Абай АЙМАҒАМБЕТ
Абай АЙМАҒАМБЕТ«Egemen Qazaqstan»
1211 материал табылды

Экспорт • 13 Ақпан, 2024

Тариф пен экспорттың арасы

Отандық экспорттаушылар теміржол тарифтерінің көтерілуіне қатысты дабыл қағып жатыр. Жыл басынан бері «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы магистралдық теміржол желісі (МТЖ) қызметтерінің тарифін 5%-ға арттырған. Бұған қоса «ҚТЖ-жүк тасымалы» ЖШС локомотивтік тарту қызметтері тарифін 35%-ға көбейтуге өтінім жолдапты. Алайда 2023 жылдың өзінде жүктерді тасымалдауға арналған теміржол тарифтері үш рет (МТЖ қызметтеріне – 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 5%-ға және 2023 жылғы 27 сәуірден бастап 28,4%-ға, локомотивтік тарту қызметтері – 2023 жылғы 6 қарашадан бастап 11,4%-ға) көтерілген екен.

Экономика • 12 Ақпан, 2024

Биыл ел экономикасын не күтіп тұр?

Жаңа Үкімет жасақталып, оған эконо­микалық дамуды өрістету міндеті қойылды. Үкіметтің кеңей­тілген отырысына қатысқан Пре­зи­дент макроэкономикалық көр­сет­кіштермен қатар халықтың нақты табысы да қарқынды түрде артуы керек деді. Қарапайым халық түсінбейтін цифрларды сапырып өте шығатын министрлер енді елмен етене бола бастайтын шығар деген үміт бар. Кәсіби сарапшылар биыл­ғы экономикалық ахуалға қатыс­ты болжамдарын жария етті. Олардың меңзеуінше, биыл был­тырға қарағанда даму үдерісі біршама өспек.

Қоғам • 11 Ақпан, 2024

«9-20-25» бағдарламасы. Кімдер қатыса алады?

Биыл 1 наурызда «9-20-25» ипотекалық бағдарламасы іске қосылады. Бұл жайлы Үкімет басшысының бірінші орынбасары Роман Скляр мәлім етті. Айтуынша, бағдарлама республикалық бюджеттің қаржыландыруымен, «Отбасы банк» арқылы жүзеге асырылады.

Қаржы • 09 Ақпан, 2024

Жылу орталықтары БЖЗҚ қаражатына салына ма?

Желіде осындай ақпараттың тарағанына біраз болды. Елімізде жаңадан жылу электр орталықтарының салынатыны, оған Ресей тарапының қатысатыны анық бола түсті. ЖЭО жобалары үшін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) қаражатының тартылғалы жатқаны да жалған емес. Десе де осы мәселеге тереңірек үңіліп, мән-жайын айқындап көрейік.

Экспорт • 08 Ақпан, 2024

Сыртқы сауда сабақтастығы

2023 жылдың 11 айында Қазақстан­ның сыртқы сауда айналы­мы 125,9 млрд долларға дейін жет­ті, көрсеткіш 2022 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,2 пайызға артық. Бұл – сыртқы сауданың рекордтық көлемі. Ол импорт­тың 20,4 пайызға ұлғаюымен байла­ныс­ты, ал ел экспортының 8,5 па­йызға төмендегенін атап өткен жөн.

Бизнес • 08 Ақпан, 2024

Бизнесті дамытуға не бөгет?

Қазақстан 2029 жылға қарай экономика көлемін екі еселеу­ге (ұлттық экономика көлемін 450 млрд долларға жеткізу) ниеттеніп отырғаны белгілі. Айтқанға оңай болғанмен, бұл – атқарарға ауыр шаруа. Нәтижені еселеу биігіне қазіргі мұнай сатумен баруға болмайды, әрине. Жаңа жағдайда өндірісті дамыту, шағын және орта бизнестің еңсесін тіктеу арқылы ғана қол жеткізе аламыз. Соңғы деректер бойынша – ІЖӨ құрылымындағы өңдеуші өнеркәсіптің үлесі – 13,4, өндіруші сектор үлесі 14,5 пайызға жеткен. Бұл біздің біртіндеп шикізаттық модельден өңдеу индустриясын дамытуға бейімделіп жатқанымызды байқатады.

Қаржы • 07 Ақпан, 2024

Еуропа терезесі

Жыл басында еліміз орташа айлық жалақы бойынша 61-орынға шықты. Numbeo сарапшыларының бағалауынша, қаңтар айында біздің елде салықтан кейінгі «таза» жалақы 585 долларды (260,8 мың теңге) құраған. Бұл көрсеткіш Қазақстандағы орташа атаулы жалақы (үшінші тоқсанда 350,5 мың теңге) бойынша Ұлттық статистикалық бюроның соңғы деректерінен айтарлықтай ерек­ше­ленеді, бірақ ресми орташа жалақыға (230,9 мың теңге) ай­тар­лықтай жақын. Сондықтан Numbeo деректерін шындыққа жақын деуге болатындай.

Қаржы • 06 Ақпан, 2024

Тәуекелшіл компанияға сенеміз бе?

Мемлекет былтырдан бері «Qazaq Air» әуе компаниясын сата алмай әуре. «Самұрық-Қазына» 38 млрд теңге қарызы бар компаниядан былтыр құтылғысы келген, бірақ алушы табылмады. Сосын конкурсты биыл қайта ұйымдастырған. Бағасы 10 млрд 200 млн теңге болатын компания тағы да ешкімді қызықтырмапты. Сөйтіп, қаңтар мен ақпанға белгіленген екі кезеңнен тұратын сауда күшін жойды. Сол аралықта «Air Astana» компаниясы акцияларын бастапқы жария нарықта (IPO) орналастыру туралы шешім қабылдады. Компания акцияларын биржада саудалау арқылы миллиардтаған қаражат табуды мақсат тұтып отыр.

Құқық • 05 Ақпан, 2024

Тұтынушы құқын қорғайтын тұжырымдама

Ұлттық банк Open API және Open Banking-ті дамытудың 2023-2025 жылдарға арналған тұжырымдамасын жариялағалы да біршама уақыт өтті. Тұжырымдама тұтынушылардың құқығын қорғауға баса назар аудара отырып, қаржы секторын цифрлық трансформациялауды жүйелі және кезең-кезеңімен дамытуды жалғастыру мақсатында жасалған. Open Banking («Ашық банктік қызметтер») банктерге өз клиенттерінің деректеріне үшінші тарапқа тек клиенттердің келісімімен ғана қол жеткізуге және осылайша қызмет көрсетудің ыңғайлылығы мен жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді. Мысалы, банкте Open API технологиясы клиент­ке көптеген шотты басқаруға және тұрақты төлемдер мен аударымдар жасауға, қаржылық есептілікті оңтайландыруға, кірістер мен шығыстарды талдауға мүмкіндік береді. Open Banking-ті енгізу халықаралық деңгейде танылған ақпарат алмасу хаттамасы болып саналатын Оpen API технологиясын қолдануға негізделген.

Қаржы • 05 Ақпан, 2024

Биржаға барар жол: Нені білу керек?

Қор нарығына қадам басу ерекше сауат пен білікті талап етеді. Бірақ бұған қарап биржада мәміле жасау соншалықты қиын әрі онымен тек ірі инвес­торлар ғана айналысады деген көзқарас тумауға тиіс. Қазір биржа үдерістері әлдеқайда жеңілдетілді. Түрлі қосымшалар шықты. Күнделікті жұмысын істеп жүріп-ақ қор нарығынан тәуір пайда табуға машықтанған адамдар өте көп. Дегенмен кейбір ерекшеліктерді біліп жүргеннің артығы жоқ. Өйткені мұнда ұсақ-түйек қателік деген мүлде болмайды.