Медицина • 22 Желтоқсан, 2020
Медициналық-санитарлық алғашқы көмек мәселесі талқыланды
Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Марат Шоранов ДДҰ-ның Медициналық-санитарлық алғашқы көмек жөніндегі Географиялық жағынан қашық орналасқан офисі ұйымдастырған «МСАК туралы айтсақ» атты ай сайынғы вебинар сериясын іске қосуға арналған жиынға қатысты. Саясаткерлер, денсаулық сақтау саласындағы ұйымдастырушылар, ДДҰ Еуропалық аймағының сарапшылары ай сайын алғашқы медициналық-санитарлық көмек пен оны нығайту жолдарын талқылайды.
Технология • 22 Желтоқсан, 2020
ІT-салаға экспорттық инкубатор құру ұсынылды
IT-жобаларды шетелге ілгерілету үшін экспорттық инкубаторды Назарбаев Университетінің жанынан құру жоспарлануда. Бұл ұсынысты Елбасы академиясының өзгерістерді басқару жөніндегі салалық менеджерлерді даярлау бағдарламасының «Сауда және логистика» командасының қатысушылары жасады.
Қоғам • 21 Желтоқсан, 2020
Алексей Цой волонтерлерді марапаттады
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирусқа қарсы күреске үлес қосқан волонтерлерге алғыс хат табыстады. Волонтерлер жылының жабылуына арналған онлайн марапаттау рәсіміне COVID-19 пандемиясы кезінде дәрігерлер мен медициналық қызметкерлерге көмектескен еріктілер қозғалысының өкілдері, кәсіпкерлер мен медициналық студенттер қатысты.
Экономика • 20 Желтоқсан, 2020
«САМҰРЫҚ-ЭНЕРГО» АҚ: Стратегиялық шешімдер уақыты
Қазақстанның энергетикасы заманауи әлемдік трендтер, атап айтсақ цифрландыру, энергия тиімділік, энергия үнемдеу, өндірістің экологиялық тазалығы мен «жасыл» басымдықтармен бірге өзгеріп, дамып жатыр. Осы негізгі түсініктер елдегі ірі энергия холдингтерінің бірі – «Самұрық-Энерго» АҚ-ның қызметін де сипаттап отыр.
Ғылым • 15 Желтоқсан, 2020
82 млрд теңге бөлінеді, ал жалақы – 136 мың теңге
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ADAL BILIM жобалық кеңсесінің әкімшісі Сергей Пен университет оқытушылары неге ғылыммен айналыспайтыны туралы айтты.
Экономика • 11 Желтоқсан, 2020
Агроөнеркәсіпке – алғашқы кепілдеме
Ауыл шаруашылығы министрлігі әзірлеген екінші деңгейлі банктер беретін несиені кепілдендіру тетігі енгізілді. Батыс Қазақстан облысында аграрлық саладағы инвестициялық жобаны іске асыруға банк арқылы рәсімделген несиенің алғашқы кепілдігі берілді.
Қоғам • 11 Желтоқсан, 2020
Адамдар қандай жол-көлік оқиғаларынан зардап шегеді?
Freedom Finance Insurance сақтандыру компаниясы адамдардың қандай жол-көлік оқиғасына жиі түсетінін анықтады.Жолдағы апаттардың себебі әртүрлі. Еліміздің Ішкі істер министрлігінің мәліметтері бойынша ең кең тараған түрі – жылдамдықты асыру. 2019 жылы апаттардың 34%-ы жылдамдықты асырудан болған. Сонымен қатар жол-көлік оқиғаларына ауа райының қолайсыздығы, түнде жол жүру, көлікті мас болып жүргізу де негіз болады. Бұл жағдайда жүргізушімен бірге жолаушылар, жаяу жүргіншілер, велосипедшілер немесе басқа көліктің иелері зардап шегуі мүмкін.
Білім • 10 Желтоқсан, 2020
Үздіксіз білім беру үрдісін тиімді ұйымдастырды
«COVID-19 індеті басталып, қашықтан оқыту форматына амалсыз көшкен кезде Қазақстан үздіксіз білім беру үрдісін тиімді ұйымдастыра алды. Енді пандемиядан кейінгі кезеңде білім беру процесін қалпына келтіру және сын-қатерлерге жауап бере алатын мектеп жүйесін құру үшін жағдай жасау қажет», дейді «Білім берудегі олқылықтарды қалпына келтіру және тұрақты мектеп жүйесін құру» атты онлайн-вебинар барысында Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Жан-Франсуа Марто.
Экономика • 09 Желтоқсан, 2020
Металлургиялық кешеннің құрылысына кірісті
RG Gold Ақмола облысындағы кен-металургия кешенінің толық жобалауын бастады. Оның құрылысына салынған инвестициялардың жиынтық көлемі 160 млрд теңгеден асады. «Верный Капитал» және Resource Capital Fund америкалық қоры – RG Gold компаниясының акционерлері.
Технология • 08 Желтоқсан, 2020
Қазір қалта телефонымызда қажетті дүниенің бәрі бар. Дүкенге барып сауда жасаймыз. Бұрынғыдай әмиянды ұстамайтын да болдық. Банктің несиесін де бір орыннан қозғалмай отырып-ақ өтей береміз. Банк бөлімшесіне шабылудың қажеті жоқ. Жол жүру немесе концерттік кештердің билеттерін де телефонға үңіліп отырып сатып аламыз.