Жолдыбай БАЗАР
Жолдыбай БАЗАР«Egemen Qazaqstan»
624 материал табылды

Қоғам • 29 Қазан, 2019

Израильден үйренеріміз көп

Қазіргі таңда елімізде «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (КеАҚ) тарапынан «Қандастарды Отанына қайтаруды мемлекеттік қолдаудың халықаралық тәжірибесін зерделеу» зерттеу жобасы қолға алынып отыр. Аталған құрылым өкілдері осы жоба аясында бірқатар мемлекетке іссапарымен барып қайтты. Бұл елдердің қатарында Израиль де бар. Бұл мәселеде израильдік тәжірибенің озық үлгілері бізді қызықтыратынын ескере отырып, таяуда қазақстандық делегацияны Израильге бастап барған «Отандастар қоры» КЕАҚ-ның басқарушы директоры, заң ғылымдарының докторы, профессор Еркін Әнуарұлы Оңғарбаевты әңгімеге тартқан едік.

Қазақстан • 24 Қазан, 2019

Тиімді ынтымақтастық. Бірлескен іс-қимыл

Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко­ның Қазақстан Республикасына ресми сапары басталды. Осы орайда біз Қазақстан-Беларусь елдері арасындағы ынтымақ­тастықтың бүгінгі көрінісіне аз-кем шолу жасағанды жөн көрдік.

Руханият • 24 Қазан, 2019

Діннің тұтастығы – елдің тұтастығы

Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) ұйымдастыруымен «Рухани құндылықтар – қоғам бірлігінің негізі» атты ІІІ республикалық имамдар форумы өтті. ҚМДБ-ның Нұр-Сұлтан қаласындағы жаңадан пайдалануға берілген Бас кеңсесінде ұйымдастырылған дәстүрлі форумға Президент Әкімшілігінің Басшысы Ерлан Қошанов, Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен белгілі теологтар және 500-ден астам имам қатысты.

Руханият • 23 Қазан, 2019

Жошы ханға ескерткіш орнатылады

Таяуда Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл Үкімет басшысы Асқар Маминге Алтын Орданың 750 жылдығын атап өтуге және оған дайындалуға қатысты депутаттық сауал жолдаған болатын. Осыған орай, яғни депутаттық сауалға Үкімет басшысы жауап берді.

Парламент • 18 Қазан, 2019

Даму болжамының негізгі көрсеткіштері сақталып отыр

Кеше Парламент Сена­ты­ның Төрағасы Дариға Назарбаеваның төраға­лы­ғымен Палатаның жалпы отырысы өтті. Жиын бары­сында «2019 – 2021 жыл­дарға арналған респуб­ликалық бюджет туралы заңға өзгерістер енгізу туралы» заң қабылданды, сон­дай-ақ халықаралық ма­ңызды екі құжат ратифи­ка­цияланды.

Қазақстан • 17 Қазан, 2019

Маңызды салаларға қатысты құжаттар мақұлданды

Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен палатаның жалпы отырысы өтті. Жиында депутаттар әлеуметтік-экономикалық маңызы жоғары үш заң жобасын мақұлдады.

Саясат • 16 Қазан, 2019

Ресейден де үйренуге болады

Жақында «Отандастар қоры» КеАҚ қызметкерлері Ресей Федерациясында отандастарды мемлекеттік қолдаудың халықаралық тәжірибесін зерттеу мақ­сатында Мәскеу қаласына іссапармен барып қайтты.

Қоғам • 11 Қазан, 2019

Өзара сенімнің негізі – бауырластық

Орталық Азия елдерімен екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты кеңейту, халықаралық ұйымдар аясындағы бірлескен іс-қимылдарды уақыт талабына сай өрістету аймақтың қауіпсіздігін, тұрақтылығы мен орнықты дамуын қамтамасыз етуде аса маңызды. Біз Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың Түрікменстанға сапары қарсаңында осы елмен арадағы ынтымақтастыққа шолу жасағанды жөн көрдік.

Қазақстан • 10 Қазан, 2019

Озық тәжірибе тиімділік негізі

Нұр-Сұлтан қаласында Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы академиясы (ХСЖҚА) Тараптар Ассамблеясының VIII отырысының алаңында Қазақстанның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев шетелдік делегациялармен бірқатар екіжақты кездесу өткізді.

Қоғам • 09 Қазан, 2019

«Имидждік» жиын – қаржыны босқа шашу...

Қазіргі таңда қоғамымызда жиі қозға­лып, түрлі сыни пікірлерге арқау болып жүрген мәселелердің бірі – ысырапшылдық. Мұны қоғамдық дерт деп атасақ та қателесе қоймаспыз.