Қазақстан • 12 Наурыз, 2021
Қоршаған ортаға кері әсерін азайтты
2020 жылы экологиялық әсер деңгейі 2019 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда төмендеді. Ауаны ластаушы заттар шығарылымы 1 405 тоннаға төмендеп, 6 624 тоннаны құрады.
Қазақстан • 12 Наурыз, 2021
Медициналық алғашқы көмекке басымдық беріледі
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдерімен кездесті. Жүздесу барысында ДДҰ-ның Қазақстандағы медициналық-санитарлық алғашқы көмектің (МСАК) рөлін күшейту жөніндегі бағдарламасын іске асыру қырлары, ДДҰ-ның 74-сессиясында МСАК бойынша жоғары деңгейдегі іс-шараларды бірлесіп ұйымдастыру, сондай-ақ ведомство мен ұйымның МСАК жөніндегі географиялық қашық орналасқан офисі (ГҚО) арасындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.
Экономика • 02 Наурыз, 2021
Үнемді өндіріске – үлкен қадам
Үнемді өндіріс тақырыбы бүгінде өте өзекті саналады. Биыл «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ өзінің еншілес кәсіпорындары жұмысының бағытын анықтағанда, шығарындыларды азайтуға және үнемді өндіріс идеяларын алға жылжыту үшін энергиялық тиімді шараларды енгізуге ерекше назар аударды.
Қоғам • 02 Наурыз, 2021
Қайырымды да батыл жандар құрмет төрінде
Өзгенің қайғысын бөлісуге, риясыз көмекке дайын, игі істердің бастаушысы болатын жандар аз емес. Мейірімді, бауырмал, қайырымды, жомарт адамдар – кез келген қоғамның негізгі тірегі. Осы орайда Нұрсұлтан Назарбаев қоры мен Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы «Қайырымдылық керуені» республикалық байқауын үшінші жыл қатарынан ұйымдастырып жатыр. Аталған іс-шараға Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қатысты. Байқау қайырымдылық идеяларын насихаттауға, белсенді азаматтық бастаманы дамытуға бағытталған.
Қоғам • 02 Наурыз, 2021
МӘМС: жиі қойылатын жеті сауал
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалына тұрғындар тарапынан түсе тін сұрақтар легі толастаған емес. Қор тұрақты түрде тұрғындармен кері байланыста жұмыс жүргізіп отырады. 2021 жыл басталғалы 202 өтініш тіркелді, халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау бөлімі олардың бәрін уақтылы шешімін тапты» дейді. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі. Қай кезде де өзекті, жиі қойылатын тұрғындар сауалына Медициналық сақтандыру қорының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау бөлімінің бас сарапшысы Жанаргүл ҮМБЕТОВА жауап береді.
Қоғам • 02 Наурыз, 2021
Карантин кәсіпкер әйелдерге қалай әсер етті?
Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия, Қазақстандағы «БҰҰ-әйелдер» құрылымы және «Қолданбалы экономиканы зерттеу орталығы», Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қолдауымен Қазақстанда COVID-19 пандемиясы кезіндегі кәсіпкер әйелдердің проблемаларын анықтау үшін ауқымды зерттеу жүргізді.
Медицина • 25 Ақпан, 2021
Құлағының мүкісінен құтылғанына қуанышты
Мұхтар бар болғаны 32 жасында сол құлағынан айырылып, оң құлағымен ғана еститін болған.
Медицина • 25 Ақпан, 2021
Отандық фармацевтика – дәрі-дәрмек қауіпсіздігінің кепілі
Жуырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің барысында коронавирус пандемиясы жағдайында Қазақстандағы экономикалық және инвестициялық белсенділікті қалпына келтіру жөніндегі шараларды қарастыра отырып, отандық фармацевтика саласын дамыту аясында 2025 жылға қарай өндіріс үлесін 50%-ға дейін ұлғайту көзделгенін айтты. Президент медициналық жабдықтар өндірісі белсенді дамып келе жатқанын атап өтіп, аталған саланың инвестициялар үшін ашық екенін және мемлекет тарапынан қолдау көрсетілетінін жеткізді.
Қазақстан • 25 Ақпан, 2021
Апаттық жүктемеге төтеп берді: Ұлттық оператор екі облыс тұтынушыларын газсыз қалдырған жоқ
Күні кеше Ресей Федерациясының аумағындағы «Союз» магистралдық газ құбырындағы апаттық жағдайға және ресейлік газ транзитінің тоқтатылуына байланысты, Ұлттық оператор – «ҚазТрансГаз» АҚ газ көлемінің толық жеткізілмегенін өтеу және Батыс Қазақстан мен Атырау облыстарының тұтынушыларын тұрақты газбен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін жедел шаралар қабылдады.
Қоғам • 24 Ақпан, 2021
Зейнетақы жинағына қандай ем алуға болады?
Биыл 2 қаңтарда ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев зейнетақы жинағының бір бөлігін мақсатты түрде пайдалануға қатысты заңға қол қойған соң, қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарын пайдалану үшін жаңартылған «жеткіліктілік шегі» жарияланғаны белгілі. Зейнетақы жинағынан алуға болатын соманы БЖЗҚ сайтынан көруге болады. Сонымен қатар зейнетақыны пайдалану бойынша медициналық қызметтердің тізімі бекітілді.