Медицина • 27 Қаңтар, 2021
Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы вакциналау азаматтардың келісімімен ерікті түрде жасалады және 18 жасқа толмаған балаларға екпе салынбайды, деп хабарлады.
Қаржы • 26 Қаңтар, 2021
Қоршаған ортаны қорғайтын кәсіпкерлікке қаржы алады
Ауыл тұрғындары Қазақстанның биоалуантүрлілігін сақтауға септігін тигізетін кәсіпті дамыту үшін несие алады.
Пікір • 22 Қаңтар, 2021
Ілкіде интернеттен араб елдерінде ауқатты қожайындардың кейбір жабайы аң-құстарды асырап, дұрысы ермек қылып отырғанын көріп таңғалатын едік. Гепард, гиена, арыстан сияқты түз тағыларын кең сарайларында ұстап, қымбат көліктеріне отырғызып алатын мұсылман елдерінің байшыкештеріне таңдайымызды қағатынбыз да қоятынбыз. Кейінірек елімізде де қасқыр, тауыс сияқты аң-құстарды коттедждерінде ұстап отырған азаматтар туралы ести бастадық. Әлбетте, әуелі тордағы түз тағысына жаныңыз ашиды. Әйтсе де ен дала еркесінің еркіндігін шектегендердің қасында шектен тыс аңшылыққа бой алдырғандар қауіпті ме, қалай?!.
Экономика • 19 Қаңтар, 2021
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Биржалық комитетіне қатысушылар тауар биржаларында экспорттаушыларға ҚҚС-ты қайтару рәсімін жеделдету мүмкіндігін талқылады.
Қоғам • 18 Қаңтар, 2021
Құрылыс саласындағы инновациялар
2020 жыл еліміздің құрылыс индустриясы үшін маңызды жыл болды. Қазақстан құрылыста еуропалық нормаларды (Еурокодтар) қолдануға толықтай көшті. Отандық құрылысшылардың беделі халықаралық аренада да нығайды: дамудың негізі ретінде ТМД елдерінің мамандары қазақстандық сарапшылардың тәжірибесін алады.
Оқиға • 13 Қаңтар, 2021
Адамгершілікке тәрбиелеу стратегиясы
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның төрағалық етуімен онлайн-форматта «Мeктeпкe дeйiн жәнe мeктeп жacындaғы бaлaлapды pухaни-aдaмгepшiлiк тұрғысынан тәpбиeлeу cтpaтeгияcын» талқылау бойынша отырыс өтті. Аталған іc-шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жас буынның әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін ескеретін жаңа әдістемелерін жүзеге асыру аясында ұйымдастырылды.
Медицина • 07 Қаңтар, 2021
Мектеп медицинасының мәселелері қаралды
Жуырда Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғинияттың төрағалығымен мектеп медицинасының проблемалық мәселелері бойынша онлайн-жұмыс конференциясы өтті. Отырысқа «Мектеп медицинасы» өңірлік бағдарламасының үйлестірушісі, аймақтардағы денсаулық сақтау басқармалары мен бейінді қауымдастық өкілдері қатысты.
Оқиға • 06 Қаңтар, 2021
«Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағында іс қызу
«Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағында бірнеше ірі жобаның құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Солардың бірі, индустриялық-модульдік құрылыс бағытындағы ModeX зауыты. Осылайша, Қазақстанда алғаш рет индустриялық модульдік үй құрылысы технологиясын енгізу басталды.
Қоғам • 06 Қаңтар, 2021
Тағы бір банк ипотекалық бағдарламаларға қатысады
Altyn Bank «7-20-25» және «Баспана хит» бағдарламалары бойынша ипотекалық өтінімдер қабылдауды бастады. Бағдарламалардың операторы – «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ.
Қоғам • 05 Қаңтар, 2021
Емделуге берілетін біржолғы зейнетақы төлемдері
Денсаулық сақтау министрлігі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі (Отбасы банкі), Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен бірлесіп, азаматтарға қосымша медициналық қызметтер алуға мүмкіндік беретін емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану ережесінің жобасын әзірледі.