Қаржы • 09 Маусым, 2021
Базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылданды
Ұлттық банк қысқа мерзімді және орта мерзімді перспективада инфляция тәуекелдерінің теңгерімін ескере отырып, базалық мөлшерлемеге қатысты шешім қабылдады. Банктің ақша-несие саясаты жөніндегі комитеті базалық мөлшерлемені жылдық 9,00% деңгейінде белгілеу туралы келісімге келген. Осылайша, бірнеше ай қатарынан базалық пайыздық мөлшерлеме өзгеріссіз қалып отыр.
Қаржы • 07 Маусым, 2021
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының инвестициялық табысы 475 млрд теңгеге жетті. Жалпы, 2021 жылдың 1 мамырындағы ахуал бойынша қор салымшыларының зейнетақы жинағы 12,6 трлн теңгеден асты. Бұл сома зейнетақы жарналары мен инвестициялық табысты қамтиды.
Қаржы • 07 Маусым, 2021
Зейнетақы жинағын жеке компанияларға беру өзін ақтады ма?
Биылдан бастап зейнетақы қоры салымшыларының өз жинақтарын жеке басқарушы компанияларға беру құқығы пайда болғаны белгілі. Әрине, жинақты БЖЗҚ шотында да сақтап, сол жерде де инвестициялық табыс көруге болады. Бірақ Үкіметтің жеке компанияларды да бұл іске тектен-текке араластырып отырмағаны белгілі. Өз кезегінде олар да барынша табысты еселейтінін, тіпті БЖЗҚ-ға қарағанда екі-үш есе жоғары кірістілік алып келетінін айтуда.
Экономика • 06 Маусым, 2021
Қытай вакцинасы, Иран мұнайы және қазақ теңгесі. Үштіктің тағдыры неге бір-бірімен байланысты?
Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы (ОПЕК) мүшелері мен ұйымға кірмейтін мемлекеттер (ОПЕК+) мұнай өндірісін арттыруға келіскен сыңайлы. Нарықтағы сұраныстың өсе бастауы өндірісті ұлғайтуға себеп болып отыр.
Технология • 03 Маусым, 2021
Кадр тапшылығын роботтар шешеді
Елімізде 2021-2025 жылдар аралығында жалдамалы жұмыс күшіне деген сұраныс шамамен 1 млн адамды құрауы мүмкін. Қазір экономикалық белсенді халық саны 9,2 млн шамасында болса, төрт жылдан соң нарыққа 9,3-9,4 млн адам қажет болады. Бұл енді ұзақ мерзімді болжам жағдайындағы қажеттілік.
Әлем • 03 Маусым, 2021
Пандемия ызғары былтырғыдай емес. Десе де қауіп бұлты біржола сейілді деуге ерте. Биылға болжам жасап, келер жылы болуы мүмкін кейбір факторларға көз жүгірткен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы ендігі ахуалдың қалай болары вакциналауға байланысты деген байлам жасады.
Экономика • 02 Маусым, 2021
«7-20-25» тұрғын үй бағдарламасы бойынша 60 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Осыншама өтініштің құны 727,4 млрд теңгені құрайды екен. Әрине, мұның бәрі бірдей қабылданбасы белгілі.
Қоғам • 01 Маусым, 2021
Үкіметтің «зейнетақы қорындағы жиған-тергендеріңді баспана алуға жұмсаңдар» деген сөзінің алғашқы буындары айтыла бастаған мезетте-ақ тұрғын үй нарығы қыж-қыж қайнап жатқан. Баға бетімен кетті. Ауыздықтау тіпті мүмкін болған жоқ. Енді сарапшылар баға төмендейді, нарық тұрақталады деген пікір айта бастады.
Экономика • 28 Мамыр, 2021
Банктердің онлайн платформасы оңтайлы ма?
Бірінші несие бюросының мәліметінше, былтыр 420 мың қазақстандық 140 млрд теңгеге несие рәсімдеген. Несиеден ада-күде адам саны – 1,9 млн. Демек өзге 7 млн шамасындағы экономикалық белсенді халықтың бас-басында кемі бір несиеден бар. Құрығанда ұялы телефонды бөліп төлеп жатыр.
Экономика • 25 Мамыр, 2021
Сыртқы қарыз барлық елде бар. Әскери техника сатып алу, экономиканы қолдау, зауыттарды модернизациялау, басқа да толып жатқан себептер үшін бір ел бір елден займ алады. Кәдімгі несие. Сондықтан қарыз дер уақытында қайтарылуы керек. Әйтпесе кредитор есептесудің басқаша тәсіліне жүгінеді.