Қазақстан • 24 Қазан, 2023
Еліміздің Жоғарғы Кеңесі іргесі шайқалып, күйреудің алдында тұрған кеңес одағы құрамындағы республикалардың «егемендік шеруіне» ілесіп, 1990 жылы 25 қазанда «Қазақ ССР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы» декларацияны қабылдағанда халқымыздың кеудесінде ұлттық намысы өшпеген саналы азаматтарының бөркін аспанға атып қуанбағаны жоқ шығар.
Мәселе • 19 Қазан, 2023
Ауыл деңгейіндегі қалалар мәртебесі қашан өзгертіледі?
Биыл жолымыз түсіп, Солтүстік Қазақстан облысының Шал ақын ауданының орталығы – Сергеевка қаласындағы қазақ орта мектебінің ұжымымен жолыққан едік. Кездесу барысында мұғалімдер өздері тұрып жатқан шағын шаһардың мәртебесін өзгерту мәселесі көптен сөз болып келе жатқанымен, нақты қашан шешілетіндігі әлі беймәлім екенін қынжыла айтты.
Қоғам • 18 Қазан, 2023
Бұдан біраз жыл бұрын Солтүстік Қазақстан облысының әкімімен бірге шалғайдағы Уәлиханов ауданы әкімінің аудан орталығы – Кішкенекөл ауылында өткен тұрғындар алдындағы есебін тыңдауға бардық. Аудан басшысы жасаған баяндамадан кейін сұрақ-жауап рәсімі басталған кезде бір әйел залда орнатылған микрофонға келіп, төрде отырған облыс әкіміне қарап: «Сіз осы ауылдың біз тұратын көшесіндегі үйлердің сиырларын жайылымға шығарып бағатын бақташы тауып беріңізші...», деп өтінді.
Қоғам • 17 Қазан, 2023
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ-да қоғамдық тыңдау өтті
Жыл сайын «АрселорМиттал Теміртау» АҚ алдағы жылғы жұмысқа экологиялық рұқсат алу үшін қоғамдық тыңдау өткізеді. 16 қазанда кезекті қоғамдық тыңдау өтті.
Энергетика • 16 Қазан, 2023
KEGOC: Электрмонтерлер шеберліктерін шыңдады
Отандық электр энергетикасы саласындағы басты компания – «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы «KEGOC» акционерлік қоғамы жақын күндері электрмонтерлердің кәсіби шеберлігін шыңдауға арналған байқау өткізді.
Қазақстан • 13 Қазан, 2023
Қоғамдық бақылау – халық билігінің қуатты құралы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың Түркістандағы отырысында: «Әділетті Қазақстанды құру – министрлер мен әкімдердің ғана міндеті емес. Оған бүкіл қоғам болып жұмылуымыз керек. Ал түпкі мақсатымызға жету үшін саяси-экономикалық реформа жасау жеткіліксіз. Ең бастысы, әр азаматтың сана-сезімі жаңғыруы қажет. Халқымыздың дүниетанымы және өмірлік ұстанымдары өзгеруге тиіс. Әйтпесе, басқа реформаның бәрі бекер. Бір сөзбен айтсақ, пиғыл өзгермесе, ештеңе де өзгермейді», деген пайымы кімді болсын ойландыруға тиіс.
Дін • 10 Қазан, 2023
Исламның мызғымас бес шарты һәм мұсылман адамның бес парызы – Кәлима-и шәһадат айту, яғни Алладан басқа тәңір жоқ екендігіне және Хазірет Мұхаммед Алланың құлы әрі елшісі екендігіне куәлік ету, күн сайын бес уақыт намаз оқу, жыл сайын ораза ұстау, зекет беру және жағдайы барлардың қажылық жасауы болып саналады. Ал тарихқа үңілсек, басқа мәселелер бойынша дінімізде қатып қалған қағида жоқтығына көз жеткізетін мысал аз емес.
Медицина • 06 Қазан, 2023
Қымбат дәріні халықтың қалтасы көтере ме?
Жуырда Петропавл қаласында тұратын таныс зейнеткер хабарласып, өзінің көптен бері глаукомамен сырқаттанып жүргенін, ал емдеуші дәрігер жазып берген көз тамшысы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесіне енгізілмегендіктен, дәрі сатып алуға мардымсыз зейнетақысынан ай сайын 12 мың теңгедей қаржы жұмсауға мәжбүр екенін айтып шағынды.
Парламент • 05 Қазан, 2023
Ықпалды Парламент – азаматтық қоғам негізі
Мемлекет басшысының бастамасымен былтырғы 5 маусымда өткізілген бүкілхалықтық референдумда Парламенттің, әсіресе оның төменгі Палатасы саналатын Мәжілістің ықпалын арттыруға бағытталған бірқатар түбегейлі шара қабылданды.
Жемқорлық • 03 Қазан, 2023
Кісі өлімінен «бизнес» жасамайық
Жуырда белгілі қаламгер Қорғанбек Аманжол әлеуметтік желіде дүниеден озған адамның мәйітіне «тиіспеу үшін» жұрт патологиялық-анатомиялық бюро (ПАБ) бөлімшесінің яғни мәйітхана қызметкерлері жақынынан айырылған кісіден ақша дәметкені туралы ашына жазды.