бастайды. Соңғы күндері аталған сөз құлағымызға жиі шалынатын болып жүр.

Экономика • 07 Сәуір, 2022

Импортты алмастыратын жоба көп

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі өнеркәсіптік өндірістердің импортты алмастыратын 700-ден аса жобасын іріктеп алды. Ведомство инвестициялық жобалардың кураторларын белгілеп, оларды іске асыру үшін жеке жауапкершілік жүктеуді көздеп отыр.