Жолдыбай БАЗАР
Жолдыбай БАЗАР«Egemen Qazaqstan»
75 материал табылды

Саясат • 22 Сәуір, 2019

Шындық айтылуы тиіс десек те...

Қандай да бір елдің мемлекеттік құпиясы саналатын мәліметтер түрлі жолдармен әлемге жайылып кетсе, оның сол ел үшін оңай соқпасы белгілі. Өйткені бұл жерде әлгі елдің ұстанған саясатының, қабылдаған шешімдерінің терең иірімдері, өзге тараптарға қолданатын саяси тәсілдерінің нағыз шынайы мазмұны, дәлірегі, бетпердесі ашылып қалады да, соның салдарынан бірінші кезекте мемлекеттің беделі түседі, содан кейін өзге әріптес елдермен жасасқан екіжақты, көпжақты және халықаралық ұйымдар аясындағы келісімдеріне зияны тиеді. Жалпы, мемлекеттің саяси ақыл-ойында нендей «сұмдықтар» жатқанының жария болуынан туындайтын зардаптар туралы айтудың өзі қиын.

Әлем • 15 Сәуір, 2019

Брекситтің бітетін күні бар ма?

Британияның Еуроодақтан (ЕО) шығуы жөніндегі Брексит (Brexit) келісімін бекіту ісі тағы алты айға шегерілді. Нақтылай айтқанда, ЕО-ның 10 сәуірде өткен кезектен тыс саммитінде қатысушылар бұл елдің Одақтан шығуын 2019 жылдың 31 қазанына дейін шегеруге уағдаласты.

Президент • 15 Сәуір, 2019

Алғашқы мемлекеттік сапар Өзбекстаннан басталды

Кеше Қазақстан Прези­денті Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы мемлекеттік сапармен Өзбекстан Республикасына келді.Мемлекет басшысын Таш­кент әуежайында осы елдің Премьер-Министрі Абдулла Арипов, Cыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов бастаған делегация қарсы алды.

Қазақстан • 11 Сәуір, 2019

Ел үшін қажетті қадам

Ұлттық академиялық кітапханада Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Президент Әкімшілігі ҚХА хатшылығының меңгерушісі Жансейіт Түймебаевтың төрағалық етуімен Ассамблея Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Онда 2019 жылғы 9 маусымда өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлау мәселесі сөз болды.

Әлем • 01 Сәуір, 2019

Көршілес елдерде тұрақтылық болғаны маңызды

Биылғы 28 наурызда Бішкекте мемлекеттік сапармен болған Ресей президенті В.Путин Қырғыз Республикасының басшысы С.Жээнбековпен екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамыту бағытында келіссөздер жүргізді. Екіжақты және аймақтық ұйымдар шеңберінде өзара тығыз байланыста келе жатқан қос мемлекет бұл шараға барынша маңыз берді.