Жолдыбай БАЗАР
Жолдыбай БАЗАР«Egemen Qazaqstan»
624 материал табылды

Саясат • 01 Қаңтар, 2020

Ел тарихындағы елеулі оқиғалар

Ұлтымыздың ұлы жолы, талайлы тағдыры, бай тарихы, бабалар өмірі, елдігіміз үшін әзіз жанын пида еткен ірі тұлғаларымыздың өнегелі ғұмыры бүгінгі тәуелсіз Қазақ елінің баға жетпес құндылығы. Осынау құндылықтарымызды түгендеу, бабалар жолын жаңғыртып, оларға тағзым ету, құрмет көрсету бүгінгі ұрпақтың басты парызы, сондай-ақ ертеңге үлгі ретінде ұсынар ізгі амалы. Міне, табалдырығымызды аттаған 2020 жылда да тәуелсіздік жолындағы тарихи оқиғаларға, соның ішінде, әсіресе Қазақ мемлекеттілігінің бастауы саналатын Алтын Орданың 750 жылдығы және басқа да маңызды жайттарға көңіл аудару кеңінен жалғасын тауып, ұлтымыздың ұпайын түгелдер шаралар жүзеге асырылады деп үміттенеміз...

Қоғам • 13 Желтоқсан, 2019

Партия қандастарға қолдау көрсетеді

Nur Otan партиясы, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы және «Отандастар» қоры өзара түсіністік меморандумына қол қойды. Үшжақты меморандумға қол қоюдағы басты мақсат – дүниежүзіндегі қазақтарды тарихи отаны төңірегіне ұйыстыру ісіне қолдау көрсету, атажұрттан тыс жерде, басқа елде туып өсіп, елге оралған қандастарымызға көмек қолын созу.

Қоғам • 04 Желтоқсан, 2019

Әділдік орнаса – әлеумет тыныш

Өз елінде жүріп өгейдің күйін кешу өзекті жанды өкіндірмей қоймасы анық. Бұл өкініш біреудің ғана емес, талайлардың тынысын тарылтып, ақырында санасын сілкісе, «тиісті сыбағасынан жаман ғана құр қалады» дегендей мазмұндағы ой жүйкеге тиіп, жүректі шаншытса, қиын.

Қазақстан • 29 Қараша, 2019

«Бейбітшілік кіндігі» норвег тілінде жарық көрді

Ослоның Әдебиет үйінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бейбітшілік кіндігі» кітабының норвег тіліндегі нұсқасының тұсаукесер рәсімі ұйымдастырылды.

Қоғам • 28 Қараша, 2019

Садақа беру мәдениетінің заманауи үлгісі

Нұр-Сұлтан қаласындағы Әлжан ана мешітінде «QIWI» электронды садақа терминалының тұсаукесер рәсімі өтті. Іс-шараға Ақпарат және қоғам­дық даму министрі Дәурен Абаев, Қазақстан Мұсылмандары діни басқарма­сының (ҚМДБ) төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз қатысты.

Қоғам • 26 Қараша, 2019

Басты ұстаным – әділдік, парасаттылық және сенім

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевпен әңгіме

Парламент • 22 Қараша, 2019

Халықаралық әріптестікті арттыратын құжаттар қабылданды

Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаеваның төрағалығымен палатаның жалпы отырысы өтті. Онда халықаралық бірқатар құжат ратификацияланды.

Әлем • 18 Қараша, 2019

Ауған әйелдеріне арналған бағдарлама

«Берлемонт» ғимаратында (Брюссель) – Еуропалық комиссияның орталық штаб-пәтерінде Қазақстан мен Өзбекстанда ауған әйелдерін оқыту бойынша Еуропалық одақтың бірлескен білім беру бағдарламасын іске қосу салтанатты рәсімі өтті.

Парламент • 14 Қараша, 2019

Заңдардың ел игілігіне қызмет етуі – міндет

Кеше Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен палатаның жалпы отырысы өтті. Онда депутаттар үш заң жобасын мақұлдады. Оның ішінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің қаржы нарығы саласындағы заңнамасын үйлестіру туралы келісімді ратификациялауға қатысты заң жобасы бар.

Қоғам • 12 Қараша, 2019

Келісімшарт құрал болмаса...

Жекелеген адамдар біреуге есе жіберіп алса, әлдекімге ақысы кетсе, іштей мазасызданып, кеткен есесін, ақысын қайтаруға күш салып жатады. Тіпті кейбір адамдар біреуге ақысын жіберіп алған жағдайда оны өзіне қорлық санайтыны бар... Ал тұтас бір мемлекет өзге тараптармен қарым-қатынастары барысында аз үлеске көніп, ұтымсыз келісімдерге барып жатса, сол елдің халқы мұндай қадамдарға қалай қарайды?