Абай АЙМАҒАМБЕТ
Абай АЙМАҒАМБЕТ«Egemen Qazaqstan»
983 материал табылды

Экономика • 27 Қазан, 2022

Инфляция ырық бермей тұр

Ұлттық банк базалық пайыздық мөлшерлемені тағы да жоғарылатып, жылдық 16 пайызға көтерді. Инфляцияның ырық бермеуі осылай істеуге мәжбүрлеп отыр. Бас қаржылық қадағалаушының мәлімдеуінше, бұл шешім мөлшерлеме траекториясын түзетеді, ол алдыңғы шешімдер мен коммуникациялар бо­йынша айқындалған бағыт пен қарқынды сақтайды. Мөлшерлеменің артуы өсіп отырған инфляциялық қысымды көрсететін факторлардың жиынтығына байланысты. Қазір еліміздегі инфляция деңгейі – 17,7 пайыз.

Қазақстан • 27 Қазан, 2022

Цифрландыру көрсеткіші

Қазақстанда цифрландыру деңгейі жыл санап артып келе жатыр. Былтыр еліміз элект­ронды үкіметті дамыту бойын­ша 193 елдің арасынан 28-орын алған. Мемлекет индексі (E-Government Development Index, EGDI) 0,86 тармақты құраған. Бұл – Орталық Азия мен ТМД елдерінің ішіндегі ең озық көрсеткіш. Сонымен бірге біздің ел Ирландия, Канада, Ита­лия, Бельгия, Чехия сияқты дамыған елдерді де басып озады.

Қаржы • 26 Қазан, 2022

Қаржы секторының даму қарқыны

Қазақстанның қаржы секторы өткелектерден аман өтіп келе жатқан, тәуел­сіздік алғалы 30 жылдың ішінде шарықтауды да, құлдырауды да бастан кеш­кен, жұмысы жүйеленген салаға айналды. Егемендік алғаннан кейінгі бастапқы жылдарда бұл салада кідіріс көп болғаны рас. Тек 2000 жылдан кейін жұмыс бір ізге түсіп, банк секторы қарқын ала бастады. Сақтандыру, микроқаржы ­ұйымы және қор нарығы да біртіндеп төрт аяғын тең басқан салаға айналып келеді. Отандық қаржы секторы қазір дамудың қалыпты жолына түсті десек болады.

Қазақстан • 26 Қазан, 2022

Электронды коммерция: Тұтынушы сұранысы қалай өзгерді?

Сарапшылардың бағалауынша, бөлшек электронды коммерция нарығында айтарлықтай өсім бар. Бұған PwC Kazakhstan компаниясы мен Цифрлы Қазақстан қауымдастығы бірлесіп дайындаған «Қазақстан Республикасындағы бөлшек электронды коммерция нарығына талдау» деп аталатын зерттеу нәтижесі дәлел. Талдау 2022 жылдың алғашқы алты айының қорытындысы бойынша жасалып отыр. Зерттеу барысында нарыққа шолу жасалып, сатылым көлемі мен транзакциялар саны, орташа чек пен ондағы өзгеріс, электронды коммерциядағы маркетплейс рөлі негізге алынған.

Технология • 26 Қазан, 2022

Тауар сатудағы түрік маркетплейсі

Қазақстан мен Түркия арасындағы келісімге сәйкес енді біздің тауарлар ірі түр­кия­лық маркетплейс – Trendyol арқылы сатылатын болды. Бұл жайлы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді.

Экономика • 20 Қазан, 2022

Төртінші мұнай өңдеу зауыты қажет пе?

Елімізде төртінші мұнай өңдеу зауытын салу туралы бастама арагідік көтеріліп тұрады. Қазір елімізде үш мұнай өңдеу зауыты бар – Атырауда, Павлодарда және Шымкентте. Павлодар мен Шымкент МӨЗ-і жылына шамамен 6 млн тоннадан астам мұнай өңдесе, Атырау МӨЗ-нің қуаттылығы 5,5 м­лн тонна шамасында. Жал­пы алғанда, бір жылда үш МӨЗ бірігіп 18 млн тоннаға жуық мұнай өңдейді.

Қаржы • 20 Қазан, 2022

Инфляция тауар бағасына тәуелді

2022 жылдың қыркүйек айының қорытындысы бойынша елдегі жылдық инфляция деңгейі 17,7 пайыз болды. Тамызда 16,1 пайыз болған еді. Өкінішке қарай, қымбатшылық күн санап ілгерілеп бара жатыр. Жылдық инфляция 20 өңірде қарқын алған.

Қоғам • 18 Қазан, 2022

Онлайн-супермаркеттің игілігі

Электронды еңбек биржасының базасында бірыңғай цифрлы экожүйе құрылмақ. Бұл дегеніміз – жұмыспен қамту сала­сын­дағы онлайн-супермаркет. Азаматтар экожүйе арқылы ма­мандық таңдайды, тиісінше еңбек қатынастарын да рәсім­дейді.

Қазақстан • 18 Қазан, 2022

Тауар таңбалаудағы тосқауыл

Кейінгі үш жыл көлемінде елімізде тауар таңбалау ісі қолға алынды. Алайда мамандар бұл бастаманың да әлі шикі тұстары көп екенін айтып дабыл қағады. Өндірушіден тұтынушыға дейінгі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тиіс бұл жұмысты қай тұрғыдан жетілдіру қажет?

Қаржы • 17 Қазан, 2022

Газы бардың назы бар

Еуропа елдерімен салыстырғанда Қазақстанда газ бағасы біраз төмен. Бізде 1 мың текше метр газ жаққаны үшін 58,5 доллар төлейді. Бұл – шамамен 28 мың теңге. Екінші орында 96,2 доллармен Ресей тұрса, үштікті 138,7 доллармен Беларусь түйіндейді.