Медицина • 17 Ақпан, 2021
«Аңсаған сәби»: Жасанды ұрықтандыру 7 есеге көбейді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 2021 жылдан бастап Қазақстанда «Аңсаған сәби» әлеуметтік бағдарламасы басталды. Бағдарламаның мақсаты – қосалқы репродуктивті технологиялардың (ҚРТ) көмегімен отбасылық-демографиялық проблемаларды шешуге жәрдемдесу. Осы орайда биыл Медициналық сақтандыру қоры алдын ала сомасы 6,2 млрд теңгеге 7 мың ЭКҰ циклын қаржыландыруды жоспарлап отыр. Яғни жасанды ұрықтандыру рәсімін жүргізуге квота саны 2020 жылмен салыстырғанда 7 есеге өсті, былтыр 960 млн теңгеге 1 105 ЭКҰ қызметі көрсетілген болатын.
Бизнес • 17 Ақпан, 2021
«Жаңадан реттеу» қағидаты енгізіледі
Жуырда Zoom платформасында онлайн режімде өткен баспасөз конференциясы барысында «жаңадан реттеу» қағидаты, оның ішінде бизнесті заңсыз араласудан қорғау шаралары талқыланды.
Қазақстан • 15 Ақпан, 2021
Құрғақшылықтан сақтандыратын құрылым
Еліміздің шаруалары егіс алқаптарын құрғақшылықтан сақтандыра алады. Оны үйден шықпай-ақ интернет арқылы жасауға мүмкіндік бар. Бұл үшін электронды цифрлы қолтаңба арқылы Qoldau.kz порталына кірсе болғаны. Сақтандыру құнының жартысын мемлекет төлейді.
Қоғам • 10 Ақпан, 2021
Әлеуметтік мекемелердегі әділетсіздік
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп, денсаулық мүмкіндіктері шектеулі балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін 20 мекеменің қызметіне тексеру жүргізді. Тексеру барысында қызмет алушылардың құқықтары бұзылғаны және орталықтардың қызметін ұйымдастырудағы бірқатар кемшілік анықталды.
Экономика • 09 Ақпан, 2021
«Эко-даму» бағдарламасының екінші кезеңі басталды
«Эко-даму» бағдарламасының II кезеңі еліміздің 12 облысындағы ерекше қорғалатын 28 табиғи аумаққа жақын орналасқан 771 ауылды қамтиды. Бағдарлама бюджеті – 288 млн теңге. Бағдарлама ауылдық жерлерде қоршаған ортаға зиян келтірмейтін және экожүйелерді сақтауға ықпал ететін жобаларды дамытуға бағытталған. Оған экотуризм, орман, балық, аңшылық, құс шаруашылығы, қоян шаруашылығы, ара шаруашылығы және жайылымдық жерлерді пайдалану жатады.
Оқиға • 08 Ақпан, 2021
Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күні Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы зәулім ғимарат пен құрылыста көгілдір түсті жарық қосылды. Елордада «Бәйтерек» монументі мен «Хан шатыр» сауда-ойын-сауық орталығы, Алматыда «Халық арена» спорт және мәдениет сарайы, «Алматы арена» мұз сарайы, Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры, Renion Park қонақ үйлері және MEGA Alma-Ata сауда-ойын-сауық орталығы Happy Eye шолу дөңгелегі көгілдір түсті от жақты.
Медицина • 05 Ақпан, 2021
Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Марат Шоранов Азия даму банкінің Қазақстандағы тұрақты өкілдігінің директоры Нариман Маннапбековпен және Азия даму банкінің (АДБ) Орталық және Батыс Азия елдері бойынша өкілдерімен кездесті.
Қаржы • 04 Ақпан, 2021
Инвестициялар тарту бойынша жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыс аясында тәуелсіздік жылдары елімізге 360 млрд доллардан астам тікелей шетелдік инвестициялар тартылды.
Медицина • 28 Қаңтар, 2021
Нейро-мониторинг көп қауіптің алдын алады
Пәтерінде жөндеу жұмыстарын жүргізіп көрген адамның қабырғаға жасырылған сымдарды абайсызда зақымдап алған кездері болады. Сіз бұрғылап жатқан кезде, кенеттен жарық сөніп қалды: демек, сіз сымды үзіп алдыңыз. Кез келген операция кезінде де дәл осындай жағдайлар орын алуы мүмкін, өйткені барлық жерде жасырын жүйке орналасады, бұлар оңай зақымдалады. Алайда, құлаққа жасалатын операциялар кезінде бұл аса қауіпті. Өйткені беттегі нервтердің зақымдануы – операциядан кейінгі жиі кездесетін асқынулардың бірі: әр адамның жүйке талшықтары әртүрлі жерлерде орналасады, сондықтан нервті алдын ала болжау және табу қиын.
Медицина • 28 Қаңтар, 2021
Күрделі операциялар да қолдан келеді
Елордадағы Президенттік клиникада медицина ғылымдарының докторы, урология және андрология орталығының жетекшісі, «Ресей Федерациясының Мемлекеттік ғылыми орталығы – А.И.Бурназян атындағы Федералды медициналық биофизикалық орталық» федералды мемлекеттік бюджеттік мекемесінің урология және андрология кафедрасының профессоры, уролог Павел Кызласовтың үрпі және ермүше хирургиясы бойынша айлық шеберлік сыныбы өтіп жатыр.