Саясат • 01 Қаңтар, 2021
Құдай қалап, тәуелсіздіктің үшінші онжылдығын қорытындылайтын жылдың алғашқы таңы да атты. Осыған дейін Қазақ елі талай белесті бағындырды, бұрын-соңды болмаған жетістіктер жылнамасы сәтімен жазылып жатыр.
Саясат • 31 Желтоқсан, 2020
Міндет айқын – халықтың жағдайын жақсарту
Еліміздің сыртқы және ішкі саясатын, даму бағытын Президент айқындайды. Осы орайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылдың 1 қыркүйегінде жариялаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауын ерекше атап өтуге болады. Өйткені еліміз үшін аса маңызды бұл құжатта Қазақстанның бүгіні мен ертеңіне қатысты міндеттер нақты көрсетілді, мақсатымыз айқындалды.
Саясат • 31 Желтоқсан, 2020
Тарих қойнауына енгелі тұрған 2020 жылы елімізде көптеген игі істер атқарылды және ұлтымыздың өшкенін жандырып, жоғын түгендеуге бағытталған игі бастамалар қолға алынды. Осы орайда халық жақсы қабылдап, «бәрекелді» дескен жаңалықтың бірі – елімізде Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі Мемлекеттік комиссияның құрылуы болды.
Оқиға • 31 Желтоқсан, 2020
Транспаренттілік үлгісін көрсетуде
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағыты бойынша өзара іс-қимыл шеңберінде тараптардың бастамасымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі басшылығының кездесуі өтті.
Саясат • 30 Желтоқсан, 2020
«Ауыл» партиясының атынан Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар Дәурен Қуат пен Ғалым Тасыбеков Жамбыл облысының зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, ел тұрғындарының ұсыныс-тілектері тыңдалды.
Сайлау • 30 Желтоқсан, 2020
Қазақстан халық партиясы (ҚХП) атынан Парламент Мәжілісінің депутаттығына және мәслихаттар депутаттығына кандидаттар Ақмола облысының сайлаушыларымен кездесулер өткізуді жалғастыруда.
Сұхбат • 28 Желтоқсан, 2020
Берік Уәли: Ауыр жыл болғанымен, ауқымды іс атқарылды
Бүкіл әлемнің тынысын тарылтып, өкпесін қабындырған биылғы жылдың да жал-құйрығы күзелетін кезге келдік. Ел де, елге тұтқа азаматтар да үлкен сынақтан өтті. Жаһанды жүрісінен жаңылдырған індет кезінде мемлекет нақты қандай әрекет жасады? Президент қандай шешімдер қабылдады? Осындай күрделі, қиын-қыстау кезеңде атқарылған жұмыстардың жай-жапсары, ауқымы жайында Президенттің Баспасөз хатшысы Берік Уәлимен сұхбаттасқан едік.
Қоғам • 24 Желтоқсан, 2020
Қазақстан Ыстанбұл конвенциясына қосыла ма?
Қазақстан Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы мен Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл «БҰҰ – әйелдер» құрылымының қолдауымен Қазақстанның Еуропа Кеңесінің Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған қарсы күрес туралы конвенциясына (Ыстанбұл конвенциясы) қосылу перспективаларын талқылау бойынша консультациялар өткізді.
Қоғам • 24 Желтоқсан, 2020
Қорғаныс саласы күшейіп келеді
Қорғаныс министрі, генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев Орталық коммуникациялар қызметінде баспасөз конференциясын өткізді. Жиында министр еліміздің Қарулы Күштерінде әскери қызметшілерге білім беру және кәсіби дамыту мәселелеріне бірінші кезекте назар аударылғанын атап өтті.
Қазақстан • 23 Желтоқсан, 2020
Электронды үкімет порталына тіркелу жеңілдетілді
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Цифрлық даму, инновациялар, аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің (ЦДИАӨМ) бірлескен кеңесі өтті. Кеңес барысында министр Бағдат Мусин сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға бағытталған цифрлы өнімдерді таныстырды.