Қаржы • 16 Ақпан, 2022
Банкрот болудың талабын білген абзал
Жеке тұлғаларды банк алдында өзін банкротпын деп жариялауға мүмкіндік беретін заң жобасы жақын арада қабылданбақ. Осыдан бірнеше күн бұрын ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында заң жобасы жарияланып, көпшілік талқысына ұсынылды. Жоба 23 ақпанға дейін талқыланады.
Экономика • 16 Ақпан, 2022
2022 жылға 22 банкпен аяқ бастық. Былтыр төрт банк нарықпен қош айтысты. Оның екеуі Орифджан Шадиевке тиесілі AsiaCredit Bank (ақпан) пен Capital Bank (маусым) болса, бірі – Jusan Bank-ке жұтылған АТФБанк (қазан). Төртіншісі – Пәкістан Ұлттық банкінің еншілес банкі. Мамыр айында өз еркімен лицензиясын қайтарды. 2021 жылы сектордың жиынтық активі 20,7 пайызға өсіп, 37,6 трлн теңгені құраған. Алғашқы бестікте – Halyk Bank (11,6 трлн теңге), «Сбербанк» (4,2 трлн), Kaspi (3,6 трлн), «Отбасы банк» (2,8 трлн) және Jusan (2,6 трлн).
Қоғам • 15 Ақпан, 2022
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2021 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша елде 19,1 млн адам тұрады. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 1,3 пайызға көп.
Экономика • 15 Ақпан, 2022
Мемлекет пен бизнес: Қолдаудың қарымтасы қандай?
Елімізде бұдан былай мемлекеттік қолдауға ие болғысы келген кез келген өнеркәсіптік кәсіпорын соның қайтарымын жасауға міндеттелмек. Бұл туралы ашық үкімет порталында жарияланған «Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету кезінде қарсы міндеттемелерді айқындау және қолдану жөніндегі қағидалары туралы» деп аталатын бұйрықта атап көрсетілген.
Қаржы • 10 Ақпан, 2022
Ауыл шаруашылығындағы субсидия жырының айтылғанына біраз жылдың жүзі болды. Созбаққа салынған бұл тақырып айтылған сайын құдды шешімін әне-міне табардай болып тұрады. Бірақ бірер күннен соң-ақ құмға сіңген судай із-түссіз ұмытылушы еді. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мәселеге нүкте қояр кез жеткенін аңғартқандай болды.
Қоғам • 10 Ақпан, 2022
Қаржы хакерінен сақтану әдістері
Цифрлы технологиялардың дамуымен бірге алаяқтар да қалыспай, алдаудың жаңа тәсілдерін ойлап тауып жатыр. Тіпті алуан түрлі айласын көріп, естіп жағаңды ұстайсың және осынау әбжілдік пен өнертапқыштықты адал іске бағыттаса қандай цифрлы революция тудырар еді-ау деп таңырқайсың.
Қаржы • 09 Ақпан, 2022
Fitch: Қазақстанның жағдайы тұрақты
Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігі кезекті рейтингін жариялап, онда Қазақстанның жағдайын ВВВ деңгейінде, яғни тұрақты деп бағалады.
Экономика • 09 Ақпан, 2022
Сән-салтанат салығын енгізу мәселесінің көтерілгеніне он жылдан асты. Сонау 2012 жылдың өзінде мәжілісмендер бұл тақырыпты арагідік көтерген болатын. Әріге бармай-ақ берідегі депутаттардың ұсынысынан бастай берейік. Былтыр жыл соңында Мұрат Бақтиярұлы сән-салтанат салығын енгізейік, көп елде бұл тәжірибе бар деп дәйек келтірген. Оған Қаржы вице-министрі Марат Сұлтанғазиев бас изеп, құптаған.
Президент • 08 Ақпан, 2022
Азаматтар табысын арттыру – басты міндет
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Отырыс барысында елдің 2021 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы баяндалып, биылға арналған іс-қимыл жоспары қарастырылды. Жиынды ашқан Президент былтыр ел экономикасының 4 пайызға өскенін, бірақ қаңтар оқиғасы біздің өмірімізді түбегейлі басқа арнаға бұрып жібергенін айтты.
Экономика • 08 Ақпан, 2022
Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының хабарлауынша, салық түсімдерінің өсуіне және мұнайдың қымбаттауына қарамастан Қазақстан бюджетінің тапшылығы бір жыл ішінде 1 трлн теңгеге жақындай түскен.