Кәрібай МҰСЫРМАН
Кәрібай МҰСЫРМАН«Egemen Qazaqstan»
348 материал табылды

Саясат • 29 Тамыз, 2023

Саяси реформаларға жол ашқан

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жалпыұлттық референдум арқылы Қазақстан Республикасының Конституциясына түбегейлі өзгерістер енгізілгеніне бір жылдан астам уақыт өтті. Ұсынылған 56 түзетуді дауыс беруге қатысқан Қазақстан азаматтарының 77,18 пайызы қолдап, жаңартылған Ата Заң халық мүддесін көздеген игі істерге жол ашты.

Өнер • 21 Тамыз, 2023

Табиғатпен үндескен қолтаңба

Еліміз орнықты дамуға күш сала отырып, экологиялық мәселелерді шешуде алдыңғы қатардан көрініп келеді. Өйткені Қазақстанда табиғатқа жауапкершілікпен қараудың маңызы ескерілген. Осы орайда өнердің экологиялық сананы қалыптастырудағы рөлі біз үшін ғана емес, болашақ ұрпақ үшін де үлкен. Соның ішінде суретшілердің өз шығармашылығын экология тақырыптарына бағыттауы планетамыздың тамаша болашағын орнатуға елеулі үлес болып қосылары анық.

Сұхбат • 21 Тамыз, 2023

Ғалым Нұржанов: Футбол талантты жігіттер үшін әлеуметтік лифт болуы керек

«Қазақмыс» корпорациясы Ұлытау өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2022-2026 жылдарға арналған кешенді жоспарын жү­з­еге асыруға жан-жақты қол­дау көрсетіп келеді. Оның аясын­да аймақ үшін маңызды индус­триялық-әлеуметтік жобалар іске асырылып жатыр. Жаңа­дан құрылған «Ұлытау өңірі» фут­бол қауымдастығының пре­зиденті, «Kazakhmys Barlau» кәсіпорнының бас директоры Ғалым НҰРЖАНОВ «Ege­men Qazaqstan»-ға миллиондар ойынының өңірдегі даму барысы туралы сұхбат берді.

Заң • 17 Тамыз, 2023

Конституциялық сот: Адам құқына араша

Еліміздегі бұрынғы суперпрезиденттік басқару кезеңінде көптеген түйінді мәселенің шешілу-шешілмеуі бір-ақ адамға – Мемлекет басшысына байланысты болғаны мәлім. Ал нормативтік құқық­тық актілердің Ата заңға сәйкестігін қарау Конституциялық кеңес­тің міндеті болғанымен, қарапайым азаматтардың оған жүгі­нуіне мүмкіндік берілген жоқ. Бұл кереғарлық өткен жылғы бүкіл­халықтық референдумда қолдау тапқан конституциялық реформа арқылы жойылып, адам құқықтарын қорғаумен нақты айналысатын Конституциялық сот құрылып, биыл іске кірісті

Қоғам • 16 Тамыз, 2023

Елең-алаң экспат

Ресми мәліметтерге қарағанда, қазіргі кезде елімізде екі қолына бір күрек таппай, жұмыссыз жүрген 80 мыңдай жас бар. Ал 194 мыңнан астам отандасымыз, яғни халқымыздың 1 пайызына жуығы, негізінен жастар шетелге барып еңбек етіп жүр. Бұл «Алыстан арбалағанша, жақыннан дорбала» деген ежелгі нақылдың ескіріп, бүгінгі заман шындығына сай келмей қалғандығын аңғартқандай.

Жастар • 08 Тамыз, 2023

NEET санаты: Жалқау жастарды қалай азайтуға болады?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың Ұлытауда өткен алғашқы отырысында: «Ұлы Абай «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деп өсиет қалдырды. Еңбекқорлық біздің негізгі құндылығымыз болуы қажет. Оны ұлт сипатын айқындайтын асыл қасиетке айналдыруға тиіспіз», дей келіп, Үкіметке жас ұрпақты еңбекке баулуға қатысты бірқатар тапсырма бергені мәлім. Соның негізінде мектептердің оқу бағдарламасына еңбек сабағы қайтадан енгізіліп, оқушыларды кәсіпке баулу қолға алынды.

Қазақстан • 07 Тамыз, 2023

Масс-медиа: Мәртебесі мен мәселесі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр 16 наурызда жариялаған «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» Жолдауында: «Тәуелсіз әрі жауапкершілігі жоғары бұқаралық ақпарат құралдары болмаса, қоғамды одан әрі демократияландыру мүмкін емес екеніне сенімдімін. Сондықтан мемлекеттің мүддесін, қоғамның сұранысын және медиасаланың даму үрдісін ескере отырып, БАҚ туралы заңды қайта қарау керек», деді.

Саясат • 04 Тамыз, 2023

Билеуші партия қайда болса...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың былтырғы 16 наурыздағы «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» Жолдауындағы суперпрезиденттік басқару үлгісінен біртіндеп бас тартуға бағытталған саяси реформасы, соның ішінде билеуші партия мен мемлекеттік аппараттың аражігін ажырату туралы бастамасы қоғамда қолдау тауып отыр.

Қазақстан • 02 Тамыз, 2023

Елді өркендету жолындағы бетбұрыс

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жалпыұлттық референдум арқылы Қазақстан Республикасының Конституциясына түбегейлі өзгерістер енгізілгеніне бір жылдан астам уақыт өтті. Ұсынылған 56 түзетуді дауыс беруге қатысқан Қазақстан азаматтарының 77,18 пайызы қолдап, жаңартылған Ата заң халық мүддесін көздеген игі істерге жол ашты.

Қоғам • 31 Шілде, 2023

Азық-түлік қауіпсіздігі алаңдатады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы 1 қыркүйекте жариялаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауында: «Ауыл шаруашылығын дамыту – негізгі проблеманың бірі. Осы саладағы ахуал мемлекетіміздің азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Еліміздің ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін және оның қосымша құнын арттыру қажет. Бұл – стратегиялық міндет. Қазір тек бидай мен мал сатып отыратын заман емес», деді.