Абай АЙМАҒАМБЕТ
Абай АЙМАҒАМБЕТ«Egemen Qazaqstan»
1211 материал табылды

Инвестиция • 13 Маусым, 2024

Инвестиция тартудың мүмкіндігі мен тәсілі

Инвестициялық әлеует біртіндеп артып келе жатыр. «ASER» консалтинг агенттігі арнайы зерттеу жасап, еліміздің инвестициялық тартымдылығына қатысты бір­қатар факторды тізбелейді. Оның ішінде – қолайлы географиялық орналасу, тұрақтылық пен ашықтық және инфрақұрылымды белсенді дамыту бар.

Экономика • 11 Маусым, 2024

Көлік саласын дамыту қай бағытта өрбиді?

Еліміз таяу арада тасымал жолдарын әртараптандырып, оңтүстік пен солтүстік, шығыс пен батыс арасын жалғап жататын ауқымды транзиттік хаб құрғысы келеді. Оған себеп те, негіз де көп. Сарапшылар да жақын жылдарда Еуразиядағы тасымал ағыны күрт көбейеді деп болжап отыр. Алда тұрған міндеттің ауқымдылығы сол – қазір қабылданатын тиімді логистикалық шешім келешектегі табыс пен қауіпсіздік кепілі болмақ.

Қаржы • 08 Маусым, 2024

Банктерге бұйыратын 500 млрд: Қай қаржы институты қатысады?

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) 500 млрд теңге көлеміндегі қаражаты банк облигацияларын сатып алуға жұмсалады. Өз кезегінде қаржы институттары ол ақшаны бизнеске несие ретінде ұсынуға тиіс. Банктерге үш негізгі талап қойылады: «В» деңгейінен төмен емес несие рейтингінің болуы, меншік капиталының 60 млрд теңгеден кем болмауы және өтеу мерзімі 7 жылдан аспайтын нарықтық табыстылықпен облигация шығару арқылы бизнеске несие беру.

Қаржы • 06 Маусым, 2024

Валюталық интервенция жасалмады

Мамыр айының қорытындысы бойынша теңге бағамы 1,2%-ға – 1 доллар үшін 447,25 теңгеге дейін әлсіреді. Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа күндік көлемі бір айда 234 млн доллардан 251 млн долларға дейін ұлғайды. Сауда-саттықтың жалпы көлемі – 5 млрд доллар. Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін мамырда 800 млн долларға валюта сатылған.

Экономика • 04 Маусым, 2024

Мүдделер мүйісі. Ұлы Жібек жолының жалғасы – Транскаспий

Осыдан қаншама мың жыл бұрын, анығырақ айтсақ, біздің дәуірімізге дейінгі II ғасырда Батыс пен Шығыстың арасын жалғайтын Ұлы Жібек жолының дәуірі басталды. Қытайдағы Хуанхэ өзенінің аңғарынан бастауын алған ұлы жол Тарым ойпатын көктей өтіп, Памир үстіртінен асып, Орталық Азияны, Батыс Азияны кесіп өтіп, Жерорта теңізінің шығыс жағалауына дейін жетті. Ғалымдар есебінше, жалпы ұзындығы 12 мың шақырым болған деседі. VI-VII ғасырларда Жетісу мен еліміздің оңтүстігі арқылы өтетін бағыттың тиімділігі арта түскен. Біздің заманның ұлы жолы – Транскаспий халықаралық көлік маршруты (ТХКМ) болатын сыңайлы. Мұны кей кезде Орта дәліз деп те жүрміз. Бұл бағыт та бастауын Қытайдан алады. Ляньюньган портынан басталған маршрут Қорғас құрғақ портына, Достық бекетіне таяп келеді, одан әрі тауар тиелген вагондар Ақтау мен Құрық порттарына жеткізіледі. Тізбек әрі қарай Әзербайжан, Грузия және Түркия топырағында жалғасып, Қара теңіз арқылы Еуропаға шығады. Транскаспийдің де ұзындығы 12 мың шақырымға шамалас. Ұлы Жібек жолы арқылы бір кездері сан алуан тауар, әсіресе жасмин суы мен амбра, кілем мен мата, гауһар мен піл сүйегі, алтын құйма мен қауын-қарбыз толассыз тасымалданыпты. Әрине, ең басты тауар – жібек еді. Қазір де Транскаспий арқылы тауардың түр-түрі тасылады. Солардың ішіндегі ең асылы да бағалысы – қазіргі жібегіміз – мұнай. Ұлы Жібек жолының бойында Құлан, Аспара, Алматы, Талхир, Сауран, Сығанақ, Испиджаб сияқты көркем шаһарлар бой көтерді. Қазіргі Транскаспий желісі түсіп жатқан өлкелердің де өн бойына қан жүгіріп, инфрақұрылым жақсарды. Жаңа теміржол өткелдері, жаңа порттар мен бекеттер тұрғызылып, сауда орталықтары көпфункционалды қатынасты күшейтті. Ең маңыздысы – VI ғасырдағы Түрік қағанаты, XIII ғасырдағы Шыңғыс хан империясы, ал XIV ғасырдағы Teмip империясы Ұлы Жібек жолының бойында тарамдалып жатқан бүкіл жолды бақылауына алса, бүгінде Транскаспийді де, байырғы алып империялардың заңды мұрагері Қазақстан тарапы бас болып дамытып, маршрутқа қатысты барлық іс-шараны елорда төрінен реттеуге атсалысып отыр.

Сауда • 01 Маусым, 2024

Сауда рәсімдері оңтайланады

29 мамырда Мәскеуде өткен Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің отырысында кедендік реттеу, салық және дәрілік препараттар саласындағы бірқатар рәсім бойынша шешімдер қабылданды. Қазақстандық делега­­­ция­ны Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин басқарып барды.

Қоғам • 01 Маусым, 2024

Жылқы шаруашылығы институты құрылады

Ақтөбе ауыл шаруашылығы стансасының базасында жылқы шаруашылығы институты құрылады. Ақтөбе облысына жұмыс сапары кезінде вице-премьер Серік Жұманғарин жергілікті ауыл шаруашылығы тәжірибе стансасына (АШТС) барды.

Экономика • 31 Мамыр, 2024

Негізгі экономикалық көрсеткіш

Ұлттық банк сарапшылар қауымдас­тығы арасында жүргізілген кезекті макроэко­но­микалық сауалнаманың нәтижелерін жариялады. Сауалнаманың негізгі параметр­лері – Brent маркалы мұнайдың бағасы, ел экономикасының өсуі, инфляция, базалық мөлшерлеме, тауар және қызметтердің экспорты мен импорты, сондай-ақ ұлттық валюта бағамы.

Қоғам • 31 Мамыр, 2024

Еурохаттаманың ерекшелігі неде?

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап сақтандырудың міндетті сыныптары бойынша азаматтар сақтандыру төлемін алуға онлайн жүгінуге құқылы. Сақтандыру ұйымдары құрған цифрлық сервистер тұтынушыға сақтандыру ұйымының кеңсесіне баруға уақыт жұмсамай, құжаттардың ең аз топтамасын ұсына отырып, өзі көрсеткен банктік шотқа сақтандыру төлемін қашықтан алуға мүмкіндік береді.

Несие • 25 Мамыр, 2024

Кәсіпкер несиеге қаншалықты мұқтаж?

Бизнес тарапынан банк несиесіне деген сұраныс ұлғая түскен. Шағын бизнестің өтінімі 786 мыңға дейін өскен. Орта және ірі кәсіпкерліктің де үлесі жоғары. Кей банктердің тәуекел профиліне қойылатын талаптарды қайта қарауы несие берілу көрсеткішін жақсартқан сыңайлы. Ұлттық банктің (ҰБ) мәлімдеуінше, мемлекеттік бағдарламалар аясында қаржыландыруды қайта бастау орта бизнес тарапынан сұранысқа оң әсерін тигізді.