Қоғам • 17 Сәуір, 2022
Шымкент қаласындағы Ә.Жангелдин атындағы көшенің бойында «Айгүл» атты аялдама бар. Сол жерде автобус күтіп тұрмын. Жүргінші көп жиналатын, автобус та өте жиі өтетін аялдаманың бірі.
Әдебиет • 13 Сәуір, 2022
Өзінің бақай есебі мен қу құлқыны үшін біреуді нақақтан күйдіріп, қарау іс жасайтын адамның кенеттен өз басына қара бұлт үйіріліп, әділетсіздікке тап келсе, сол бейбақтың көңіл күйі қандай болады? Иә, дүние кезек. Кешегі зорлықшыл бір күнде жапа шегуші, бүгінгі әлсіз, ертең алпауыт болуы әбден мүмкін. Осындайда Джек Лондонның «Күмән» деген әңгімесінде баяндалған жағдаяттар ойға орала кетеді.
Спорт • 12 Сәуір, 2022
Қазыналы Қаратау өңірі, сырлы Созақ даласы елдің имандылығына ұйытқы болған әулиелер мен талант иелеріне, өнер тарландарына қай кезде де кенде болмағаны көзіқарақты жандарға белгілі. Оған аңызды шежірелер мен тарих куә.
Руханият • 11 Сәуір, 2022
Ұлтымыздың ұлылығын, өткені мен бүгініне өзек болған барша құндылығын, рухани және материалдық байлығын, тарихи тұлғаларымызды айтып мақтанып келеміз. Әрине, бұлардың барлығы мақтануға тұрарлық дүниелер, оған сөз жоқ. Бірақ осылайша құр мақтанудан аса алмай келе жатқанымыз белгілі.
Қоғам • 07 Сәуір, 2022
Максим Горкий «Осыдан жүз жыл өткен соң сенің өмірің де ақылға сыйымсыз болып көрінеді әлі», деген екен. Кімге ақылға сыйымсыз болып көрінетіні белгілі. Кейінгілерге, әрине.
Қазақстан • 31 Наурыз, 2022
Қоғамдық кеңестердің жаңа басшылары таныстырылды
Amanat партиясы жанындағы республикалық қоғамдық кеңестер сайлауалды уәделердің орындалу барысына сапалы және жүйелі мониторинг жүргізумен айналысады. Олардың жиындарын әлеуметтік желілерде тікелей эфирде көрсету жоспарланып отыр.
Қазақстан • 30 Наурыз, 2022
Talqylau қоғамдық диалог алаңы жұмысын бастады
AMANAT партиясының Қоғамдық саясат институты жанынан TALQYLAU жаңа диалог алаңы өз қызметіне кірісті. Парламент депутаттарының, сарапшылар мен қоғам белсенділерінің қатысуымен өткен алғашқы талқылау Мемлекет басшысының Жолдауына және аралас сайлау жүйесіне көшу мәселесіне арналды. Талқылау әлеуметтік желілерде тікелей эфирде тарату арқылы интерактивті форматта өтті.
Қазақстан • 29 Наурыз, 2022
Негізгі мақсат – халықтың талап-тілегіне құлақ асу
AMANAT партиясының мобильді қоғамдық қабылдау топтарының аймақтарға сапары жалғасып жатыр. Партия мүшелері Қызылорда және Павлодар облыстарына сапармен барды. Қабылдауға бір күнде 250-ге жуық азамат келіп, барлығы 11 шалғай елді мекен қамтылды.
Қоғам • 18 Наурыз, 2022
Кедейлік проблемасы әйелдерге көбірек кері әсер етеді
БҰҰ-ның Нью-Йорктегі (АҚШ) штаб-пәтерінде Әйелдер жағдайы жөніндегі комиссияның (CSW66) 66-сессиясы өз жұмысын бастады. Оған Қазақстан делегациясы қатысуда.
Қазақстан • 17 Наурыз, 2022
Мобильді қоғамдық қабылдаулар басталды
Amanat партиясының мобильді қоғамдық қабылдауы өз жұмысын бастады. Бұл бастама партияны трансформациялау жұмыстарының азаматтармен кері байланысты күшейту тармағының аясында жүзеге асырылуда. Бірінші болып Қарағанды және Ақмола облыстарының 10 шалғай елді мекенінде мобильді қоғамдық қабылдаулар ашылды.