Қаржы • 11 Шілде, 2022
Қатаң ақша-несие саясаты жалғасады
Қазақстанда жүргізіліп жатқан ақша-несие саясаты өте қатаң. Бұлай етуге 2020-2022 жылдардағы тұтынушылық инфляцияның күрт өсуі, 2019 жылдан бергі инфляция бойынша таргет-дәліздің төмендігі, банк жүйесіндегі долларлану тәуекелі және девальвациялық күтулер себеп. Бәлкім, осы себептен, пандемия уақытынан бері базалық ставка 9 пайыздан жоғары көтеріліп көрген емес. АКРА халықаралық рейтинг агенттігі осылай деп топшылайды.
Экономика • 07 Шілде, 2022
Каспий құбыр консорциумы жаңа бағыттарға жол аша ма?
Қазақстан мұнайы экспортының 82 пайызын (жылына 67 млн тонна) тасымалдап отырған «Каспий құбыр желісі консорциумының» (КҚК) қызметі 30 тәулікке тоқтады. Мұндай шешімді Новороссийск қаласының Приморье аудандық соты қабылдады. Ространснадзор мұнайдың апатты төгілуін жою жоспары бойынша бірнеше құжаттық бұзушылықты анықтапты. Сөйтіп, бірнеше жылдан бері басты экспорттық маршрутымызға айналған, халық арасында КТК атымен танылған консорциум тағы да тығырыққа тірелді. Осы орайда кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өткізген еліміздің көлік-транзиттік әлеуетін дамыту жөніндегі кеңесті айрықша атап өту керек. Мемлекет басшысы мұнай экспорты жолдарын әртараптандыруды тапсырды. Сонымен қатар транскаспий бағытына басымдық беру қажет екенін айтты.
Қаржы • 07 Шілде, 2022
Атын естісек үрке қарайтын криптовалютамен сауда-саттықты енді өз елімізде еркін жасауға болады. Ол үшін «Астана» халықаралық қаржы орталығында тіркелген кез келген екінші деңгейлі банктен заңды шот ашып, инвестор ретінде криптовалюталарды сатып алып, қайта сатып, түрлі операцияларды орындау жеткілікті. Кейін қоржыныңызға түскен крипто-кірісті кәдімгі ақшаға айналдырып, шотыңызға жібере аласыз. Ол үшін сізге банк көмектеседі.
Қаржы • 29 Маусым, 2022
Нақты пайыздық мөлшерлеме нөлге теңесті
Қазақстан Қаржыгерлер қауымдастығы 2022 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша отандық қаржы нарығындағы пайыздық ставкаларға шолу жасады. Қауымдастық сарапшыларының айтуынша, нақты пайыздық ставка 2016 жылдан бері алғаш рет нөлге теңесті және жақын айларда теріс мәнге айналуы мүмкін.
Экономика • 29 Маусым, 2022
Қазақстанда жанар-жағармай бағасы 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен қымбаттайды. Сонымен бірге алдағы 180 күн шеңберінде Аи-80, Аи-92, Аи-93 бензинінің бағасы бекітілмек.
Экономика • 29 Маусым, 2022
Гендерлік бюджет құру – өзекті міндет
Нұр-Сұлтан қаласында «Гендерлік бағдарланған бюджеттеу және Қазақстандағы ұлттық стратегиялық және бюджеттік жоспарлау жүйесіне енгізу құралдары» атты екі күндік тренинг өтті. Тренингке министрліктер мен ведомстволардың өкілдері, облыстық қоғамдық кеңестердің өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар мен сарапшылар қатысты.
Әлем • 29 Маусым, 2022
Ресей техникалық дефолтқа ұшырады
Блумберг агенттігі 100 жылда алғаш рет Ресейдің шетелдік валютадағы тәуелсіз қарыз бойынша дефолтқа ұшырағанын хабарлады.
Экономика • 29 Маусым, 2022
Үлестік құрылыс проблемалары қалай шешіледі?
Тұрғын үй құрылысы – шешілмей жатқан түйіндері шаш етектен келетін сала. Әсіресе үлестік құрылыс дегенде арыз бен шағым қарша борайды. Қазақстанның қай қаласына барсаңыз да құрылысы қаңтарылып қалған тұрғын үй кешендерін тауып алу қиын емес. Былтыр елорда әкімдігі 13 мың үлескердің проблемасын шешті. Биыл жыл соңына дейін 40 құрылыстың проблемасын біржақты етпек. The Steppe мәліметінше, Алматыда 24 нысан құрылысы ұзаққа созылуы тұрғысынан өзіндік рекордтан үміткер.
Технология • 27 Маусым, 2022
Құрылыс саласы қалай цифрланып жатыр?
Қазір еңбектің қай саласын да цифрланусыз елестете алмаймыз. Цифрланбаған сала – көшке ілесе алмаған жалқау түйе сықылды: көп уақыт өтпей-ақ сансыз процестің арасында малтығып қала береді. Енді заманауи осы үдеріс құрылыс саласында да маңызды бола бастады.
Қаржы • 27 Маусым, 2022
АҚШ тарапынан бұғаттаушылық санкцияға ұшырағаннан кейін ресейлік «Альфа-Банк» еншілес банкінің 100 пайыз акциясын отандық «Банк ЦентрКредит» сатып алды. Бұдан былай ол нарықта жаңа атаумен – Eco Center Bank ретінде қызмет етпек.