Абай АЙМАҒАМБЕТ
Абай АЙМАҒАМБЕТ«Egemen Qazaqstan»
1211 материал табылды

Қаржы • 21 Шілде, 2022

Сый мен сынақ

Қазір еліміз екі түрлі күйді бастан кешіруде. Бірі – цифрлы даму игіліктерін тұтынуы: мемлекеттік қызметті онлайн алу, карточканы үйде отырып ашу, тіпті азық-түлікті де онлайн сатып алу деген секілді. Екіншісі – сол цифр­лы игілікпен ере келген киберқатер. Былтырдың өзінде Қазақстанда интернет-алаяқтыққа қатысты 21 405 қылмыстық іс тіркелген. Бұл полицияға хабарланған қылмыстар ғана. Ал онлайн үптелсе де үндемей, өзгенің қарызын төлеп жүрген жандар қаншама. «Барлық зұлымдықтың түп-тамыры ақшада жатыр дейді. Мұны ақшасыз қалуға қатысты да айтуға болады», дейді ағылшын жазушысы Сэмюэл Батлер. Ақша жүрген жер дау-дамайсыз болушы ма еді. Алдасу да, арбасу да, астамсу да сол маңда. С.Батлер меңзегендей, тақыл-тұқыл кедейленуге де, асып-тасып баюға да ақша кінәлі. Осы бір құны биік қағаз үшін қарапайым тіршілікте қаншама қызық һәм қатерлі уақиғалар болып жатқанда, қаржы әлемінің өз ішінде қандай «кереметтер» дүниеге келеді десеңізші. Бәлкім, сол себеп – қаржы тақырыбы детектив жазушылардың да қаламына жиі арқау болады.

Қаржы • 20 Шілде, 2022

Венчурлы инвестиция – ақылды капитал

Инвесторлардың жоғары технологияық компа­нияларға инвестиция құйып, одан қысқа мерзімді перспективада табыс табуға деген ұмтылысын венчурлы индустрия деп атасақ болады. Сан түрлі стартап, өнертабыс және тың технологиялық серпілістердің пайда болуы, венчурлық нарықтың да көрігін қыздырып жатыр.

Бизнес • 19 Шілде, 2022

Кәсіпкерлердің кредит алуына не кедергі?

Ел экономикасындағы ең шетін, нәзік мәселенің бірі – экономикаға несие берудің жайы. Ірі бизнестің мұртын балта шаппайды, қинайтыны – шағын кәсіптің кредит ала алмай, кідіріп тұрғаны. Шенділер осыған дейін де экономиканы несиелеудің тым баяу жүріп жатқанын арагідік сөз етуші еді. Осы тақырыптың тоқетерін Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

Қаржы • 19 Шілде, 2022

Қаржы секторы қалай дамиды?

Қазақстанда еңсесін тіктеп, өрісі кеңейіп келе жатқан бір сала болса, бұл – қаржы саласы. Соңғы жылдары аталған сектор бірқатар қателіктен сабақ алды және бұл бағыттағы кәсібилік деңгей біршама жоғары көтерілді дей аламыз. Соңғы 5 жылда қаржы жүйесінің жиынтық активтері 74,5%-ға өсіп, 44,3 трлн теңгеге жетті. Бұл ІЖӨ-нің 54,5%-ын құрайды. Елдегі екінші деңгейлі банктер қаржы жүйесінің 85%-ын еншілесе, басқа секторлардың қаржы нарығындағы үлесі 15 пайызды құрайды.

Экономика • 18 Шілде, 2022

Реті келген релокация

Батыс санкцияларынан кейін Ресейдегі жүздеген шетелдік компания 140 миллиондық нарықтан кетті. Бұл – еліміз үшін үлкен мүмкіндік еді, тиісінше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көрші елдегі бизнестің Қазақстанға релокациясын сәтті жүзеге асыруға шақырды. Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысы кезінде Ресейден кеткен компаниялар үшін елімізде қолайлы жағдай жасалуы керек деген тапсырма жүктеді.

Қоғам • 17 Шілде, 2022

Алаяқтарды eGov арқылы аңдуға болады

Цифрлы шешімдердің күнделікті өмірімізге дендеп енуіне байланыс­т­­ы киберқауіпсіздік те алғы шепке шықты. Ақшамыз да, құжатымыз да, дерегіміз де цифрланған, соған сай олардың қауіпсіздігін сақтау да маңызды мәселеге айналды. Кибер­қауіпсіздікке әсте бейжай қарауға болмайды.

Экономика • 14 Шілде, 2022

Шағын және орта бизнес табыс көзіне айналсын десек...

Сөз жоқ, Қазақстан экономикасының басты көзірі – мұнай. Соны сатудан түскен пайданың өзі-ақ Ұлттық қорды толықтырып, нәпақамызды айырып тұр. Алайда оның таусылатын қор және шикізаттық экспорт екенін ұмытпаған жөн. Оған соңғы кездегі экспорттық қысымдарды қосыңыз. Бұл тұрғыда шағын және орта бизнес (ШОБ) біртіндеп жалпы бизнестің бел омыртқасына айналып, негізгі позицияға шығуға тиіс.

Қаржы • 13 Шілде, 2022

Цифрлы теңге пайда болады

Ұлттық банк біраздан бері айтып жүрген цифрлы теңге 2022 жылдың соңына дейін енгізіліп, қолданысқа берілмек. Жақында ҰБ мен Төлем және қаржылық технологияларды дамыту орталығы (ТҚТДО) «Цифрлы теңгені енгізу бойынша шешім қабылдау моделі» баян­дамасын жария етті.

Технология • 13 Шілде, 2022

Тауарларды таңбалау – тиімді жоба

Жақында Еуразиялық үкіметаралық кеңес Қазақстанда міндетті цифрлы таңбалауды енгізуге қатысты мораторийді қабылдамады. Мораторий енгізу мәселесі Еуразиялық үкімет аралық кеңес отырысында Үкімет басшылары деңгейінде қарастырылған еді.

Экономика • 11 Шілде, 2022

Жеке инвесторлар стрестік активті қалай сатып алады?

Тұтынушы банктен алған несиесін қайтармай қойса және несие қарызын төлемегеніне 90 күннен асып кетсе, ол «стрестік актив» болып саналады. Былайша айтқанда, «улы» қарыз. Мұндай «улы» қарыздар банктің қаржылық тұрақтылығына нұқсан келтіреді. Егер нарықта банк алдындағы міндеттемесін орындай алмай отырған азаматтар үлесі артса, онда секторда тоқырау басталады. Қазір бізде банкке қайтарылмай тұрған қарыз көлемі – 2,3 трлн теңге. Мемлекет стрестік активтерді экономикалық айналымға енгізу үшін тиісті заңға өзгерістер енгізді. Енді сол жайында егжей-тегжей баян етелік.