Жадыра МҮСІЛІМ
Жадыра МҮСІЛІМ«Egemen Qazaqstan»
92 материал табылды

Қоғам • 01 Мамыр, 2024

Тамырластық тағылымы

Бүгінде қазақ топырағында түрлі этнос өкілдері тату-тәтті тұрады. Статис­тикаға сүйенсек, елімізде орыс – 15,1, өзбек – 3,2, украин – 1,9, ұйғыр – 1,5, неміс – 1,1, татар – 1,1, әзербайжан – 0,7, кәріс 0,6 пайыз және басқа да этностар қоныс тепкен. Әр жылдары елден тарихи отанына 1 млн-нан астам неміс оралған екен. Өздері көш­ке­ні­мен, жүрегінің жартысын қазақтың кең байтақ даласына қалдырып кет­кендерін айтып, жергілікті ұлттың салт-дәстүрін әлі күнге дейін ұста­натындар көп. Қазір елімізде тұратын немістің саны – 220 мың.

Отбасы • 29 Сәуір, 2024

Сенім мен сыйластық үлгісі

Дана халқымызда «Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады» деген бар. Тарих көшінде тағдыр айдап топырағымызға табан тіреген әртүрлі этнос өкілдері елімізде мәңгілікке тұрақтап қалды. Қасиетті мекенімізде ынтымақ, татулық, бірліктің арқасында түрі, тілі, діні бөлек жандар бір үйдің баласындай бақытты ғұмыр кешіп жатыр.

Айбын • 29 Сәуір, 2024

Антына адал офицер

Бейбіт күнде де ерлікке орын барын Ұлттық ұланның әскери қызметшілері дәлелдеп келеді. Өз басына қатер төнсе де тілсіз жаумен алысқан 6655 әскери бөлімнің кадр бөлімшесінің басшысы, лейтенант Рысқали Еңсепбаевты да «Бейбіт күннің батыры» деп айтуға болады.

Аймақтар • 25 Сәуір, 2024

Жасыл орман – жанға сая

«Ұлт сапасын жақсартамыз десек, бір ел болып жаңа құндылықтар жүйесін қалыптастыруымыз қажет» деген Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында экология мәселесін де сөз етті. Еліміздегі экология сұрақтарын көтеріп жүрген белсенді азаматтардың саны артып келе жатқанына ерекше тоқталған Президент бұл мәселенің өзінің ерекше бақылауда болатынын да айтқан еді. Ал жақында Қасым-Жомарт Тоқаев Семей қаласындағы қарағайлы орманды қалпына келтіру жөніндегі жергілікті тұрғындардың бастамасын қолдайтынын жеткізді.

Қоғам • 24 Сәуір, 2024

Ғажайып әлемінің кейіпкеріне енді

Кеше Қазақстандағы Түркия Республикасының елшілігінде «23 сәуір ұлттық егемендік және балаларды қорғау күніне орай» астаналық балаларға көңілді мереке ұйымдастырылып, сыйлық үлестірілді.

Қоғам • 23 Сәуір, 2024

Дәріс тақырыбы – сайлау жүйесінің өзекті трендтері

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Қазақстанның сайлау жүйесін дамытудың өзекті трендтері» тақырыбында сөз сөйледі. Іс-шараға студенттер мен профессорлық-оқытушылық құрам өкілдері, сондай-ақ ОСК хатшысы, мүшелері, комиссия жанындағы Сарапшылық кеңесінің, еліміздің бірқатар өңірінің аумақтық сайлау комиссияларының мүшелері қатысты.

Халық • 17 Сәуір, 2024

Ұлттық ұлан көмек күшін еселеді

Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің бұйрығымен Ұлттық ұланның 3 мыңнан аса әскери қызметшісі қосымша күш ретінде су тасқынынан зардап шеккен еліміздің батысы мен солтүстігінде белсенді көмек көрсетіп жатыр.

Қоғам • 15 Сәуір, 2024

Курсанттардың да көмегі көп

Солтүстік Қазақстан облысындағы Сергеев су қоймасындағы судың сыйымдылығы нормадан асып кеткен. Мұндағы су көлемі әдеттегіден 160%-ға артық. Бұл су көлемінің шекті деңгейі емес. Қазіргі сәтте жиналған судың биіктігі 3,5 метрден асқан. Өңірдің 8 ауданында жағдай әлі де күрделі. Көп ауыл­ды су басу қаупі бар. Өңірдегі елу жолды су шайып кетті. Су басқан аудандардағы қауіпсіздікті бақылау және жергілікті тұрғындарға көмек қолын созу үшін өңірге мыңдаған Ұлттық ұланның әскери қызметшісі мен полиция қызметкері қызмет атқарып жүр.

Кино • 09 Сәуір, 2024

Кинотуындының тәлімі

Режиссер Ринат Балғабаевтың «БҰҰ-әйелдер» құрылымының қолдауымен түсірілген «Горгона» деректі фильмінің көрсе­ті­лі­мі миллион қаралым жинаған. Бұл туралы Астанада өткен баспасөз мәслихатында айтылды. Туынды бүгінгі қо­ғам­­ның өзекті тақырыбына айналған сексуалдық зорлық-зом­былық мәселесін қаузап қана қоймай, тағдыры ұқсас кейіп­кер­лердің бойындағы өзіне деген сенімділікті арттыруға үндейді.

Айбын • 08 Сәуір, 2024

Өмірін әскер өзгерткен

Тұрмыстың тауқыметіне арқа тосып, еңбекке ерте ара­лас­қан сер­­жант Шахрухқожа Абдуразаков өзге балалар ойын алаңында уа­қыт өткізіп жүргенде, мақта мен жүгері те­ріп, ата-анасына қол­ғабыс, бауырларына қамқоршы болды. Ал Отан алдындағы боры­шын өтеу оның өмірін түбегейлі өз­герт­ті. Ұлттық ұлан сапы­на қо­сылған ол қазір 3660 әс­ке­­ри бөлімінің 2-атқыштар рота­сы 4-взвод 2-бөлім­ше­сі­нің командирі қызметін атқарып жүр. Болашақта арнайы жа­сақ қа­та­рында қызмет етуді мақсат тұтқан жігіттің жос­пары көп.