Саясат • 04 Желтоқсан, 2020
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде Әлеуметтік жұмыстың басым бағыттары мәселелері жөніндегі ведомствоаралық кеңестің отырысы өтті.
Оқиға • 03 Желтоқсан, 2020
Ұлттық табиғи парктерді бірлесе дамытпақ
2020 жылдың 26 қарашасында QazaqGeography республикалық қоғамдық бірлестігі мен Kaspi.kz компаниясы ынтымақтастық және серіктестік туралы меморандумға қол қойды. Тараптар қоршаған ортаны сақтау, экологиялық жағдайды жақсарту, ғылымды дамыту, заманауи инфрақұрылым қалыптастыру және ұлттық табиғи парктердің аумағын абаттандыруға бірге күш салуға келісті.
Оқиға • 03 Желтоқсан, 2020
Елордада 106 отбасы пәтер кілтін алды
Тұңғыш Президент күні Нұр-Сұлтан қаласында «Нұрлы жер» мемлекеттік коммуналдық құрылыс бағдарламасы және Қазақстан ипотекалық компаниясы мен елорда әкімдігі арасында қол қойылған келісім аясында жаңа пәтерлердің кілттерін тапсыру салтанатты рәсімі өтті. Іс-шараға қала әкімі Алтай Көлгінов және «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» АҚ басқарма төрағасы Әділ Мұхамеджанов қатысты.
Қоғам • 02 Қараша, 2020
Қазақстандық қос қорық биосфералық резерваттарға қосылды
ЮНЕСКО-ның Қазақстандағы «Адам және биосфера» бағдарламасының ұлттық резерваттар желісі екі жаңа резерватпен толықты.
Медицина • 02 Қараша, 2020
Экстракорпоральды ұрықтандыру МӘМС пакеті есебінен жүргізіледі
Қазақстанда экстракорпоральды ұрықтандыру процедурасының қолжетімділігі артты. Бұған дейін кепілдендірілген тегін медициналық көмек шеңберінде ғана жасалатын жоғары технологиялық қызметтің бұл түрі биылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакетіне енді. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Алматы қалалық филиалы хабарлады.
Медицина • 02 Қараша, 2020
Қатерлі ісікке қарсы дәрі жасады
Қазақстандық-америкалық биолог және Назарбаев Университеттің ғалымы Дос Сарбасов мутацияланған қатерлі ісік жасушаларын өздігінен жоюға мүмкіндік беретін дәрі әзірлеуді аяқтауға жақын. Оның дәрісі күшәла негізіндегі америкалық препаратпен бірге аз мөлшерде ұйқы безінің қатерлі ісігінің 95 пайызында, тоқ ішектің қатерлі ісігінің 30 пайызында және өкпенің қатерлі ісігінің 20 пайызында кездесетін KRAS-мутант жасушаларына қарсы тиімді екенін көрсетті.
Бизнес • 30 Қазан, 2020
Алматы облысы Талғар қаласында тұратын отбасы өз өңірінде ешкі сүтінің тапшылығын көріп, осы өнімді сату бойынша бизнес ашты. Кәсіпкерлік қызметін Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде іске асырылып жатқан қолдау шаралары арқылы бастаған.
Экология • 29 Қазан, 2020
Қоршаған ортаны қорғау заңнамалары қаралды
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Парламент Мәжілісінің отырысында депутаттарға Экологиялық кодекс жобасы жайында баяндама жасаған соң Ілеспе заң жобасы бойынша бірқатар кодекстерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде баяндады. Ілеспе заң жобасы шеңберінде Кәсіпкерлік, Қылмыстық, Орман, Су, Жер кодекстеріне, Рұқсаттар және хабарламалар туралы, Азаматтық қорғау туралы, Агроөнеркәсіп кешені және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік басқару туралы және Міндетті экологиялық сақтандыру туралы заңдарға түзетулер енгізу көзделеді.
Білім • 29 Қазан, 2020
Халықаралық ұйымдар оқушыларға алаңдаулы
Біріккен ұлттар ұйымының Балалар қоры (ЮНИСЕФ) Біріккен ұлттар ұйымының білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымымен (ЮНЕСКО), Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен (ДДҰ), Дүниежүзілік банкпен және жергілікті серіктестермен бірлесіп мектептердің жабылуы мен ашылуы аясында әр баланың білім, денсаулық және қауіпсіздік құқықтарын ілгерілету және қорғау бойынша вебинарлар сериясын іске қосты.
Экономика • 29 Қазан, 2020
Жол картасы бойынша жұмыс қарқынды
Жазиралы Жаркент өңірінде «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 55 жоба қолға алынған. Соның бірі – Еңбекші орта мектебі. Іргетасы 35 жыл бұрын салынған білім ғимараты шатырынан еденіне дейін толықтай жаңартылуда.