Абай АЙМАҒАМБЕТ
Абай АЙМАҒАМБЕТ«Egemen Qazaqstan»
983 материал табылды

Экономика • 21 Желтоқсан, 2021

Банк пен бизнес достығы неге әлсіз?

Биыл шағын және орта бизнесті несиелеу көлемі 4,3 трлн теңгеге жеткен. Соның арқасында біраз бизнестің шаруасы оңалған. Осы деректі тілге тиек еткен Олег Смоляков банктердің экономиканы несиелеу қарқыны өсіп келеді дейді.

Қазақстан • 20 Желтоқсан, 2021

G-Global. XXI ғасыр әлемі: «Отбасы банк» және онлайн формат

Пандемияның пайдасы не десе, сөз жоқ цифрлану процесін жеделдеткенін айтар едік. Алдағы 5-10 жылдың күн тәртібінде тұрған онлайн форматқа ауысу жоспары айналасы бір жылда орындалды. Клиенттен айырылып қалмас үшін көптеген компаниялар түсінікті әрі тиімді IT өнімдерді нарыққа алып келді. Бәсекелестік тудырды. 2020-2021 жылдар нағыз қаржылық-техникалық төңкерісімен есте қалмақ. Таяуда ғана елімізде Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық жобасына айналған «G-Global. XXI ғасыр әлемі» атты II халықаралық онлайн-конгресс өтті. Конгрестің «Қаржы секторының келешегі: цифрлы инновациялар және қаржылық экожүйелердің дамуы» атты сессиясы қаржы секторы мәселе­ле­ріне арналды.

Экономика • 20 Желтоқсан, 2021

Бензинге арналған қоспа өндіреді

Биыл шілде айында ғана іске қосылған «Шымкент химиялық компаниясы» ЖШС еуро-4 және еуро-5 бензиндеріне арналған қоспа шығарумен айналысады. Аталған қоспа – метил-трет-бутил эфирі (МТБЭ) деп аталады. Компания бас директоры Манат Бибасовтың айтуынша, зауыт жылына 57 мың тонна дайын өнім шығаруға дайын. Әрі өнімнің тазалығы 99 па­йыз деңгейінде екен.

Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2021

«Керуен Сарай» – тарихтың кілті

Адам бәрібір бабалар тарихын аңсап тұрады. Сол заманға бір оралғысы келеді. Тым құрыса бірер мезетке. Ежелгі баһадүрлермен қауышу, олар жасаған нығметтерді көзбен көру, олардың рухы мен құдіретін сезіну – бойыңа айырықша күш сыйлайтынын айтқызбай түсінесің. Міне, осындай ғажайыпты киелі Түркістанда, соның ішінде «Керуен Сарайға» барып сезінуге болады.

Қазақстан • 10 Желтоқсан, 2021

Бензинге арналған қоспа өндіретін бірегей зауыт

Биыл шілде айында ғана іске қосылған «Шымкент химиялық компаниясы» ЖШС еуро-4 және еуро-5 бензиндеріне арналған қоспа шығарумен айналысады. Аталған қоспа – метил-трет-бутил эфирі (МТБЭ) деп аталады. Компания бас директоры Манат Бибасовтың айтуынша, зауыт жылына 57 мың тонна дайын өнім шығаруға дайын. Әрі өнімнің тазалығы 99 пайыз деңгейінде екен.

Қоғам • 09 Желтоқсан, 2021

Ұшақ билеттері қымбаттады

2021 жылдың қазан айының қорытындысы бойынша әуе жолаушылары тасымалының бағасы соңғы бір жылда 8,7 пайызға қымбаттап кеткен. Finprom-ның жазуынша, қымбатшылық әсіресе Түркістан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында қатты сезілген.

Экономика • 08 Желтоқсан, 2021

Қор нарығы қоңдана бастады

Қор нарығы жайлы ақпарат легі көбейген қазір. Бәріміз бір-бір инвестор атанып кетпесек те, құнды қағаздар сатып алып-сатып жүрудің әйтеуір, бір жағымды құбылыс екенін аңдап, үрдіске ілессек қайтеді деген ниет байқалады. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің есебінше, 2021 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша нарықтың капиталдануы 28,9 трлн теңгені құраған.

Экономика • 29 Қараша, 2021

Баға басын имей тұр

Экономиканың нақты секторының соңғы жартыжылдық мерзімінде өсім көрсете бастағаны белгілі. Үкіметтің ресми дерегіне сүйенсек, 2021 жылдағы 9 айдың қорытындысы бойынша экономиканың өсімі 3,4 пайызға ілгерілеген. Нақты сектордағы өсім 3,5 пайызды құраған.

Экономика • 29 Қараша, 2021

Ауылға салынған инвестиция қысқарды

Ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпке бұрынғыдай аста-төк инвестиция құю қазір азайған. Биыл 9 айдағы көрсеткішті зерделер болсақ осыған көз жеткіземіз. Қаңтардан қыркүйекке дейінгі аралықта ауылдық жерлердегі негізгі капиталға 3,9 трлн теңге инвестиция салыныпты. Бұл бір жыл бұрынғы деректен 12,4 пайызға төмен.

Бизнес • 28 Қараша, 2021

Ұлттық банктің бизнеске араласпағаны жөн

Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) қарашаның 4-і мен 17-сі аралы­ғында Қазақстанда кезекті консуль­тациялық раунд жүргізіп, соның қорытындысына арналған брифинг өткізді. Жиын барысында қор миссиясының басшысы Николя Бланше Ұлттық банктің 2023 ж­ыл­дан бастап бизнесті қол­да­у­ғ­а арналған мемлекеттік бағ­дар­ламалардан шыға бастауын құптай­тынын аңғартты. Сондай-ақ қор өкілдері кәсіпорындардың жекеше­ленуі, бәсекелестікті қолдауға ба­ғыт­­талған тәуелсіз агенттік құру мәселесіне орай да пікір білдірді.